455
бір-бірімен байланыспауы. Сызықтардың бір-бірімен үйлеспеуін бірінші
жəне соңғы нүктенің арақашықтығын ұзындық
өлшегіш құралдармен өл-
шеп алып, циркульді көлбеу масштабына қою арқылы метр есебімен анық-
тап, абсолют қателікті табады.
Топографиялық карталар -
жергілікті
жердің шағын аумағындағы
табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық нысандардың орналасу
ерекшеліктері мен негізгі қасиеттерін айқындауға мүмкіндік беретін ірі
жəне орта масштабты жалпы географиялық карталар.
Олар ірі масштаб-
ты топографиялық сұлбалар (пландар) (1:200, 1:500, 1:1000, 1:2000 жəне
1:5000), нағыз топографиялық (1:5000-1:200000), топографиялық шолу
карталары (1:500 000-1:1 000 000) деп үш топқа бөлінеді.
Топографиялық карталарды беттеу
– кең
көлемді аумақты қамтитын
топографиялық карталарды жеке беттерге бөлу жүйесі. Картаның əр
беті параллельдермен меридиандармен шектелетіндіктен кескінделген
аумақтың жер элипсоидындағы орны ішкі бұрыштаманың қиылыстарында
нақты көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: