Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Топографиялық карталардың жеке беттері бұрыштама-



Pdf көрінісі
бет156/292
Дата06.10.2023
өлшемі11,51 Mb.
#113253
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   292
Байланысты:
tokpanov-kartografia

Топографиялық карталардың жеке беттері бұрыштама-
ларының сипаты мен безендірілуі. 
Топографиялық карталардың 
бұрыштамасы мен бұрыштама сыртының безендірілуі қабыл-
данған стандарттың белгіленген үлгісіне сəйкес жасалады. Топо-
графиялық карталарда ішкі, минуттық жəне сыртқы бұрыш та-
малар болады. 
Ішкі бұрыштама
. Топографиялық картада қамтылған 
аумақты шектейтін 
ішкі бұрыштама
түзетілген меридиандар мен 
параллельдер доғасының трапециясын түзеді. 
М е р и д и а н -
дар мен параллельдер қилысатын трапецияның төрт бұрышында 
картаның бетінде қамтылған аумақтың географиялық коорди-
наттары жазылады. Оның үстінде географиялық ендігі астында 
географиялық бойлығы белгіленеді [7.5-сурет].

Минуттық бұрыштама
. Сыртқы жəне ішкі 
бұрыштамалардың аралығындағы тең бөліктерге бөлінген қалың 
жəне жұқа сызықты негіздерге бөлінген арақашықтығы бірдей 
əр бірі 10
// 
тең болатын 6 нүктеден тұратын негіздерді 
минуттық 
бұрыштама
деп атайды.
7.5 сурет
.
Топографиялық картаның минуттық бұрыштамасын пайдала-
нып А нүктесінің географиялық координатын анықтау
Минуттық бұрыштама картада қамтылған аумақтағы 
нысандардың географиялық координатын анықтау қызметін 


263
атқарады. Солтүстік жəне оңтүстік минуттық бұрыштамалардағы 
нүктелердің көмегімен қажетті нысанның географиялық 
бойлығын, батыс жəне шығыс минуттық бұрыштаманың 
көмегімен географиялық ендігін анықтайды.
Минуттық бұрыштаманы пайдаланып, картадағы 
А 
нүктесінің 
географиялық ендігі 
ϕ
анықтау үшін аталған нүктеден батыс
немесе шығыс минуттық бұрыштамасын қиып өтетін көлденең 
түзу сызық жүргізіледі де оңтүстік бұрыштамамен батыс немесе 
шығыс бұрыштаманың қилысынан бастап А нүктесін қиып өтетін 
көлденең сызықтың батыс (шығыс) минуттық бұрыштамамен 
қилысына дейінгі минуты мен секунтын санап, оңтүстік жəне 
батыс (шығыс) бұрыштамадағы географиялық ендіктің сандық 
көрсеткішіне қосып жазады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   292




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет