Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет90/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   292
3.16 сурет

Нүктелік тəсіл
Эквивалентті нүктелерді ғылыми-анықтамалық картаға 
түсіру барысында қолдану өте тиімді. Мұнда олар құбылыстың 
географиялық таралуын сақтай отырып, сандық сипаттарын 
қамтамасыз етеді. Нүктелік тəсілдің басқа түрі – бөлшектік жəне 
пайыздық нүктелер, олар құбылыстың сандық көрсеткіштері мен 
белгілі бір аумақтағы пайыздық қатынасты біріктіреді.


149
3.3. Жалпы географиялық жəне тақырыптық 
карталардың мазмұны
Физикалық географиялық тақырыптық карталардың не-
гіз гі түрлері. 
Тақырыптық карталар мазмұны мен қызметіне сəй -
кес физикалық жəне экономикалық карталарға топтастырылады. 
Геологиялық карталар 
аумақтың геологиялық құрылысын 
жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Онда тау жыныс-
тарының жасы, петрографиялық құрамы, жатыс бағыты 
ның 
жағдайы, жер қыртысының құрылысы мен қозғалысы кескінделеді. 
Меншікті геологиялық карталарда түзетін тау жыныс 
тарының 
кешенін жастарына сəйкес біріктіру қағидасын еске ріп, бейне-
леу жолымен жер қыртысының құрылысы кескінделеді. Əртүрлі 
геологиялық кезеңде түзілген тау жыныс 
тары жасына сай 
Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде қабыл данған стан-
дартты сапалық түс əдісімен көрсетіледі. Əртүрлі жастағы тау 
жыныстары бояумен қатар геологиялық жасын, түзілген эрасы 
мен дəуірін көрсететін əріптік белгілермен бейне ленеді. 
Кейбір меншікті геолгиялық карталарда магмалық жыныс-
тардың жер бетіне шығып жатқан орындарды арнайы белгімен 
бөліп көрсетеді. Жарылыс түріндегі əртүрлі тектоникалық бұзы-
лу лар, көтерулер мен ығысулар геологиялық карталарда сызықтық 
бел гілермен беріледі.
Ірі масштабты геологиялық карталарда географиялық негіздің 
элементтерінің ішінде топографиялық картаның масштабына 
сəйкес жер бедерінің горизонтальдармен кескінделуін көруге 
болады. Ұсақ масштабты геологиялық карталарда жатыс бағыты 
мен созылған бағытына сəйкес келетін геологиялық қима-
сызбалармен ғана шектеледі. Оларда изосызықтар болмайды. 
Аталған карталарға қарама-қарсы сипатта құрылатын 
карталар ға геологиялық карталардың ерекше тобы тектоникалық 
карталар жатады. Ол карталарда жер қыртысы платформалар мен 
əртүрлі жастағы қатпарлы құрылымдарға бөлінеді. Екі картада да 
негізгі кескіндеу əдісі сапалық түс əдісі болып табылады. 
Жер бедерінің ерекшелігі кескінделетін карталардың қатарына 
гипсометриялық жəне геоморфологиялық карталар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет