Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Полярлық əдіспен жергілікті жердің шағын бөлігінің



Pdf көрінісі
бет227/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

 Полярлық əдіспен жергілікті жердің шағын бөлігінің 
кескінін құру. 
Көз мөлшері түсіруі онша күрделі емес қарапайым əдістермен 
2-3 адам жылдам жүргізе алады. Ол таныс емес жерлермен қозғал-
ғанда қажет. Көз мөлшері түсіру жұмыстарын оқушылар мектеп 
жанындағы алаңда, туристік жорық барысында жеңіл құра алады.
Көз мөлшері түсіру жұмыстарының нəтижелерін спорттық 
бағдарлауда т.б.қолданады. Оған бекітілген тұсбағдары бар 
планшет, нысаналы сызғыш, өлшегіш, дала циркульі штатив
қарындаш пайдаланылады. Арақашықтықты адымдап өлшеп, 
затқа дейінгі бағытты кестетік құру арқылы планшетке түсіреді. 
Далада планшетті жұмысқа дайындау
. Бетінде орналасты-
рылған тығыз қағаздың оң жақ шетіне солтүстік пен оңтүстік 
бағыт көрсетілген бағдар сызық сызып, үстіне 0º солтүстікке, 
180º оңтүстікке сəйкес келетіндей етіп тұсбағдарды қойып, көк 
(қы зыл) тілі 0º көрсеткенге дейін планшетті бұру арқылы бағдар-
лай ды. Қағаздың оңтүстік шетіне адымның сандық, атау жəне 
сызық тық масштабтарын белгілейді. 
Адымның масштабын есептеу
. Адымның ұзындығын 
анықтау үшін жер бетінен 10 метрді өлшеп алып, күнделікті 
жүретін адымен біркелкі адыммен үш рет өлшеп олардың 
қосындысын үшке бөлу арқылы орташа арифмитикалық жұп 
адымды есептеп шығарады. Содан кейін бір жұп адымның орта-
ша ұзындығын анықтайды.
Адым есебімен алынған масштабты құру үшін сұлбаның 
(планның) мысалы, 1:1000 сəйкес келетін кəдімгі сызықтық мас-
штабын тұрғызу қажет. Соның негізінде 10 жұп адым 15 метрге 
сəйкес келетіндей адымның масштабы тұрғызылады.
Көз мөлшері түсіру жұмыстарының кезеңдері
. Көз мөлшері 
түсіру жұмыстарын көбінесе тұйықталған АВСDЕ көп бұрышын 


378
бағыт бойынша жүріп өту немесе айналасы жақсы көрінетін бір 
нүктеде тұрып полярлық тəсілмен жүргізіледі. Жүріп өту бағыты 
жолдар, кескіні айқын ажыратылатын сызықтық нысандардың 
бойында кедергілер кездеспейтын нысандар арқылы жүргізіледі. 
Кескіндік шысандарды алу үшін көбінесе бір нүктеде тұрып 
түсіретін полярлық тəсіл қолданылады. Ол үшін түсірілетін 
аумақтың шеткі нүктелеріне нысаналауға қолайлы екі түспен 
боялған жолақты қадалар орнатады. Содан кейін түсіру 
жұмыстарын жүргізетін аумақтың ортасындағы бірінші нүктеге 
штативті орнатып, көлденең түзу жағдайға келтіреді. Одан кейін 
планшетті қойып, жоғарыда көрсетілген тəсіл бойынша тұсбағдар 
тілінің тұрақты түрде солтүстікке бағытталуын қадағалап 
бағдарлайды да түсіру алаңының кескінін айқындайтын шеткі 
нүктелеріндегі əрбір қадаға бағыттап азимуты мен румбасын 
есептеп, арақашықтығын жұп адыммен, рулеткамен немесе дала 
циркулінің көмегімен өлшейді. Түсіру жұмыстарын жүргізіп 
болған соң алынған сандық деректерді транспортирдің көмегімен 
азимутын анықтап белгіленген масштабпен қағаз бетіне түсіреді. 
Жергілікті жердегі түсіретін аумақтың жер бедерінің ойлы 
қырлылығын, өзендер мен жолдардың иректігін, орман, тоғай 
мен батпақ шалғындар шекараларының күрделі кескінін нақты 
анықтау үшін көз мөлшері түсіру барысында құрамдасқан 
əдістерді қолданған тиімді. Өзеннің иректілігін анықтау үшін, 
өзенді бойлай перпендикулярлар тəсілдері бойынша бағыттық 
түсіру жұмыстарын жүргізу қажет. Өлшеу жұмыстарын жүргізу 
барысында түсірілетін аумақтың сұлбасына (абрисіне) белгілі 
бір бағыттағы сызықтардың көлденең бұрыштары мен бастапқы 
нүктеден немесе жүріп өтетін бағыттың бойындағы түзу сызықтан 
арақашықтығын жазып отыру қажет.
Егер кескіндейтін аумақтың бір бөлігі өзен жағалауына сай 
келсе арнайы магистральды түзу сызық жүргізіп, перпендикуляр 
əдіспен түсіреді.
Егер тура жəне кері азимуттың өлшемі 180º-қа ауытқыса, 
қажетті нүктелердің көлденең бұрыштарын қайта өлшейді, егер 
өлшемдердің ауытқу шамасы аз болса, орташа арифметикалық 
өлшемін есептеп шығарып, тура жəне кері азимутқа бөліп жа-
зады. Мысалы, 1-2 нүктенің тура азимуты 280º10’ + кері ази-


379
муты 208º 20’ тең құралдың екі жақты өлшемінің айырмасы 10 
өлшемнің ауытқуының рұқсат етілген шегіне жатады. Кері жəне 
тура азимутқа бөліп жазғанда тура азимут 28º 15’ болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет