Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Бағыттың белгілі өкілдері



Pdf көрінісі
бет38/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   140
5.2 Бағыттың белгілі өкілдері
Спандияр Көбеев (1878-1956). Қостанай өңірінде дүниеге кел-
ген. Өмір бойы ұстаздық-ағартушылық қызметте болған. Алтын-
сарин ашқан мектепте оқып, орыс əдебиетін, мəдениетін бойына 
сіңіріп, алдыңғы қатарлы орыс ақын-жазушыларына еліктеп өскен. 
И. Крылов мысалдарынан аударған “Үлгілі тəржіма” жинағының 
ағартушылық, əдеби-мəдени маңызы өте жоғары. Аудармасының 
көркемдік-тұрғыдан өзіндік жетістіктері бар. “Үлгілі бала” 
жинағының оқу құралы, хрестоматия ретіндегі маңызы өте зор.
Спандияр Көбеевтің 1913 жылы жарық көрген “Қалың мал” 
романы қазақ көркем прозасындағы елеулі табыс болып санала-
ды. Романның тақырыбы – əйел теңсіздігі. Романда ескіліктің 
қалдығына саналатын əдеп-ғұрыптар өткір сыналады. Шығармада 
əлеуметтік теңсіздік айқын көрініс тапқан. Романдағы ба-
сты кейіпкер Итбай бейнесі – сатиралық типтік образ. Оның 
сыбайластарының бейнесі де осы жолмен ашылады. Романда 
жаңа қоғамның жаңа адамдарының бейнесі де сомдалған. Басты 
кейіпкерлердің бірі – жаңашыл бейне Қожаштың күрескерлік іс-
əрекеттерінің мəні өте зор. Өз бас бостандығы жолындағы күресте 


134
шыңдалған қазақ қызы – Ғайша образы сол тұстағы реалды өмір 
шындығына сəйкес сомдалған. Ғайша арқылы теңдікке ұмтылған 
қазақ қыздарының типтік бейнесі жасалады. Ғайша мен Қожаш 
бейнелері жаңа заман ағымымен үндесіп, жастар санасын оятуда 
үлкен міндеттер атқарды.
Романның жанрлық талаптарға жауап беруі, əрине, толымсыздау. 
Роман құрылымы, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді сомдаудың 
шынайылығы, көркемдік шындық нанымдылығы жағынан да 
жанр талабына толық жауап бере алмайды. Дегенмен, алғашқы 
тəжірибелердің бірі болса да, жазушының өзіндік стилі қалыптасып, 
тілінің қарапайымдылығы арқылы өмірден оқшауланбай оқырман 
талабымен қабысып жатады. Бұл шығармада сыншыл реализм си-
паттары басым болып келді. Роман біршама көркемдік, образдылық 
жетістіктері нəтижесінде қазақ əдебиеті тарихынан өзіндік орнын 
алған шығарма болып табылады.
С. Көбеевтің “Орындалған арман” шығармасында өмірбаяндық 
оқиғалар қазақ өмірінің əлеуметтік шындығымен астасып сипатта-
лады. Бұл шығарма мемуарлық жанрдың қазақ əдебиетіндегі бастау 
көзі десе болғандай. Ағартушы-жазушы С. Көбевтің қазақ əдебиеті 
тарихында өзіндік орны бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет