Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


 Жалпы экономикалық карталарда



Pdf көрінісі
бет94/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   292
153
 Жалпы экономикалық карталарда 
өнеркəсіп, ауыл 
шаруашылығы, жəне көлік кешені кескінделеді, солардың 
ішінде өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығы жетекші орын алады. 
Ауыл шаруашылығы əр ауданның маманданған бағыттарының 
ерекшеліктерін синтетикалық өңдеу арқылы көрсетеді. Ол 
үшін картада аудандардың етті-сүтті, сүтті мал шаруашылығы, 
астық, қант қызылшасын, мақта, көкөніс-бақша дақылдарын 
өсіру сияқты ауыл шаруашылығының маманданған əртүрлі 
салаларының шекарасы алдын-ала жүргізіледі. 
Ауыл шаруашылығының бағыттары картада сапалық түс 
əдісімен кескінделеді. Өнеркəсіптің жеке салалары дөңгелек 
белгілеу түрінде көрсетіледі. Ауыл шаруашылық дақылдарының 
ареалдары шекарасы пунктирмен көрсетіледі. Əр сала белгілі 
бір түспен белгіленеді. Бір қалада өнеркəсіптің бірнеше сала-
сы дамыған болса бір белгілеу бірнеше бөлікке бөлініп əртүрлі 
түспен беріледі. Белгі өлшемі өндіретін өнімнің мөлшері мен 
бағасын немесе өнеркəсіпті қалада тұратын халықтың санын 
көрсетеді. Ал белгілердің түсі сол қалада дамыған өнеркəсіп са-
лаларын көрсетеді. Картографияда экономикалық карталардағы 
өнеркəсіп салаларын көрсететін түстердің шкаласы қолданылады.
Егер өнеркəсіпті қалада бір емес бірнеше өндіріс саласы 
қатар дамыған болса белгілер бірнеше бөліктерге бөлініп қажетті 
түспен бояйды. Барлық белгілер штрихтау арқылы өнеркəсіптің 
маңызды жеке салаларын бөліп көрсетеді.
Жалпы экономикалық карталарда экономикалық байланыстар-
ды қамтамасыз ететін маңызды пайдалы қазбалардың кен орын-
дары, темір жол мен автомобиль жолдары, мұнай-газ құбырлары, 
жоғары вольтты электр желілері кескінделеді. Мұндай карталар 
Қазақстанның ұлттық атласында, мектеп оқушыларына арналған 
географиялық атласта көрсетілген [3.1-кесте].
3.1 кесте.
Қазақстанның экономикалық картасындағы өнеркəсіп 
салаларының түсі
р/с Өнеркəсіп салалары
Шартты белгілердің түсі
1
Қара металлургия 
Қызылқоңыр 
2
Түсті металлургия 
қызылсары


154
3
Машина жасау
қызыл
4
Химия өнеркəсібі
Қаракөк
5
Ағаш өңдеу өнеркəсібі
жасыл
6
Құрылыс материалдары, əйнек, 
фарфор-фаянс өнеркəсібі
сұр
7
Тоқыма өнеркəсібі
Көгілдір
8
Тері өңдеу, былғары-аяқкиім 
қоңыр
9 Тамақ 
өнеркəсібі
сары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет