130
қасиеттердің санын азайтады. Мысалы, əрбір оқшауланған орман
алқаптарының ерекшеліктерін айқындайтын бірқатар қасиеттер
болады. Олар:
– орман алқабы белгілі
бір аумақты қамтып жатады, өзіне
тəн пішіні, геоботаникалық тұрғыдан ағаштардың белгілі бір түрі
басым болады;
– орман ағаштары жасымен, санымен,
орташа биіктігімен,
орташа диаметрімен сипатталады.
Орман ағаштарын кəсіпорындар əртүрлі мақсатта қолданады.
Ұсақ масштабты карталарда аталған қасиеттерінің біразы ғана
іріктеліп алынады. Өйткені масштаб кішірейген сайын нысандар
мен құбылыстардың көрсеткіштері де азаяды.
3.3 сурет.
Масштабы əр түрлі картада
жер бетері элементтерінің
жинақталуы
Ғылыми тұрғыдан дұрыс жинақталған жағдайда картаның
мазмұнының сапасы артады. Картографиялық кескіндеудің дұрыс
жинақталуын, картаға
дұрыс баға берілуін ескеру, іс жүзінде
пайдалану барысында қамтылған аумақ жөнінде дұрыс
түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік береді.