Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Дамытушы ортаны жобалау. Мектеп жасына дейінгі бала



Pdf көрінісі
бет108/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128
10.4 Дамытушы ортаны жобалау. Мектеп жасына дейінгі бала 
үшін оны құру принциптері
Педагогикалық жоба – бұл жоспарланатын және іске асырылатын 
амалдардың, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қажетті шарттар мен 
құралдардың жүйесі. Мектепке дейін білім беру жүйесін жобалағанда 
мамандар оларға, білім беру бағдарламасының педагогтарының 
біліктілігіне мемлекеттік нормативтік талаптарды ғана қоймай, со-
нымен бірге мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушіні қоршаған 
ортаның қажетті сипаттарын анықтайды. Ортаны жобалау алдында 
бала тұлғасын жобалау – орта білімнің бастауыш кезеңіне көшкенде 
оның дамуының қажетті нәтижесін жобалау. Мектеп жасына дейінгі 
бала тұлғасын педагогикалық жобалау – уақытты, оның жас және 
жеке мүмкіндіктерін, жанұя мен мектепке дейінгі мекемедегі нақты 
жағдайларды ескере отырып, оны дамытудың мүмкін болатын 
нұсқасын суреттеу және жасау.
Дамытушы орта жобасы мектепке дейін білім беру жүйесінің 
әлеуметтік сұранысын ескере отырып жасалады, қарастырылып 
отырған сатыдағы мемлекеттік стандартқа сүйенеді, аймақтық, 
ұлттық, мәдени, климаттық жағдайларға қарай нақтыланады. Орта 
оның тұлғаға тәрбиелеушілік, оқытушылық, дамытушылық және 
баланың іс-әрекетіне әсері тұрғысынан қарастырылады. Мектепке 
дейінгі мекеменің дамытушы ортасына мектепке дейінгі мекеме-
де қабылданған білім беру бағдарламасының талаптары ерекшелік 
береді. Ондағы қойылған мақсаттар, міндеттер, ұсынылатын балалар-
мен жұмыс мазмұны, түрлері және әдістері оны тиімді түрде жүзеге 
асырудың қажетті (өзіне тән) шарттарын анықтайды.
Сонымен бірге, мектепке дейінгі мекеменің ерекшелігіне 
қарамастан мектепке дейін білім берудің жалпы міндетті стандар-
тында белгіленген мектепке дейінгі барлық мекемелер орындауға 
міндетті баланың даму ортасына қойылатын талаптардың нормативтік 


195
құжаттар кешені бар. Онда «балабақша орнын және алаңын заттық-
кеңістіктік ұйымдастыру баланың мүддесі мен сұранысына, ал оның 
элементтері (жабдығы, ойындар, ойыншықтар, дидактикалық ма-
териал) – оның дамуына қызмет етуі тиіс» деп атап көрсетілген. 
Топтық орындардың құрылымы балаға ойынға және ойыншықтарға, 
материалдарға еркін қолы жетуін қамтамасыз етуі тиіс. Кеңістіктің 
жабдықталуы мен ұйымдастырылуы балалардың уақытпен шек-
телмеген қозғалыс белсенділігі мүмкіндіктерін қарастыруы керек, 
баланың біріккен және жеке іс-әрекетіндегі сұранысты қамтамасыз 
етуі тиіс. Ойын бұрыштарының жиі өзгеруімен қатар іс-әрекеттің 
басқа түрлері үшін де орын алаңын жасау, зат-орынбасарлар ретінде 
пайдалануға болатындай табиғи материалдармен толықтыру керек. 
Материалдар балалардың жасына сай болуы тиіс, білім беруге замана-
уи талаптарды ескеріп толықтырылуы керек. Мектепке дейінгі меке-
меде педагогикалық процесте көптеген функциялар орындайтын ком-
пьютерлер басым орын алуы қажет. Мектепке дейінгі мекеме ортасын 
үй жағдайына жақындастыру балалардың эмоционалдық жайының 
жақсы болуына ықпал етеді, оларда сенімділік және қорғалғандық 
сезімі ұялайды.
Мектепке 
дейінгі 
мекемелерді 
аттестациялау 
мен 
аккредитациялағанда даму ортасын бағалай отырып, сараптау ко-
миссиясы «Мектепке дейінгі мекемедегі материалдық-техникалық 
және балалардың медициналық-әлеуметтік жағдайларын бағалау 
критериилеріне» сүйенеді. Критерийлер екі блокқа бөлінген. 
Бірінші блок 3 жасқа дейінгі бала үшін дамытушы ортаны бағалау 
критерийлерін құрайды, екінші блок 3 жастан 7 жасқа дейінгі бала 
үшін дамытушы ортаның критерийлерін қамтиды. 
Мектепке дейінгі мекмелердің дамытушы ортасын жобалау 
бағдары ретінде оны құру принциптері де жүреді. Мектепке дейінгі 
педагогикада оған анықтама беруде, идеялық тұрғыда негіздеуде 
және практикаға енгізуде әртүрлі көзқарастар бар. В. А. Петровский 
мен М. Н. Полякова ұсынған принциптер мазмұнын анықтаудағы екі 
көзқарасты көрсетейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет