Картографиялық торды графиктік құру əдісі
. 1:100 000
000 масштабты жиілігі ∆φ=∆λ=10º болатын теңаралық қалыпты
конусты картографиялық торына төменде көрсетілген ретпен
графиктік құрылады.
1. Еркін масштабта тордың сұлбасын тұрғызады.
2. Қосалқы сызбада (дəл болу үшін масштабты үлкейтуге де
болады)
R=
а
(1-
2
е
b
)
радиусты Жер элипсоидымен тең ауданды болатын ρ=6,37см
болатын доға жүргізіледі.
3. Шеңбердің ішінде тік жəне көлденең диаметрлер жүргізіледі.
4.
Шеңбердің жоғарғы бөлігін екі бөлікке бөледі де одан
ендіктері 47º, 62º болатын нүктелерді тауып, олардың радиусына
тік диаметрімен түйіліскенше жанасатын сызық жүргізеді. Осын-
дай тəсілмен аумақтардың ең төменгі параллельерінің де радиу-
сын анықтайды.
5. Соңғы сызбада орталық нүктеден тік түзу (орталық мериди-
ан) жүргізіп, радиустары сызбадан алынған төменгі ендіктерден
бастап барлық параллельдерді жүргізеді. Проекция теңаралық
болғандықтан орталық меридианға бағыттас бірдей қашықтықта
меридиандардың аралықтары белгіленеді.
6. Ендігі төменгі параллельдерден бастап көршілес
меридиандардың аралықтарын 10º бөледі. Параллельдер доғасы-
ның ұзындығын орта мектеп мұғалімлеріне арналған атластағы
кестеден алады.
111
7. Жүргізілетін концентрлі шеңбердің орталығынан төменгі
ендіктерден бастап параллельдерде белгіленген меридиандар
нүктелерін түзу сызықпен қосады. Сəуле тəрізді бір нүктеде
түйілісетін сол түзулер меридиан болып табылады.
8. Картаның бұрыштамаларын сызып меридиандар мен парал-
лельдердің градустарын белгілейді де, сызбаны рəсімдейді.
Картографиялық тордың тоғысу нүктелерін матема-
тикалық əдіспен есептеу жəне координаттары бойынша
құру
. Бұл əдіс төменде көрсетілген формулаларды пайдалану ға
негізделген.
x
=ρ cos δ;
y
=ρ sin δ; δ=λ sin φ
0
; ρ
0
=Rctg φ.
Мысал ретінде 52º ендіктегі үш нүктені есептеп шығарамыз.
δ=10º·0,7880=7º53’; ρ
52
=
50000000
637111700
·0,8713=9,96 см.
х
1
=9,96· cos7º53'=4,98·0,9922=9,88см;
у
1
=9,96·
sin7º53'=4,98·0,1372=1,36см;
х
2
=9,96· cos15º46'=4,98·0,9624=9,58см;
у
2
=9,96·
sin15º46'=4,98·0,2665=2,66см;
х
3
=9,96· cos23º39'=4,98·0,9160=9,12см;
у
2
=9,96·
sin23º39'=4,98·0,3969=3,76см.
Конустық проекцияны құру барысында техникалық орын-
далуы қиынға соғатын штангенциркульды көп қолдануға тура
келеді. Сондықтан ірі форматты картадағы конустық торды ко-
ординаттары есептелінген меридиандар мен параллельдердің
қилысындағы тоғысу нүктелері арқылы тұрғызады.
Картаның орталық меридианы абсцисса білігі ОХ ретінде
қабылданады; координаттың бастауы 0 жазылған конустың
шыңында орналасады; ордината білігі ОҮ абсцисса білігіне
перпендикуляр өтеді. Егер меридиандарды жақындату бұрышы
δ мен параллельдердің радиусы ρ есептелген болса жоғарыда
берілген формулалар бойынша 1, 2, 3, .... нүктелердің координат-
тарын есептемейді.
Орталық меридианға қатысты картографиялық тор симме-
трялы болғандықтан тоғысу нүктелерінің барлығын емес, тек
картаның сол жақ немесе оң жақ жартысының координатта-
рын есептеу жеткілікті. Тіпті аумақтың шеткі параллельдерінде
112
тоғысу нүктелерін есептеп, басқа барлық параллельдердің тоғысу
нүктелерін меридиандарды жүргізу барысында алуға болады. Ме-
ридиандарда параллельдердің аралықтарын белгілеп, лекалдарды
пайдаланып, оларды нүктелер бойынша тұрғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |