Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет82/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

134
3.5-сурет

Антрактиданың физикалық картасындағы биіктік жəне 
тереңдік шкаласы мен жер бедерінің изогипспен жəне қабатты бояулармен 
кескінделуі
Географиялық карталарда елді мекендердің кескінделуі

Елді мекендер жалпы географиялық карталардың мазмұнының 
маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Көптеген елдімекендер саяси-
əкімшілік, экономикалық, мəдени орталықтар болып табылады. 
Ұсақ масштабты карталарда қалалар пішіні дөңгелек пунсон-
дармен кескінделеді. Елді мекендер картаның масштабына сай 
маңызына қарай іріктеліп алынады. Халық тығыз қоныстанған 
аймақтарда елді мекендердің 2-4%-ы, сирек қоныстанған 
аймақтарда барлығы картада кескінделеді. Пунсондардың мөлше-
рі мен ішіндегі елді мекендердің халқының санын, ішіндегі боя-
уы мен аттарының жазылу мақамы қалалардың сая си-əкімшілік 
қызметін көрсетеді. Саяси əкімшілік мəні бар қала лар дың атының 
асты толық немесе үзік сызықтармен сызылады. Астаналар ар-
найы боялған пунсондармен ерекшелендіріп көр сеті леді.
Қатынас жолдарының картада кескінделуі

Қатынас 
жолдарының бес түрі - құрлық, өзен, теңіз, құбыр, əуе көліктерінің 
ішіндегі бастапқы үшеуі жалпы географиялық карталар-
да кескінделеді. Жалпы географиялық карталарда қамтылған 
аумақтың қатынас жолдарымен қамтамасыз етілуі мен көліктің 
құрылымдарын ашып көрсетуге тырысады. Автокөліктен темір 


135
жолдың экономикалық маңызы жоғары болғандықтан эконо-
микасы жақсы дамыған аудандарда темір жолды сол қалпында 
кескіндеп, автомобиль жолдарын мүмкіндігінше көп жинақтап 
тек маңызды автомагистральдар ғана көрсетіледі 
Жалпы географиялық карталарда кескінделген құрлық жолда-
ры маңызына қарай төмендегі топтарға бөлінеді [3.6-сурет] :
магистралды, маңызды жəне басқа темір жолдар;
– магистралды, басты жəне басқа автомобиль жолдары; 
Ұсақ масштабты шолу карталарында құрлық жолдарының 
ерекше бөліктері асулар мен тоннельдер көрсетіледі. Шолу карта-
ларында теңіз айлақтары мен маңызды темір жолдары пунктирмен 
көрсетіліп, теңіз айлақтары ерекше белгі якорьмен көрсетіледі. 
Маңызды теңіз жолдардың бағытының бойына жалғастыратын 
порттардың аты мен қашықтығы жазылады. Ерекше белгілермен 
теңіз паромдары мен олар жалғап жатқан қалалары жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет