Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


-сурет. Көлбеу масштаб 257



Pdf көрінісі
бет152/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

7.4-сурет.
Көлбеу масштаб


257
Көлбеу масштабтың көмегімен арақашықтықты есептеу 
үшін ірі масштабты картадағы 
АВ
нүктелерінің ара қашықты ғын 
штангенциркульдың көмегімен өлшеп, бір ұшын көлбеу масштаб-
тың нольдік көрсеткішінің оң жағындағы толық негізінің тік 
сызығына, ал екінші ұшын нольдік көрсеткіштің сол жағындағы 
дəлдік негізге қойып көлбеу сызықпен түйіскенше төменнен 
жоғары қарай жылжытамыз. Содан кейін нөлдік көрсеткіштің сол 
жағындағы түзу жəне көлбеу сызықтарды санаймыз да масштабы-
на сай 
АВ
нүктелерінің арақашықтықтығын есептеп шығарамыз. 
Мысалы, 1:25 000 масштабты картадағы 
АВ
нүктелерінің 
арақашықтығы көлбеу масштабтың торы толық негізіне, нольдік 
көрсеткіштің сол жағындағы дəлдік негіздің 5 
100
1
бөлігіне 4 
1
10
бөлігіне сəйкес келсе оны төмендегі кестенің көмегімен жыл-
дам есептеуге болады. Осы əдісті пайдаланып 0,1мм дейінгі 
дəлдікпен ірі жəне орта масштабты топографиялық картадан кез 
келген нүктелердің арақашықтығын есептеп шығаруға болады. 
Топографиялық карталарды масштабына қарай жіктеу. 
Топографиялық карталар масштабына қарай екі үлкен топқа бөлі неді. 
Олар1:200 000 дейінгі ірі жəне 1:200 000 нан 1:1 000 000 де йін гі орта 
масштабты карталар. 1:200, 1:500, 1:1000, 1:2000 жəне 1:5000 ірі 
масштабты топографиялық пландар құрылыс-мон таж жұ мыс тарын 
жүргізуге қолданылса, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 мас штабты кар-
талар жергілікті жерде бағдарлау, əскери, оқу, гео ло гия лық барлау 
басқа өлшеу жұмыстарын жүргізу бары сын да қол данады. 
Масштабтың дəлдігі топографиялық сұлбалар (пландар) мен 
карталарда кескінделген нысандардың қайсысын алып тастау 
қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 1:10000 масштаб-
ты картада мөлшері 1 метрден кем нысандар кескінделмейді неме-
се масштабтан тыс шартты белгімен көрсетіледі. Топографиялық 
картаның масштабы онда кескінделген нысандардың іріктелуі 
мен дəлдігіне тығыз байланысты. Масштабы іріленген сайын 
оның алымы да артады. Халық шаруашылығының салаларында
ғылым мен қорғаныстың қажеттілігін өтеу үшін əртүрлі масштаб-
ты стандартты топографиялық карталар қажет.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік топографиялық 
карталары метрлік ондық жүйеге негізделген бірқатар стандарт-
ты масштабта құрылған.
17–1171


258
1:5000-1:200000 масштабтылар нағыз топографиялық
1:500 000-1:1 000 000 масштабтылар топографиялық шолу кар-
талары деп аталады. Соңғыларының дəлдігі мен нақтылығы 
нағыз топографиялық карталарға қарағанда төмен болғанымен 
жеке беттері кең көлемді аумақты қамтиды. Аталған карта-
лар жергілікті жермен жалпы танысып бағдарлау мақсатында 
қолданылады [7.1-кесте].
7.1 кесте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет