225
Тарихшы Геродод (б.ж.с.д.V ғасыр) өз еңбектерінде сол
кезеңдегі дипломатиялық келіс сөздерде мыс табақлардағы
карталардың маңызы туралы жазады.
Б.ж.с.д. ІV ғасырда Жердің шар тəріздес екені туралы
Аристотольдің ілімі пайда болды . Аристотольдың ізбасары
Мессиндік Дикеарх (б.ж.с.д ІІІ ғасыр)
өз картасында Геркулес
бағаналары (Гибралтар бұғазы) мен ірі порт пен биік маяк бар
Родос аралының аралығын қосатын тірек сызығы диафрагма
жүргізді. Кейінірек Родос арқылы диафрагмаға перпендикуляр
тірек сызық жүргізе бастады. Бұл сызықтар қазіргі координаттық
тордың бастамасы болып саналады.
Б.ж.с.д. ІІІ ғасырда атақты Александрия кітапханасын
басқарған ғалым Эротосфен Египетте
Аристотельдің есептеуі
бойынша шеңберінің ұзындығы 400 000 стадий болған Жердің
өлшемін есептеп шығарды. Эротосфеннің есептеуі бойынша жер
шеңберінің өлшемі 252 000 стадий.
Б.ж.с.д. ІІ ғасырда астрономияның дамуы карталарды, со-
ның ішінде Эротосфенніңде картасын нақтылауға мүмкіндік
бер ді.
Гипарх аспан денелерінің картасы үшін жаңа проекция-
ны қолданып шеңберді 360 бөлікке (градусқа) бөледі. Б.ж.с.д.
ІІ ғасырда глобус пайда болды Алғаш рет құрылған Картестің
глобусы шар тəріздес болып,
онда бірі экваторды, екіншісі мери-
дианды бойлай орналасқан екі мұхит жəне олардың аралығында
төрт құрылық бейнеленді.
Картографиялық жəне географиялық ғылыми деректер ІІ
ғасырда өмір сүрген Александрияның математик, астроном
жəне картограф ғалымы Клавдий Птоломейдің (90-168 жж)
еңбектерінде жан-жақты берілген. Ғалымның «Географияға
басшылық» атты еңбегі мен онда берілген 27
карта он төрт ғасыр
бойы қолданылды [6.1-сурет]. Птоломей Жерді картографиялық
кескіндеудің басты географиялық міндетін (бүкіл жер бетін бір
суретте кескіндеу) орындады.
15–1171