132
Тақырыптық
карталардың
географиялық негіздері
тақырып-
тық картаның арнайы мазмұнына кіретін құбылыстар мен
нысандардың орналасуын бағдарлау қызметін атқарды. Тақы-
рып
тық карталардың географиялық негізінің элементтерін
таң
дағанда олардың тақырыптың арнайы мазмұныны
құрайтын құбы
лыстармен байланысы ескеріледі. Сондықтан
климат картала
рында географиялық
негізге жер бедері,
геоморфологиялық карталарда төрттік мұзбасулардың шекара-
сы кіреді.
Тақырыптық карталарда құбылыстардың абсолюттік жəне
салыстырмалы өлшем бірліктері беріледі. Абсолюттік өл-
шем бірліктеріне ауылшаруашылығына жарамды жерлер
дің
га есебімен алынған ауданы, үй жануарларының саны, ақша
бірлігіне шаққандағы өндірілген өнеркəсіп
пен ауыл
шаруа-
шылық өнімде рі, жауын-шашынның мм есебімен алын ған
мөл шері жатады.
Тақырыптық карталарда көрсетілетін салыстырмалы шама-
лар ға ел аумағындағы ауылшаруашылығына пайдаланылатын
жерлердің үлес салмағы, бір жылда өндірілген белгілі бір өнер-
кəсіп өнімінің елімізде өндірілген барлық өнеркəсіп
өнім дері-
не қатысты үлес салмағы жатады. Тақырыптық картаның маз-
мұнын ашу үшін
ареал, сапалық түс, нүктелік, изосызықтар,
бел
гілеу, жеке диаграмма, картограмма, картодиаграмма,
қоз ғалыс белгілері
əдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: