105
орталық меридиан мен параллельдердің аралықтары өлшемін
алып, көрсетілген ретпен қағаз бетіне түсіреді. Меридиандардың
қисық сызықтарын параллельдердің бөліну нүктесі
арқылы көз
мөлшерімен немесе лекал бойынша сызады [2.35-сурет].
2.35 сурет.
Дүниежүзінің карталарына арналған Сансонның тең ауданды
жалған цилиндрлі проекциясының картографиялық торлары
Торды құру үшін экватордың,
меридиандар мен параллель-
дердің өлшемдерін мұғалімдерге арналған атластағы кестеден де
алу ға болады.
Француз географы Сансон өз проекциясын ХVІІ ғасырда
ұсынған. Ол оңтүстік материктері Африка, Оңтүстік
Америка
жəне Аустралияны, сонымен қатар бұрынғы КСРО-ның солтүстік-
тен оңтүстікке созылып жатқан аймақтарын кескіндеуге қолайлы.
Жеке елдер мен аймақтардың карталарын құруға арналған
проекциялар. М. Д. Соловевтің қиып өтетін көлбеу цилиндрлі
еркін проекциясы.
Бұл проекцияның карторафиялық торла-
ры параллельдер мен меридиандардың
арақашықтығын есептеу
арқылы құрылады. Қиып өтетін көлбеу цилиндрдің бір нөлдік
бұрмалану сызығы глобустың кіші шеңбері 60° параллель арқы-
лы өтеді. 60° с.е. параллель мен 100° ш.б. меридианның қиылысы
орталық меридиан ретінде қабылданған.
Қиып өтетін ци линдр дің
білігі глобустың білігін 15° үшкір бұрыш жасап қиып өте ді.
Жайылған цилиндрдегі глобустың кіші шеңберінің қиылысы
түзу сызық түрінде кескінделетіндіктен параллельдермен сəйкес
келмейді. Орталық мериданы түзу, қалған меридиандары по-
люсте түйілісетін қисық. Параллельдері концентрлі доға тəрізді
нөлдік бұрмалану сызығы 60°с.е. пен 100°ш.б. қиылысы арқылы
106
өтеді. Кіші шеңдердің солтүстігіне қарай түзу
сызықты болып
келетін орталық меридианға қатысты көршілес параллельдердің
арақашықтықтары артып, оңтүстігіне қарай жылжыған сайын
кемиді [2.36-сурет].
Достарыңызбен бөлісу: