Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет20/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   292
Координаттар жүйесі. 
Картаға түсіру, сонымен қатар, 
ғылыми жəне қолданбалы міндеттерді шешу үшін геология-
да барлық ғаламшарды қамтитын жалпы жерлік жəне жеке 
аймақтарда немесе елдерде таралған референц координаттар 
жүйесі енгізілген. 
Жалпы жерлік координаттар жүйесін 
картаға түсіру, Жердің 
пішінін, сыртқы тартылыс өрісі мен оның уақыт ішіндегі өзгеруін, 
полюстердің жылжуын, Жердің айналуының үздіксіздігін 
анықтау, ғарыштық аппараттардың Жердің тартылыс өрісінде 
ұшуын басқару тағы да басқа ғаламдық міндеттерді шешу үшін 
қолданады. Осы мақсатта массасы, өлшемдері, бұрыштық айналу 
жылдамдығы тағы да басқа 
іргелі өлшемдері 
бар Жерге шынайы 
жақын болатын ғаламшардың үлгісі элипсоид жасалады. Үлгінің 
айналасындағы тартылыс өріс пен оның бетіндегі тартылыс күші 
мен отралыққа тарту күші Жер мен жер маңындағы кеңістікте бо-
латын шынайы күшке жақындатылған. 


33
Жердің іргелі өлшемдеріне электромагниттік толқындардың 
вакумдағы таралу жылдамдығы да жатады. Арақашықтық 
жарықтың немесе радио толқындардың таралу жылдамдығын 
уақытқа көбейту арқылы анықтайды. Бұл жылдамдықтарды 
ұлғай ту немесе кішірейту геометриялық арақашықтықты үлкей-
туге немесе кішірейтуді қажет етеді. Сондықтан электорма гнит-
тік толқындардың таралу жылдамдығы Жердегі геомет 
рия 
лық 
құрулардың біртұтас сызықтық масштабы қызметін атқарады. 
Мұндай элипсоидта бастауы элипсоидтың орналасқан X, 
Y, Z кеңістіктік тік бұрышты координаттар қолданылады. Z 
білігі айналу білігіне бағытталады, ал X білігі бастапқы мери-
диан жазықтығының экватор жазықтығымен қиылысында жа-
тып, Y білігімен бірге оң жүйені түзеді. Жер денесінде коор-
динаттар жүйесінің бағдарлауы үшін элипсоидтың бастауын 
Жер массасының орталығында орналастырып, бастапқы мери-
дианды Гривнич меридианымен үйлестіреді, ал айналу білігін 
оның кейбір орталық жағдайына сəйкес келетін шартты түрдегі 
жердің солтүстік полюсіне бағыттайды. Бұл Жердің айналу білігі 
уақыт өте келе Жер денесінде жұлдыздарға қатысты ығысуына 
негізделген. Жердің мұндай шартты полюсі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет