Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі дамытушы



Pdf көрінісі
бет106/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128
10.3 Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі дамытушы 
ортаның негізгі сипаттары
Заманауи мектепке дейін білім беру мекемесі, егер олар бұл саты-
да мамандардың жұмысын реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға 
қайшы келмесе, білім беру бағдарламаларын таңдауда, балаларды да-
мыту жағдайын жасағуда ерікті. Сонымен бірге балалардың сапалы 
білімге құқығын қамтамасыз ету үшін дамытушы ортаның негізгі сипат-
тарын анықтау қажет, олар мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық 
ұжымының жеке даралығына және оны «идеалды» мектепке дейінгі 
мекеме деген түсінікке қарамастан қарастырылуы керек.
М. Н. Полякова «Балалық шақ» бағдарламасын жасаушылар 
тұрғысынан мынадай сипаттарды бөліп көрсетеді.
Жағдайдың жайлылығы мен қауіпсіздігі.
Қамтамасыз ету жолдары: үй жағдайының тиімділігі; балалардың 
белсенділігі аумақтарының арасындағы шекараны болдырмау (ойын, 
оқу, театралдық); кеңістікті балалардың өзінің өзгерту мүмкіндігі; 
баланың іс-әрекет үшін орын таңдау мүмкіндігі; орынды түрлі жарықпен 
безендіру; жайлы орналасу үшін кілем жапқыштардың болуы және ды-
бысты сіңіру; балалардың басқа бөлмелерде өздігінен жұмыс жасауы 
үшін орын дайындау (ұйықтайтын бөлмеде, қабылдау бөлмесінде, сту-
дияларда, кітапханада).


193
Сенсорлық әсерлердің байлығын қамтамасыз ету.
Қамтамасыз ету жолдары: түстің, түрдің, шамасының
материалының көптүрлілігін бейнелейтін заттарды іріктеу. Бұл контек-
сте тұрмыстық заттар, табиғи заттар, жай материал, ойын үшін табиғи 
заттар, костюмдер, түрлі бағыттағы конструкторлар болуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік даралық іс-әрекетін 
қамтамасыз ету.
Қамтамасыз ету жолдары: кеңістікті баланың ортаға кіруіне 
мүмкіндік беретін арнайы іріктелген материалмен толтыру, әртүрлі 
әрекетті, материалдарды таңдау, қызықты объектінің айналасы-
на басқа балалармен және педагогпен бірігу. Мұның нәтижесі іспен 
шұғылданғандық, берілгендік, ұйымдасқандық, шығармашылдық ат-
мосферасын туғызу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет