Оқулық Алматы, 012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75


Интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет98/128
Дата09.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#42019
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128
Интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштері
Бейнелік компонент
Вербалды компонент
1. 
Көпбейнелі 
қасиеттерді 
қабылдау 
қабілеті, 
заттың 
белгілері
1. Заттардың әртүрлі қасиеттерін 
санау 
қабілеті, 
олардың 
маңыздыларын анықтау
2. Бейнелік негіздегі көру есі
2. Сөйлеу негізіндегі есту есі
3. Бар зат (құбылыс) туралы бар 
түсінікті жалпылау қабілеті
3. Таныс немесе өзі сұрыптаған 
терминдердің көмегімен көптеген 
жекелегке ұғымдарды жалпылау 
қабілеті
4. 
Ойлау 
операцияларының, 
аналогияның, 
салыстырудың, 
синтездің дамуы
4. 
Ойлау 
операциясының, 
классификацияның, 
анализдің 
дамуы
5. Эвристикалық ойлау
5. Ойлаудың сыншылдығы
Мектепте оқуға интеллектуалдық дайын болу көрсеткіштеріне 
мұндай көзқарас, біріншіден, баланың интеллектуалды мүмкіндігін 
бағалағанда біржақты болып кетпеуге көмектеседі. Екіншіден, 
критерийлердің мұндай үйлесімі мектеп жасына дейінгі ойлау 
ерекшелігін ескеруге, яғни мектепке дейінгі балалық шақты өзіндік 
бағалауға мүмкіндік береді.
Мектепте оқуға баланың интеллектуалдық дайын болуын дамыту 
процесінде мынадай әдіснамалық ережелерді есте ұстау қажет:

танымның толыққанды процесін ұйымдастыруда мектеп жасы-
на дейінгі балалардың ойлау түрлерінің барлығының біртұтастығын
ассиметриялық үйлесімділігін ескеру;

мәнді тану процесінің екі аспектісі бар: логикалық-
дискурсивтік – вербалды, саналы түрде түсіну, сол сияқты интуитивтік-
иррационалдық – ойлаудың бейнелік процестеріне негізделген болжам-
мен байланысты;

ұғымның жалпылық, қайталанбас, оралымды, кезеңдік, жүйелілік, 
рефлексивтік сияқты белгілерінде көрінетін мазмұндық-нәтижелілік және 
процессуалдық жақтары бар. Ұғымның бұл қасиеттері мектеп жасына 
дейінгі балалардың ойлауында ондағы жетекші және эмоционалдық ком-
поненттерге байланысты өзіндік ерекшеліктері болады;

баланың ойлауында өзіндік доминанта жасайтын, таным 
процесіне қызығушылық пен мүдделілікті қуаттайтын оқу материалы-
на көзқарасын ескеру;


169

мектепте оқуға интеллектуалды дайын болуды дамыту әдістері 
баланың әрекетіндегі таңбалық-символикалық құралдарды ойлаудың 
бейнелік және вербалдық компоненттерін байланыстырушы буындары 
ретінде пайдалану арқылы бейненің, сөздің және әрекеттің бірлігіне 
сүйенеді;

мектепте оқуға интеллектуалды дайын болу баланың таным іс-
әрекеті тәсілдерін дамытуды көздейді.
Сонымен, танымдық іс-әрекеттің, танымдық қызығушылықтың, 
баланың ойлау тәсілдерінің жалпы даму деңгейінің бірлігі, өзін қоршаған 
дүние туралы, қарапайым оқу әрекеті туралы жүйеленген түсініктерінің 
жеткілікті қорының болуы, мектепте оқуға интеллектуалдық дайын 
болудың жоғарыда аталған көрсеткіштерін ескеру, балалардың бірінші 
сыныпта материалды меңгеруге интеллектуалдық дайын болуына 
жағдай жасайды.
Мектепте оқуға тұлғалық дайын болу баланың мектепке дейінгі 
балалық шағының соңына қарай оның жаңа әлеуметтік көзқарасына 
белсенді түрде қабылдауына және мұғалімдермен, сыныптас жолдаста-
рымен адамгершілік негізде өзара қарым-қатынас орнатуына жағдай 
туғызатын адамгершілік тәртібін, еркін, моральдық қасиеттері мен 
саналылығын дамытудың деңгейіне қол жеткізуде көрініс табады. 
Мектепке адамгершілік-рөлдік дайын болу мазмұны жеке тұлғаға 
қойылатын талаптармен және баланың көзқарасына қарай оның 
тәртібімен анықталады.
Жеке тұлғалық дайын болу ересек оқушының тұлғалық тәртібінің 
дамуының белгілі деңгейінде көрінеді. Бұл орайда басты көрсеткіш 
мектепке дейінгі балалық шақ бойы дамып келе жатқан баланың өз 
әрекеті мен тәртібін еркін басқару қабілеттілігі болып табылады.
Мектепке тұлғалық дайын болуды қалыптастыру үшін ересек 
оқушының тұлғалық тәртібінде өзіндік, жинақылық және тәртіптілік 
сияқты тұлғалық қасиеттерінің болуы маңызды.
Мектепке тұлғалық дайын болудың басқа бір маңызды компоненті
ережелерге сай баланың үлкендермен және құрбыларымен қарым-
қатынас орнату білігі болып табылады.
Мектепке тұлғалық дайын болу, сол сияқты баланың адамгершілік 
сезімі мен санасының белгілі бір даму деңгейімен (баланың 
адамгершілік тәртібінің қоғамдық маңыздылығын, өз қылықтарын 
бағалау қабілеттерінің дамуын түсінуі, жауапкершілік, әділеттілік 
сезімін қалыптастыру) сипатталады.
Мектепке тұлғалық дайын болу құрамына мектепке дейінгі 


170
баланың еңбекке көзқарасын білдіретін бірнеше қасиеттер кешені 
(еңбек етуге ынта-ықыласы, жақсы және ұқыпты орындалған 
жұмыстан қанағаттанғандық сезімі, айналасындағылардың еңбегіне 
сыйластықпен қарау, қажетті еңбек дағдыларын, өзіне-өзі қызмет 
көрсету және ұжымдық еңбек ету дағдыларын меңгеру) енеді.
Сонымен, баланың мектепке тұлғалық дайын болуы бастапқы 
жеті жылғы өмірде адамгершілік-еріктік дамудың белгілі бір 
қорытындысындай болады. Ол мектепте оқыту тұрғысынан тұлғаның 
басты қасиеттерін және баланың тәртібін қамтиды, олар жина-
лып баланың мектептің жаңа жағдайына бейімделуіне қажетті 
алғышарттарды, мұғалімге және оқушыларға тиісті қарым-қатынасты 
құрайды.
Балалардың мектепке әлеуметтік дайын болуы тұлғалықпен 
тығыз байланысты. Дегенмен бұл компонент көбінесе баланың қарым-
қатынастың, өзара әрекеттестіктің жаңа типіне дайын болуын көрсетеді. 
Оны үлкендермен еріктік-контекстік қатынас және құрбыларымен 
кооперативтік-жарыс қатынас орнатуға сұраныс, дайын болу және 
қабілеттілік деп түсінген жөн. Әлеуметтік дайын болуға сол сияқты 
баланың оған жаңа бірқатар міндеттер жүктейтін, талаптар қоятын 
және артықшылықтар беретін жаңа әлеуметтік позицияны қабылдауын 
жатқызуға болады.
Мектепке мотивациялық дайын болу әртүрлі классификацияларда
мектепке дайын болудың психологиялық, тұлғалық және әлеуметтік 
дайын болуының құраушысы ретінде жүреді. Баланың мектепке 
мотивациялық дайын болуының маңыздылығы бұл компонентті дербес 
етіп шығаруда. Мектепке көшу кезеңінде баланы басқаратын негізгі мо-
тив жүйесіне танымдық, әлеуметтік, бағалау ойын және сыртқы мотив-
тер енеді.
Оқу-танымдық мотивтер – жаңа білімге ынталылық, оқуға деген 
құлық, жаңаны білу, сабақта мұғаліммен және балалармен танымдық 
мақсатта өзара іс-әрекет жасау («Жаңаны білу үшін мектепке барғым 
келеді»).
Әлеуметтік мотивтер – баланың оқушы рөлінің қоғамдық 
маңыздылығын түсінгендігіне негізделген («Менің мектепке барғым 
келеді, себебі оқу керек және маңызды»).
Бағалау мотивтері – үлкендердің жоғары бағасын, қолдауын және 
сенімін алуға ұмтылысы («Мектепке барғым келеді, өйткені мені 
мақтайды, «бестіктер» аламын).
Позициялық мотивтер мектеп өмірінен тыс жердегі мүдделермен 


171
байланысты («Мектепке барғым келеді, өйткені онда үлкен балалар, 
маған портфель сатып әпереді» және т.б.).
Мектепке қарағанда сыртқы мотивтер («Мектепке барғым келеді, 
өйткені мамам айтты»).
Болашақ оқушылардың мотивациясында аталған мотивтердің 
бәрі дерлік қатысады. Бұл топтардың әрқайсысы бала үшін оқытудың 
мектептік сатысына көшуде жағымды мотивация жасайды. Мектепке 
мотивациялық дайын болудың көрсеткіші танымдық және әлеуметтік 
мотивтердің басымдығы болып табылады. Бұл жағдайда бала оқудың 
әлеуметтік және тұлғалық маңызын түсінеді, жаңаны білуге дайын бо-
лады және талпынады.
Сонымен, балалардың мектепте оқуға дайын болуы – бірнеше 
компоненттерді қамтитын біртұтас, кешенді білім алу. Жалпы дайын 
болу арнайы дайын болумен бірігеді. Олардың бірлігі баланың жаңа 
әлеуметтік жағдайға, құрбыларының ұжымына кіруіне мүмкіндік 
туғызады. Баланы мектепте оқытудың тиімділігі көбінесе олардың 
дайындық деңгейімен анықталады. Мектепте оқуға дайын болу – 
мектеп жасына дейінгі баланы жанұя мен отбасында тәрбиелеу мен 
оқытудың басты нәтижесі. Ол мектептің балаға қоятын талаптар 
жүйесімен анықталады. Бұл талаптардың сипаты оқушының жаңа 
әлеуметтік-психологиялық позициясының ерекшеліктеріне, оның 
орындауға дайын болуға тиісті жаңа міндеттеріне байланысты.
Мектепке дейін білім беру педагогтарына балаларды мектепте 
оқытуға дайындау процесінде біліктілік қажет және оның нәтижелерін 
анық көре білуі тиіс, бұл процесте педагогикалық іс-әрекетті байқап, 
соған сәйкес оған тиісті түзетулер енгізе алуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет