Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Батыс жəне шығыс жарты шарлар карталарының проекцияларын



Pdf көрінісі
бет71/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   292
Батыс жəне шығыс жарты шарлар карталарының проекцияларын 
айқындауға арналған анықтағыш
Проекциялар тобын меридиандар (орталықтан басқа) параллельдедің 
пішіндері бойынша анықтау
меридиандардың 
пішіні
қисық
доға тəрізді
қисық
параллельдерінің 
пішіні
қисық
доға тəрізді
түзу
Проекциялар 
тобы
Постельдің 
көлденең 
азимутты немесе 
Ламберттің 
көлденең 
азимутты
стереографиялық 
көлденең 
азимутты немесе 
Арроусмиттің 
глобулярлы 
азимутты
ортографиялық 
көлденең 
азимутты 
2 орталық меридианмен салыстырғанда көршілес параллельдер 
аралықтарының орталығынан алыстаған сайын өзгеруіне қарап 
проекцияның түрін анықтау
Аралықтары тең 
Постельдің 
көлденең 
азимутты
Арроусмиттің 
глобулярлы 
азимутты
Аралықтары 
екі есеге жуық 
артады
стереографиялық 
көлденең 
азимутты
Аралықтары 0,7 
есе кемиді
Ламберттің 
көлденең 
азимутты
Картографиялық проекцияларды таңдау қағидалары

Картаны құрар алдында картографиялық проекцияны дұрыс 
таңдау міндеті тұрады. Оны шешуде кескінделетін аумақтың 
өлшемі, олардың пішіні мен географиялық орны, картаның 
атқаратын қызметі мен кейбір басқада жағдайлар ескеріледі. 
Өлшемі əртүрлі аумақты кескіндеу үшін қолданылатын про-
екцияларды қарастырайық. 3.9-кестеде көрсетілгендей, жер 


117
шарының барлық бөлігін кескіндеу үшін ұсақ масштабты карталар-
ды құруға көп конусты, цилиндрлі жəне жалған цилиндрлі проек-
циялар қолданылады. Солтүстік жəне оңтүстік жарты шарлардың 
қалыпты азимутты, ал, шығыс жəне батыс жарты шарлардың 
көлденең азимутты проекциямен құрылатыны көрсетілген. 
3.10-кестеде жоғарыда аталған карталарға Ареусмиттің глобуляр-
лы (шарлы) азимутты проекциясы да қолданылатыны айтылған. 
Қазіргі Ресейдің, Қазақстанның жəне ТМД елдері аумағын 
негізінен конустық проекциямен құрылады. Оны басқа мемле-
кеттер мен олардың жеке бөліктерін кескіндейтін карталарға да 
қолданады. Бірақ елді картада кескіндеу барысында аумағының 
пішінін де ескереді. Меридиандарды бойлай созылып жатқан елде-
рді көп конусты немесе көлденең цилиндрлі, аумағының пішіні 
дөңгеленген елдерді азимутты, ал экватор маңындағы мемлекет-
терді цилиндрлі жəне жалған цилиндрлі проекциямен кескін дейді. 
Картаның атқаратын қызметі де құратын проекцияға əсер етеді. 
Егер карта салыстыру немесе ауданды өлшеу қызметін атқарса 
тең бұрышты проекциялар тобын таңдайды. Ұзындықты, ара-
қашықтықты өлшеуді, бағытты анықтауды көздейтін картомет-
рия лық жұмыстар үшін ұзындықтың бұрмалануы болмайтын про-
ек 
цияларды таңдайды. Мысалы, авияциялық сапарлардың ба 
ғы-
ты көрсетілетін карталарды құруға орталығынан барлық ра 
диус-
тарының аралықтары тең болуымен ерекшеленетін Пос 
тель 
дің 
теңаралық көлбеу азимутты, ал теңіз карталарын құруға Мер катор-
дың тең бұрышты қалыпты цилиндрлі проекциясын қол данған тиім-
ді. Мектептің география пəнінің мұғалімі өз жұмы сын да қолжаз ба 
карталарын түсіндіруіне тура келеді. Карто гра фия лық проекцияны 
сипаттау барысында есептеулерінің қара 
пайымдылығын еске 
ріп, 
қолжазба карталарды пайдалану мүмкін дік терін түсіндіреді.
Дүние жүзінің карталарын Анаксимандрдың теңаралық қа-
лыпты цилиндрлі, шығыс жəне батыс жарты шарлардың карта сын 
Аррусмиттің глобулярлы шарлы проекциясымен құруға бо ла ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет