Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Тригонометриялық нивелирлеу



Pdf көрінісі
бет287/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   292
Тригонометриялық нивелирлеу 
– екі нүктенің бір-бірінен өзара 
биіктігі катеттері А нүктесінің деңгейлік бетінің жəне В нүктесі арқылы 
өтетін ауырлық сызығының бағытын түзетін, ал гипотенузасы АВ 
сызығының беткейі болып табылатын үш бұрышты есептеуге негізделетін 
нивелирлеу жұмыстары. Жергілікті жерде жүргізілетін тригонометриялық 
нивелирлеу А жəне В нүктелерінің арақашықтықтығын мен бұрыштың 
көлбеулігі α өлшеуді қамтиды. 
Ұзындық масштабы 
– картаның шектеусіз шағын бөлігі ұзындығының 
жердің физикалық бетіндагі ұзындыққа сай келуі.
Үлгі (модель) -
бұл
 
болашақта зерттелетін нысанның қасиеттерін жан-
жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретін кішірейтіліп алынған жасанды 
кескіні. Белгілі бір себеппен нысанды зерттеу мүмкіндігі болмай немесе 
қиын болған жағдайда оның үлгісі жасалады. Географиялық карталар жер 
бетінің кеңістіктік бейнелі үлгілеріне жатады.
Шартты проекциялар 
– проекцияларға алынатын картографиялық 
тордың түрін қандай да бір қосалқы геометриялық жазықтықтың бетінде 
жобалау мүмкіндігі болмайтын проекциялар жатады. Олардың қатарына
теңдеулер жүйесін пайдалану негізінде талдау жолымен құрылатын 
жалған цилиндрлі тағы басқа проекциялар жатады.
Шкалалы микроскоп 
– 
 
оптикалық теодолиттердегі дөңгелек лимбалы 
көлденең шеңбер мен алидадалық шеңбердің көмегімен қажетті бағыттың 
бұрышының азимутының өлшемдерін алу қызыметін атқаратын құрылғы.
Физикалық (Барометрлік) нивелирлеу
 
– атмосфералық қысымды 
өлшеу мəліметтері бойынша екі нүктенің бір-бірінен өзара биіктігін 
анықтау. Барометрлік нивелирлеу жергілікті жердегі нүктелердің абсолюттік 
биіктіктігін жылдам анықтауға, сонымен қатар, таулы амақтарда жəне өте 
қатты тілімденген жер бедерін түсіруге мүмкіндік береді.
Фотокарталар
– фотобейнелермен үйлестірілген карталар. Олар-
ды дайындау үшін жергілікті жердің жеке элементтері (координаттар 
тор 
лары, горизонтальдар жазулар) немесе тақырыптық мазмұны (геоло-
гиялық құрылысы, ландшафттар т.б.) үйлестірілген фотопландар бар 
полиграфиялық көшірмелері қолданылады. Фотокарталар кəдімгі карта-
ларда қабылданған беттер қолданылып негіздері мен дəлдігі бірдей про-
екцияда құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет