Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


-ТАРАУ СЮЖЕТТІК-РӨЛДІК ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ



Pdf көрінісі
бет80/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128
8-ТАРАУ
СЮЖЕТТІК-РӨЛДІК ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ 
БАЛАЛАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ
Жоспар
8.1 «Сюжеттік-рөлдік ойын» ұғымының мазмұны, оның балалар 
ойыны құрылымындағы орны.
8.2 Мектепке дейінгі кезеңде сюжеттік-рөлдік ойындардың 
ерешеліктері. Сюжеттік-рөлдік ойындардың мектеп жасына дейінгі ба-
лаларды дамыту мен тәрбиелеудегі маңызы.
8.3 Сюжеттік-рөлдік ойындардың құрылымы. Құрылымдық 
элементтердің сипаты.
8.4 Сюжеттік-рөлдік ойындардың даму кезеңдері мен деңгейлері.
8.5 Мектепке дейінгі мекемеде сюжеттік-рөлдік ойындарды 
ұйымдастыру (Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткованың әдістемесі).
8.1 «Сюжеттік-рөлдік ойын» ұғымының мазмұны, оның балалар 
ойыны құрылымындағы орны
Ойын – мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің жетекші 
түрі сюжеттік-рөлдік ойындар. Сюжеттік-рөлдік ойындар мектеп жа-
сына дейінгі балаларға тән ойындардың негізгі қорын құрайды. Оның 
құрамына құрылыс-конструктивтік, театрландырылған және басқа да 
ойындардың элементтері кіруі мүмкін.
Психолог Д. Б. Эльконин сюжеттік-рөлдік ойындарға мынадай 
анықтама береді: «Рөлдік, немесе мектеп жасына дейінгі балалардың 
шығармашылдық ойыны деп аталатын ойын дамыған түрде балалар 
өздеріне үлкендердің ролін (функциясын) алатын және жалпы түрде ар-
найы жасалған ойын жағдайында үлкендердің әрекетін және олардың 
арасындағы қарым-қатынасты қайталау әрекеті».
Л. С. Выготский сюжеттік-рөлдік ойындардың негізі жорамал не-
месе ойша елестету жағдаяттары, онда бала өзіне үлкеннің ролін ала-
ды да, өзі жасаған ойын жағдайында ойын амалдарын орындайды деп 
көрсетті.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі – балаларды қоршаған әлемдегі 
заттар, адамдар, табиғат, өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері. 


132
А. В. Запорожец былай деп көрсетті: «Ойын, ертегі сияқты, бала 
күнделікті әсер шеңберінен шығып, адамзат ұмтылысының және 
ерлік істерінің неғұрлым кең әлеміне ене отырып, оны өзі бейнелейтін 
адамдардың санасы мен сезіміне кіруге үйретеді».
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың өмірінде маңызды орын 
алады және баланың өзіндік іс-әрекетінің басым түрі болып саналады. 
Сюжеттік-рөлдік ойындарда амалдарды түсіну, адамдар арасындағы 
қарым-қатынасты бағдарлау, кооперацияның алғашқы дағдылары да-
миды (А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, Л. А. Венгер, 
А. П. Усова).
Еркін сюжеттік ойын – мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық 
ойын, ойында бала іштей еркіндіктің субъективтік сезімін, өзіне 
бағынышты заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді, ал 
мұндай әсер мектеп жасына дейінгі баланың өнімді іс-әрекетінің басқа 
түрлерінде бола бермейді. Сюжеттік ойын баладан нақты «өнім» талап 
етпейді. Онда бәрі «солай сияқты» болады. Бала үлкендердің кез келген 
ісін табысты істей алады, кез келген ситуацияға кіре де алады, «қалаған 
оқиғасын» басынан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық 
әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоционалды рең береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі – балаларды қоршаған орта. 
Сюжеттік-рөлдік ойындар балалардың ұйымдастырылған және 
өзіндік іс-әрекетінің әр түрлеріне қосылады және оларды дамыту мен 
тәрбиелеуде басты маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет