Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Мектепке дейінгі оқытуда оқу міндеттерінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет67/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128
Мектепке дейінгі оқытуда оқу міндеттерінің ерекшеліктері
Оқытудың алғашқы кезеңінде (кіші мектеп жасы) – оқу іс-әрекетіне 
оқу және практикалық міндетерінің бірігуі тән (үй салу – геометриялық 
кескіндердің көмегімен салу). Оқу міндетін бала практикалық жағынан 
қабылдайды. Тапсырма іс-әрекетті шешу ретінде қабылданады, 
тақырыптың мазмұнынан алыс екендігі байқалады. Мұны балалардың 
көпшілігі қабылдай алмайды, олар іс-әрекет кезеңінде нұсқауды 
естімейді. Оқу міндетін қабылдау білігі біртіндеп бөлшек тапсырмалар 
түрінде іс-әрекет барысында немесе байқау, әңгіме барысында нақты 
сұрақтар түрінде қабылданады.
Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары (өнімді 
сабақтарда);

іс-әрекет нәтижесін бағалау (өнімді сабақтарда);

сұрақтың, тапсырманың зерттелетін немесе өзгертілетін амал-
дармен үйлесуі («Қағазды умажда, қандай екендігін... айт;

сұрақтың қабылдайтын объектінің нақты көрінісімен үйлесуі 
(құсты бақылау: ол не істеп тұр, қашан шоқиди, - баланың назары амал 
сәтіне ауады).
Мектепке дейінгі жаста орта есеппен оқу және практикалық 
міндеттер біртіндеп саралана бастайды, бірақ байланыс айқын. Оқу 
міндеттерінің мазмұнына тапсырма, іс-әрекет тәсілдерін меңгеру (ба-
лалар артынан қайталап айтып беру үшін әңгімені мұқият тыңдайды) 
енгізіледі. Сабақтың басында балалар оқу тапсырмасын қабылдайды, 
бірақ сабақ барысында оны бірқатар нақты тапсырмаларға, сұрақтарға 


105
бөлшектеу керек болады. Балалар оқу міндеттерін соған ұқсас күнделікті 
жағдаяттары ауыстыруды үйренеді.
Оқу іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: оқу 
және практикалық міндеттердің байланысы; оқытудың баланың жеке 
тәжірибесімен байланысы.
Ересек мектеп жасында оқу міндеттері айқын оқу-танымдық си-
патта болады (біз схеманы пайдаланып сөйлем құруды үйренеміз). 
Мұнда білім меңгеруде ақыл-ой әрекетінің өнімді тәсілдерін меңгеру 
негізгі орын алады, шығармашылық, проблемалық сипаттағы тапсыр-
малар пайдаланылады.
Балаларға сабақ бойы барлық оқу тапсырмаларын есте ұстау қиын 
болады. Сондықтан біртіндеп оқу тапсырмалары күрделілендіріледі. 
Педагог оқу тапсырмаларын, олардың логикасын, көлемін жекелеген 
тапсырмалардан жүйеге көшіреді. Оқу тапсырмаларында балалардың 
меңгеруіне тиісті ақыл-ой және практикалық іс-әрекетті айқын көрсету 
қажет. Педагог оқу әректін талдайды, оны оқу тапсырмаларын 
түсінгендігі мен іс-әрекеттің берілген тәсілдермен арасында байланыс 
орнатады. Оқу тапсырмасы сабақ барысында қосымша тапсырмалар-
мен толықтырылады. Оқу тапсырмаларын орындағанда балалардың 
жеке тәжірибесіне, танымдық қызығушылығына сүйенген маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет