Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Əлеуметтік-экономикалық тақырыптық карталардың



Pdf көрінісі
бет93/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   292
Əлеуметтік-экономикалық тақырыптық карталардың 
негізгі түрлеріне шолу. Халықтар картасында 
белгілі бір 


152
аумақта мекендейтін 
 
халықтар мен олардың қызметі туралы 
жалпы деректер көрсетіледі. Онда тұрғындардың саны, орнала-
су ерекшеліктері сонымен қатар, санының өзгеруі мен қозғалысы 
туралы мəліметтер беріледі. Əртүрлі елдердегі халықтың санын
қоныстану тығыздығын көрсету үшін бұл карталарды құруға 
əртүрлі əдістер қолданылады. Алғашқы жағдайда халықтың 
орналасуы нүктелік əдіспен берілсе, екінші жағдайда əртүрлі 
кескіндеу əдістері қолданылады.
Халықтың тығыздығының картасы 
көбінесе жинақталған 
түрде картограмма əдісімен құрылады. Халықтың елдімекендерде 
орналасуы белгілеу əдісімен беріледі. Кейде бұл əдіс картограм-
мамен үйлеседі.
Бұдан басқа 
халықтың еңбекпен қамтамасыз етілу карта-
сы да
бар. Бұл карталарда халықтың экономикалық қарқынды 
бөлігінің қоғамдық еңбекке тартылуы немесе халықтың кəсіби 
құрамы көрсетіледі. Халықтың орналасуы тұрғындардың санын 
сипаттайтын елдімекендерді кескіндеумен тығыз байланысты. 
Сондықтан мұндай мазмұндағы карталар да жоғарыда көрсетілген 
карталар тобына жатады. 
Саяси жəне əкімшілік-аумақтық карталар 
ең кең таралған 
карталардың қатарына жатады. Онда мемлекеттің аумағы, 
əкімшілік-аумақтық бөлінісі, шекарасы көрсетіледі. 
Экономикалық карталарда 
шаруашылықтың жағдайы 
мен салалық құрамы кескінделеді. Бұл карталар тобының 
тақырыбының ауқымы өте кең. Олардың қатарына 
шаруашылықтың жеке салаларының, экономикалық аудандасты-
ру мен жалпы экономикалық карталар жатады. 
Соңғысында шаруашылық біртұтас сала ретінде көрсетіледі. 
Оның өзі топ тармақтарына бөлінеді. Оларға өнеркəсіп, құрылыс, 
ағаш өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы көлік жəне коммуникация 
сияқты шаруашылықтың негізгі салаларының карталары жата-
ды. Шаруашылықтың аталған топ тармақтары одан да шағын 
топшаларға жіктеліп кетуі мүмкін. 
Атап айтсақ, өнеркəсіп карталары барлық салаларын қамтитын 
жалпы өнеркəсіптік жəне металлургия, отын-энергетика, маши-
нажасау, жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі, тағы басқаларын қамтитын
басты өнеркəсіп салаларының картасы болып бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет