386
сұлбадағы (пландағы) бақыланатын нүктенің орны тахометрдің
түтігін тақтайшаға бағыттағанда арақашықтығын, көлденең, тік
бұрыштары немесе өсімшелері бірден өлшенуі қамтамасыз етеді.
Жер серіктерімен байланыстырылған қазіргі заманауи та-
хометрлер нүктелердің арақашықтықтарын, координаттарын,
теңіз деңгейінен абсолют биіктіктерін автоматты түрде жылам
өлшейді.Қазіргі заманауи электронды тахеометрлер өлшенген
бұрыштар мен арақашықтықты дисплейде көрсететін, сонымен
қатар, бірден жергілікті жердің координаттарына түрлендіре
алатын микрокомпьютермен жабдықталған. Тахометрлер сəуле
түсіретін тетік жəне сəуле түсіретін тетіксіз болып екіге бөлінеді.
Сəуле түсіретін тетікті тахометрлер өз жұмысы үшін қадаға
орнатылған сəуле түсіретін тетікті қажет етеді. Сəуле түсіретін
тетіксіз тахометрлер өз жұмысында жергілікті жердегі кез-келген
нысанға шағылыса алатын қуатты лазер сəулесін қолданады.
Лазерлі сканердің
қызметі жағынан кез-келген нысанның
бұрыштары мен арақашықтығын өлшейтін сəуле түсіретін тетіксіз
тахеометрлерге ұқсас. Бірақ олар өлшеуді оператор көрсет кен бір
нүкте бойынша ғана емес бірден бірнеше бірнеше нүкте ні бірақ
өлшейді. Сканерлер лазер сəулесін көлденең жəне тік бұрыштарға
бағыттап жолында кездескен барлық нысандарды бі рақ түсіреді.
Нəтижесінде түсіру торының тығыз торлары түзі ле ді.
Достарыңызбен бөлісу: