Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет284/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   292
454
Пунсондар 
– ұсақ масштабты карталарда елді мекендерді пішіні 
дөңгелек шартты белгі мен кескіндеу. Пунсондардың мөлшері елді 
мекендердің халқының санын, ішіндегі бояуы мен аттарының жазылу 
мақамы қалалардың саяси-əкімшілік қызметін көрсетеді.
Референц-эллипсоид 
– Жер бетінің белгілі бір телімдерінде, жеке не-
месе бірнеше елдерде геодезиялық қажеттілікке қолданылатын Жер бетінің 
(нақтырақ айтқанда геойдттың) пішінін айналу элипсоидына жақындату. 
Қазақстан мен Ресейде 1946 жылдан бастап Красовскийдің эллипсойды 
қолданылады. 
Референцті координаттар жүйелері 
– белгілі бір аймаққа сəйкес 
келетіндіктен жекелеген аумақтарда немесе мемлекеттерде реферец-
элипсоидтың көмегімен орнатылатын координаттар жүйелері.
Румб 
– белгілі бір нүктемен жақын жатқан біліктік меридианның, 
нағыз немесе магниттік меридианның арасында түзілген 90°-тан аспайтын 
бұрыш. Ол r əрпімен белгіленеді.
Салыстырмалы биіктік

 
жергілікті жердегі екі нүктенің бір-бірінен 
биіктік айырмасы.
 
Сандық жинақтау 
– бұл картаның масштабына, мазмұнына, 
қамтылатын аумақтардың ерекшелігіне сай географиялық нысандарды 
іріктеп санын азайту мақсатындағы картографиялық жинақтауды. 
Сапалық жинақтау 
– картаны құру барысында бір текті құбылыстар 
мен нысандарды, оларды айқындайтын қасиеттің санын азайту. Сапалық 
жинақтауға бір текті құбылыстар мен нысандардың, құбылыстарды айқын-
дайтын қасиеттердің санын азайту жатады. 
Стратоизогипстер 
– Жер қыртысының құрылысын сипаттайтын 
геологиялық карталарда шөгінді жыныстардың қандай да бір қабатттарының 
қалыңдығын көрсететін қисық сызықтар.
Столүсті баспа жүйесі базасындағы компьютерлік технологияла-
ры 
– файлды басып шығаруға дейінгі дайындаудан, ЭЕМ ақпараттарды 
енгізуден бастап түрлі-түсті позитивтерді шығаруға дейінгі барлық 
жұмыстарды қамтитын қуатты технологиялық кешен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет