Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет36/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   140
Ондағы керек қылмай елдің ішін.
Мені алып қал, жібермей қайта Арқаға,
Ер тонарлық ежелгі қайда күшің.
Жантемір – қажылыққа шын көңілмен, адал ниетпен барған адам. 
Ол құдай жолына шын берілген жан болған соң да қасиетті Меккеде 
қалғысы келді. Мұхаммед пайғамбар жұртын көрген ол ендігі өмірді 
мансұқ етеді. Алла жазып көрген қызық, сүрген өмірді өзіне місе тұтады. 
Мекке жеріндегі ақ өлім алланың берген сыйы деп біледі. Өйткені ол – 
өзгелер құсап “Атақ үшін əуре боп, қажы атанғанға мəз болу үшін” кел-
ген жан емес, “Құдайға шын ықыласын берген” жан. Алла жолына шын 
берілген жанның осындай шешімге келіп, Алла жолына берілгендігінің 
дəлелдеуін ақын дастанның алдыңғы бөлігінде оның азаматтық 
тұлғасын жан-жақты ашу арқылы дəлдей білген. Бір сөзбен айтқанда, 
Мəшһүрдің “Жантемір қажыға” дастаны – аллаға деген асқақ сенімді 
ардақтаған, дін жолындағы азаматтардың адами істерін, таза көңіл, ақ 
пейілдерін үлгі еткен діни-ағартушылық бағыттағы көрнекті дүниесінің 
бірі.


129 
Ақынның “Гүлшат-Шеризат” қиссасы-шығыстық сюжетке жа-
зылған туындыларының іргелісі. 
Жігітке құдай берген қиын емес,
Болғаным менің ақын биыл емес,
Бетіне ақ қағаздың салып шимай,
Қиссасын “Гүлшат-Шеризат” қылдым кеңес, –
деп басталатын дастан, Мəшһүрдің бес шумақтық кіріспесінен соң, 
Кəркін патша жайын жырлауға ауысып кетеді. Қисса бір-бірімен 
желілес бөліктерден тұрады. Ғалым Алма Қыраубаева “бес бөлімге 
бөлуге болады” деген тұжырым жасайды.
Бірінші желі – Бағдат патшасы Кəркіннің балаға зарығуы
тілегі болып əйелі босанарда, қуанышқа жүрегім шыдамай ма деп 
аңға кетуі; Арыстаннан жаралы болып қаза табуы; Баладан тақты 
қызғанған уəзір Парахзат баланың шешесін Барыс батырға өлтіртіп, 
өзін орманға тастауы; Барыстың баланың қасына хат пен 10 гауһар 
қалдыруы. 
Екінші желі – Парахзаттың түсі. Онда ол алып айдаһар көреді. Ол 
əлемді өртейді. Парахзат өзі өлімін көреді, сол сəтте аспаннан бір 
інжу-маржан түсіп, Аждаһаның көзі соған түсіп, Парахзатты жай-
ына қалдырады. Барыс түсін шешеді, інжу-маржан қызың болады, 
сол бəледен құтқарады деп жориды. Оның айтқаны келеді. Парахзат 
қызына Ирамбағын салдырады.
Үшінші желі – баланың өсуі; Үш жасқа шейін шешесін еміп
онан соң Арыстанның асырап өсіруі. 
Төртінші желі – баланы керуен басы Сағит қожаның асырап алуы; 
Оның білім алып, үлкен азамат болып өсуі; Гүлшаттың Ирамбағы 
салынған Шын-Машында тұрып жатуы. 
Бесінші желі – Гүлшатты суреттеу, оның бағбан арқылы Шери-
затпен кездесуі; Шеризаттың соғысы, Барыс батырға кешірім жаса-
уы; Гүлшаттың əкеге ара түсуі, мысал-əңгіме айтуы, Шеризаттың 
Парахзатты кешіруі.
Қисса шығыстық сюжетке жазылғанмен, мұнда ауыз əде-
биетіндегі қазақ эпостық жырларының əсері байқалады. Мəселен 
Парахзат түсі Алпамыс жырындағы Тайшық түсімен ұқсас болуы. 
Гүлшаттың сұлулығын суреттеуде эпостағы қазақ қыздарының 
бейнесі айқын танылады. Соғыс суреттерінде де батырлық жырлар 
елесі бар. Сонымен бірге қыз бен жігіттің бірін-бірі суреттен көріп, 
9–853


130
не түсінде көріп ғашық болмай, бірін-бірі өңінде көріп ұнатуы қазақ 
жырларының шындықты табиғатына жақындата түседі. Ендеше 
Мəшһүрдің “Гүлшат-Шеризат” дастаны – оның өзіндік төл туын-
дысы. Мұның тағы бір дəлелі осы сюжетке қазақтың ірі əнші-ақыны 
Əсет Найманбаевта қисса жазған. Ол “Ер Шеризат” деп аталады. 
Екі ақынның поэмаларындағы көп айырмашылық бар. Олардың 
ортақ сюжетке шығарма жазғанымен, əр қайсысы өз биігінен келіп, 
өзінше жырлап, өзіндік туынды жасағанын аңғару қиын емес.
Қорыта айтқанда, “Гүлшат-Шеризат” – Мəшһүр-Жүсіп Көпеевтің 
ақындық шеберлігінің айқын көрінісіндей айшықты шығарма.
Жалпы алғанда, Мəшһүр – діни-ағартушы ақын. Бұл ерекшелікті 
біз ақынның кез келген өлеңінің желісінен аңғара аламыз. Ол 
діни танымдық ойларын шығармашылығында орын алған өзге 
тақырыптардың негізімен ұштастыра білген. Əр өлеңнен дінді 
арқау ете отырып еркіндік пен азатшылдықты ұран қылып көтерген 
ақын мақсатын айқын аңғарамыз. Ақын өлеңдеріндегі басты мұрат 
“Қуаттап алып жүрсе əркім дінін, Өткізсе ғаділдікпен ай мен күнін” 
деген арман тілекті көздейді. 
Мəшһүр Жүсіптің əрбір өзекті ойының түбірінен діни сананың 
топшылауын танимыз. Дін арқылы ол асыл мұратты биік мақсаттарға 
шақырады. Оның азатшылдық ұранын арқалаған арманды асқақ үні 
де діни-танымымен тығыз байланыста өрістейді.
Мəшһүр Жүсіп Көпеев қаламынан туған өлең-жырлар өзі 
өмір сүрген қоғамының қыр-сырын ашып берумен бірге, езілген 
халықтың жасыған жүрегін жұбатып, рухын көтерді. Елінің жайы-
на күйзелген Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің мұңлы сырға толы өлеңдері 
қазақ ұлтының езгідегі халіне шын жаны ашыған көңілден туған. 
Нақтылай айтсақ, ақын өлеңдері асқақ рухқа толы. Осындай ерек-
ше отансүйгіштік екпінді жырларында ақын өз замандастарына да, 
кейінгі өскін – жастарға да өнегелі сөз айта білді.
Мəшһүр – сыршыл лирик емес, əлеуметтік өмірді арқау еткен 
азаматтық лириканың өкілі. Өзімен замандас, бағыттас ақындар 
арасынан өлеңдеріне азатшылдықты арқау етіп, алғаш ел-жұртына 
бостандық жайын бүкпесіз айта білген де Мəшһүр болатын.
Ақын өлеңдері ой тереңдігімен де, айтар ойын қарапайым да дəл 
жеткізе білуімен де құнды. Халықтық тілдің құнарлы оймен аста-
суынан Мəшһүр Жүсіп өлеңдері қазақ поэзия əлемінде ешкімге 
ұқсамайтын даралық танытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет