115
Аралықтары екі есеге
жуық артады
Меркатордың
қалыпты цилиндрлі
Аралықтары кемиді
Урмаевтің
жалған
цилиндрлі
Солтүстік (оңтүстік) жарты шарлардың карталары үшін ази-
мутты проекциялар құруға Постельдің теңаралық, Ламберттің
тең ауданды жəне Аполлонидің
теңаралық азимутты проекция-
лары қолданылады. Оларды полюстер алыстаған сайын парал-
лельдер аралықтарының өзгеруіне қарай жеңіл анықтауға бо-
лады. Пішіні, өлшемі мен географиялық орны жағынан мате-
риктер мен мұхиттардың бір-бірінен айырмашылықтары бар.
Сондықтан Жер бетінің жоғарыда аталған бұл ірі бөліктерінің
картографиялық проекциясын анықтауды
картада қандай мате-
рик немесе мұхит кескінделгенінен бастау қажет. Содан кейін
поляр маңындағы Антарктида материгінің карталары қалыпты
азимутты проекцияда көбінесе Постельдің тең аралық немесе
Ламберттің тең ауданды қалыпты азимутты проекцияларында
кескінделетінін табады. Оларды
картаның шетіне қарай полю-
стен алыстаған сайын параллельдер аралықтарының өзгеруіне
(Ламберттің тең ауданды қалыпты азимутты проекциясында) не-
месе өзгермеуіне (Постельдің теңаралық қалыпты азимутты про-
екциясында) қарап таниды [2.9-кесте].
Африканың картасы көбінесе Ламберттің тең ауданды
көлденең азимутты проекциясымен құрылады. Еуропаның кар-
талары үшін кейде Каврайскидің
немесе Красовскидің қиып
өтетін конустағы қалыпты конусты проекциялары қолданылады
[2.10-кесте]. Қазіргі Ресей мен Қазақстанның карталары көп
жағдайда Каврайскийдің немесе Красовскийдің қиып өтетін
конустағы қалыпты конусты проекцияларымен құрылады.
Бұрынғы КСРО-ның оқу карталары үшін Соловьевтің қиып
өтетін
цилиндрдегі көлбеу цилиндрлі, сонымен қатар, ГАжКОҒЗИ-
ың картографиялық торы симметриалы емес шартты проек-
циялары да қолданылады. Соңғы екі карта торларының сыртқы
кескінінен жеңіл танылады. Ал Каврайский
мен Красовскийдің
проекцияларын ажырату үшін төменде көрсетілген тəсілдер
қолданылады: бойлық айырмасы 30º-40º кем болмайтын екі мери-
116
диан аралығының белгілі бір параллель қилысынан солтүстікке
қарай 90º ендікпен түйілісетін нүктеге дейін меридианның
бағытымен сызғышпен түзу өлшеп алып, қилысатын градустар
санын бағалап меридиандар түйілісетін нүктелерді белгілейді.
3.10 кесте.
Достарыңызбен бөлісу: