Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Карталардың ғылыми-тəжірибелік маңызы



Pdf көрінісі
бет3/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Карталардың ғылыми-тəжірибелік маңызы. 
Карталар 
шағын аумақтан бастап бүкіл жер шарын тұтас қамтып шолу 
жасай алатын бірден-бір оқыту құралы болып табылады. Ол 
кескінделген құбылыстардың кеңістіктік кескінін жасап, қажетті 
мөлшерде сандық жəне сапалық сипаттарын сақтайтындықтан, 
қамтылған нысандардың координатын, ұзындығын, ауданын, 
көлемін, биіктігін, олардың үйлесімділігін, бір-бірімен өзара бай-
ланысын, ерекшеліктері мен таралу заңдылықтарын анықтауға 
мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған қасиеттер картаның маңызы 
мен құндылығын анықтайды. Сондықтан географиялық карта-
ларды іс жүзінде пайдаланудың төмендегі басты бағыттарын атап 
көрсетуге болады:
– жергілікті жерге, ауданға, елге бармастан олармен картаның 
көмегімен жалпы танысу;
– жергілікті жерде, құрлық пен мұхит бетінде əскери құра ма-
лардың қозғалу барысында, туристік жорықтарда, навигация мен 
моторлы көліктер үшін картаның көмегімен бағдарлау арқылы 
оны жолбасшы ретінде қолдану
– картаны көліктік, энергетикалық, өнеркəсіптік жəне ауыл 
шаруашылық, құрылыстарды инженерлік жобалау, сонымен 
қатар, аудандық жоспарлау, экономика мен мəдениетті дамыту-
ды жоспарлау, ең тиімді автомобиль мен темір жолдар, құбырлар 
құрылыстарын салу барысында пайдалану; 
– картаны орта мектептер мен жоғары оқу орындарында білім 
көзі, сонымен қатар, ғылыми білімді насихаттау, халықты туған 
елімен, басқа мемлекеттермен таныстыру, жалпы мəдениетін 
көтеру құралы ретінде қолдану. 


5
Əскери істе əскери құраманы басқарып олардың қозғалысы 
мен іс əрекеттерін ұйымдастыруда карта жергілікті жер туралы 
мəлімет беретін негізгі ақпарат көзі болып табылады. 
Қазіргі нарықтық-экономикалық қатынас жағдайында табиғат 
байлықтарын шаруашылықтық мақсатта тиімді пайдаланып, 
географиялық орта жағдайларын қалпына келтіру, экологиялық 
тепе-теңдігін сақтау, өндіргіш күштерді тиімді орналастырып
экономикалық аудандардың кешенді дамуын қамтамасыз ету 
мəселелерін шешу сапасы жоғары карталарды дайындауды қажет 
етеді.
Карталардың ғылыми-зерттеу құралы ретінде, əсіресе, 
географиялық зерттеулердегі маңызы өте зор. Əрбір геогра-
фиялық зерттеулер қолда бар карталарға негізделіп, жинақталған 
жаңа материалдар арқылы толықтырылып одан əрі жетілдіріледі. 
Геология, геоморфология, климатология сияқты білімнің 
бірқатар салаларында карталар негізгі зерттеу нысаны ретінде 
қолданылады. Зерттеулердің нəтижесінде жергілікті жердің 
геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалардың таралу заңды-
лықтарын анықтап, оларды табуға жол ашатын білімнің жиынтығы 
геологиялық картаны құру болып табылады. 
Ғылыми-техникалық прогресс қарқынының артуына сəйкес 
картаны ғылыми зерттеу құралы ретінде қолдану аясы да 
кеңеюде. Қазіргі ғылымға үлгілеу əдістерінің қарқынды енуі 
қандай да бір нақты зерттеу мақсаты үшін маңызды, шынайы 
əлемге тəн қасиеттер мен үрдістерді жан-жақты ашып көрсететін 
жинақталған кеңістіктік бейнелі картографиялық үлгісін құруға 
мүмкіндік берді. Карталар жаңа білім алуға, көптеген үрдістер 
мен құбылыстарды оқып-үйреніп, дамуын болжауға мүмкіндік 
береді. Картаны ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолдану 
əдістерін жасау, қазіргі картографияның маңызды міндеттерінің 
бірі болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет