Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Оқу білігі мен дағдыларын меңгеру ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет69/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128
Оқу білігі мен дағдыларын меңгеру ерекшелігі
Мектепке дейінгі балалық шақта балаларда оқу тапсырмаларын 
орындау үшін қажетті оқу білігі мен дағдылары қалыптасады. Бұл білік 
шартты түрде екі топқа бөлінеді – жеке оқу-танымдық білік және оқуда 
құрбыларымен өзара әрекет білігі.
Жеке оқу-танымдық білік (сенсомоторлық, сөйлеу, интеллектуалдық 
істер), олар білімді меңгеруді, практикалық білім мен дағдыларды 
қамтамасыз етеді. Оларға: байқау білігі; перцептивтік, тексерушілік 
білік; іздестіру амалдары; түрлендіру амалдары; салыстыру, жалпы-
лау, сериация, классификация амалдары; үлкеннің сөзін қабылдау және 
түсіну (есту зейіні, дыбысқа назар қою білігі, оларды саралау білігі); 
көркем сөзді қабылдау және түсіну білігі; ауызша нұсқау бойынша іс 
істеу білігі; өз сөзінде танымдық іс-әрекет нәтижелерін анық көрсету 


107
білігі жатады. Бұл білік пен дағдылар тұрақты емес және жаттығулар 
жасалмаса болмай қалады.
Оқуда құрбыларымен өзара әрекет білігі.
Оларға:
- барлық балаларға берілген тапсырманың өзіне де қатысты 
екендігін түсіну білігі. Кіші жаста жалпы тапсырманы жекелендіреді 
– барлығы қардың суретін салады: Айгерім, Әлихан, Расул, Малика, 
Рустам және т.б.;
- басқа балалардың сөзін тыңдау және есту, оны түсіну білігі 
(тәсілдері: сөйлеп тұрған баланың сөзін толықтыру, қателерін түзету, 
бір-бірінің сөзін жалғастыру, қайталау және т.с.с.);
- оқу тапсырмасын орындауды бірге жоспарлау білігі;
- жалпы қарқында, ырғақта жұмыс істеу, бәрімен бірдей үлгеру 
білігі (бұл біліктердің болмауы көбінесе үлгірмеушілікке себеп болады. 
Сонымен, мектепке дейінгі кезеңде оқу іс-әрекеті компоненттерінің 
қалыптасуы жүреді. Оқу іс-әрекеті тікелей ойыннан тумайды. Ол мек-
тепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде жүріп отырады. 
Балалардың оқу-танымдық іс-әрекетін дамыту олардың бұл әрекетке 
әртүрлі жағдайда араласуы процесінде болады. Мектеп жасына дейінгі 
баланың оқу-танымдық іс-әрекетінің анық құрылымы бар (кез келген 
жас топтарына бірдей. Сонымен бірге балалардың оқу іс-әрекеттері 
компоненттері және оларды оқыту процесінде қалыптастырудың 
өзіндік ерекшелігі бар. Оқу танымдық іс-әрекет бүкіл мектепке дейінгі 
кезеңде тәрбиешілердің балалармен сабақтарда мақсатты бағытты 
педагогикалық жұмыс ұйымдастырған жағдайда қалыптасады. Бұл 
процестегі сабақтастық мектепте оқуда жаңа жағдайға бейімделуін 
тездетеді. Оқу танымдық іс-әрекет компоненттерінің қалыптасқандығы 
мектепке дейінгі мекемеде балаларды оқытудың басты нәтижесі бола-
ды.
Балабақшада мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды оқыту 
процесінің нәтижелері туралы тақырыпты қорыта келе, оқыту нәтижесі 
– бұл процестің орындалған мақсаты. Осы мақсаттар педагогикалық 
процеске қатысушылардың біріккен бағытты мақсатты іс-әрекетінің 
оқытудың көзделген нәтижесіне қол жеткізілгендігін көрсетеді. 
Қойылған педагогикалық мақсаттар мен қорытынды нәтижелердің 
бірдей болуы оқытудың тиімділігінің айқын критерийі болады. Оқыту 
нәтижесі балалардың білімді, білікті, дағдыларды меңгеру, оқытудың 
әсерінен болған жеке басындағы өзгерістер фактілері. Бұл өзгерістердің 
барлығы үлкендермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынаста, 


108
уақытпен мөлшерленген оқыту процесінде және еркін, өз бетінше 
әрекет ету, күнделікті өмірде пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет