228
Араб географтары əл-Идриси (1150 жылдар шамасында)
мен Ибн əл-Вари (ХІІІ ғасыр) карталарының Птоломейдікіне
қарағанда артықшылықтары болды. əл-Идрисидің картасында
Қазақстан, Орта Азия, Скандинавия,
Балтық теңізі, Двина, Днепр,
Дон, Еділ, Жайық, Амудария, Сырдария, Енисей, Амур өзендері,
Алтай таулары, Тибет, Син жəне Үнді елдері кескінделген.
Қытайда картографияның дамуы баяу жүрді. Аумағы ірі елді
басқару мен сыртқы жаулардан
қорғайтын жеке аймақтарға
географиялық сипаттама беріп, олардың картасын құруға деген
қажеттілікті арттырды. ІІІ ғасырдың өзінде сол материалдардың
негізінде Қытайдың картасы құрылды. Оның авторы Пей Сю
Қытай картографиясының атасы саналады.
VІІІ ғасырда Аспан
асты империясы жəне көршілес жатқан елдердер мен теңіздердің
масштабы шамамен 1:1 500 000 болатын карталарына Қытай
картографтары Азияны толық енгізді. Қытай карталарының
математикалық негізін шаршылы тор атқарды. Картаның са-
лыстырмалы дəлдігін ІХ ғасырдан
бастап белгілі болған
тұсбағдардың көмегімен анықталды. Ағаштан ою арқылы карта-
ны басып шығару Х ғасырда басталды.
ХІ-ХІІ ғасырдағы крест жорықтары Еуропаның Жерорта теңізі
арқылы шығыспен саудасын жандандырып, оған Италияның Ге-
нуя, Венеция, Испанияның Барселона қалалары ұйтқы болды.
Сол кезеңде теңізде жүзу қажеттілігіне
тұсбағдар мен арнайы
навигациялық теңіз карталары – портолондар (италян тілінде
porto -
айлақ, пристань) жатады. Портолондар басқа карталардан
математикалық негіздерінің құрылу ерекшеліктерімен ажыра-
тылды. Ол көкжиектің негізгі жəне аралық бағыттары солтүстік,
солтүстік-шығыс, шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, оңтүстік-
батыс, батыс, солтүстік-батысты анықтайтын сегіз сызықтар то-
рынан тұрады жəне желдер деп аталды.
Кеменің жүзетін бағыты курсын анықтау үшін
қолданылатын
бірін-бірі қиып өтетін жоғарыда аталған торлар карталарда
бірнеше нүктелерде тұрғызылды. Портоландарға тəн белгілерінің
біріне теңіздердің жағалау сызықтарының айқын көрсетілуін
жатқызуға болады.
ХVІ ғасырда сауда қатынастары Жерорта теңізі шегінен
шығуына байланысты екі теңіз айдынының
портолондары құрыла