Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет117/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   140
Содан бері бірталай заман өтті,
Алашты улай-улай жаман өтті.
Тұлпар-тулақ, ел арып, аруақ боп,
Сарыарқа сайран жердің сəні кетті.
Жолбарыстар жортатын сар далада,
Қорсылдаған доңыздар мекен етті.
Жалғыз-ақ Оқжетпестің қиясында,
Шөккен қарт күн шығысқа түзеп бетті,
Көп заман талмай-тозбай тау басында,
Алаштан Кенекемдей бір ер күтті.
Ел арысы Кенесарының Оқжетпес қиясында ойға беріліп
аруақпен сырласып нық шешімге келгені жайлы шындығынан 
аңызы басым бір сəттік оқиғадан ақын биікті шарлаған іргелі ой 
туғызады. Ұрпақ жүрегіне от жағып, санаға сəуле құяды. 
“Ертегі” поэмасында ақын өзіне тəн тəсілі – өз жайынан белгі 
беруден бастайды. Тағы қайталап айтарымыз, Мағжан қаламынан 
жаралған əр туынды оның жанымен жарасып, жүрегімен үндесіп 
кететіндігі. Бұл – Кенесары жырына дайындық іспетті поэма. 
Ақынның поэма жанрындағы алғашқы талпынысы ғана емес, “тіл 
кісендеулі” заманда қиял, аңыз, ертегі жəне т.б. астастыру арқылы, 
түсінер жанның түйсігіне жетер терең ойды сыналап беріп, санаға 
ендіру тəсілін игерудегі алғашқы қадам. Айтарын ашып айта 
алмаған ақын тордағы арыстандай аласұрады. Көкейдегі кермек ой 


356
қалайда сыртқа шығуға тиіс. Ол жырға айналуы, жыр болғанда өксік 
емес, өзегінде шоқ жатқан, үп етсе отқа оранар отты жыр болуы 
тиіс. Көкіректің гөй-гөйін шертер күй, дастанның құлақ күйін қалай 
келтірмек?! Кенет, міне, табылды. Ол – есте қалған, ертегінің елесі, 
сананың аялаған аңызы. Ақынның ашынған жаны содан байыз та-
бады, қиыннан қиыстырған “қызығына” жұбанады. Шым-шытырық 
дүниеге шым-шымдап шындық енгізеді.
Бүгін жаным өртке оранған жанға ұқсап,
Бүгін жаным тым аңсады от құшақ.
Жынды жүрек тығылады аузыма,
Тілім-тілім тілсе келіп у пышақ…
Аласұрад, жынданады жас жүрек,
Қарақ керек, Арақ керек! Не керек!
Бəрі де жоқ, жалғыз жолдас – қиялым,
Жұбатады айтып маған тəтті ертек.
Ертегінің бас қаһарманы – Кенесарының Көкжал ұрпағы Сыздық. 
Бірақ бұл – Абылайдың арыстан заманы, Кененің қабылан заманы 
өтіп, ел азып, ер арыған заман. Ел рухын көтере алмай, көкжал 
Сыздықтың түзде жортқан заманы.
Алты алаштан алты адам ермеген…
Алаш сорлы келешегін көрмеген.
Орыс алды, қимылдаған қазақ жоқ,
Қайран Сыздық құса болды шерменен.
Қайран Сыздық елден үміт үзеді,
Жап-жас Сыздық елден, үйден безеді.
Жатып өлмей, жортып жүріп өлем деп,
Түркістанның бетпақ шөлін кезеді.
Мағжан поэманы неге “Ертегі” деп атады десек, онда үлкен мəн 
бар. Айналасын өрт шалып, санасы түтінге тұмшаланған ақынды 
құтқарушы – қиял сəулесі. Ол ертегіден ем іздейді. Жапанда жалғыз 
жортқан Сыздық – еркіндік символы. “Ел бүгіншіл, меніңкі ертеңгі 
үшін” деген Ахаң ойымен астасатын бір сыр бар мұнда. Сыздық – 
өз еркі өзінде жоқ. Торға түсіп тыпырламаған, қараңғы түнді қақ 
жарып, түн жамылған “жəдігөй жауын” жеңіп, өзіне деген сенімін 


357 
жоғалтпаған жолбарыс жүрек. Осы сенім оның кеудесіне үміт отын 
жағып, жүрегінде запыран уды жаяды.
Осы ойлармен Сыздық атын ерттеген,
Тап сол кезде ер жүрегі өрт екен…
Заман озды, адам тозды, ерлер жоқ…
Заман озды, ер заманы ерте кен.
Сыздықтың жалғыздығы – еркіндігі, еркіндігі ел үшін жасалар 
ерлікке жетелейді. Ертегі ермек емес, айтар ой сыртқа шықпай тұн-
шыққан заманда “ой түбінде жатқан сөзді” шығарар көркемдік тəсіл.
Бітті ертегі. Аласұрад жас жүрек,
Қарақ па əлде? Арақ па əлде? Не керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет