125
мазмұндық желісі: сəйгелді, сона, бөгелек секілді жəндіктердің
өздеріне көбелекті халфе сайлап,
мекен-жай іздеп дамыл таппай,
төңіректі кезуінен өріс алады да, əрі қарай сəйгелдің сиыр сауырынан,
сонаның түйе терісінен, бөгелектің жылқыдан жай тепкендіктерін
айтады. Ақын мысалдағы аңдар мен ұсақ жəндіктерді мысалға ала
отырып, ел тұрмысының келеңсіз тұстарын əшкерелейді, соған
жаны күйзеле толғанады. Үшеуге халфе болған көбелек бейнесінен
ел ішіндегі дағара сəлделі дүмше молданың бейнесін танимыз:
Қазақтың молдасы бар көбелектей,
Жүреді қайда от болса төңіректей.
Дайын жоқ, тұрақ та жоқ, ойсыз, мисыз,
Ұшады тек жел болса, ебелектей.
Отты айналып ұшқан көбелекті бейнелеу арқылы ақын өлім тілеп,
жемтік іздеген, ел қамынан өз қамын көбірек ойлайтын “Кітапты
теріс оқыр” молдаларды келемеждейді. Қазақ халқының соры білімі
аздығы
екендігін айта отырып, осы халден өрісін кеңітіп, етегін
кеңге жайған тұрпайы, теріс мінез-құлықтарды сынға алады.
Қазақ халқының сəйгелді қуған сиыр секілденген ісінде береке
жоқ тірлігін жаны қинала өлеңге қосады. Аталған мысалда ақын
елінің
енжар-бейжай қалпына қиналып, халқының кері кеткен
ұнамсыз қылықтарын аяусыз əшкерелейді.
…Қазақтың хаққа мағлұм білімі азы.
…Өнерден қазақ қолды ерте жуған.
…Талап қып ұмтылмайды не керекке.
Көз салып қарамайды төңірекке.
Өзі өмір сүрген дəуір, заман легіндегі халқының рухани деңгейі
мен мəдениетіне көңіл толмауы себепті талай ақындар ұлтының
кейбір кесірлі мінездерін сынау арқылы ащы да болса шындықты
айтып, тəрбиелік ғибратын қалдырып кеткен жоқ па?!
Ғұлама
Абайдың:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың –
126
деген өлең жолдары осындайдан туғаны анық. Осындағы Абайдың
“Жақсы менен жаманды айырмадың” деуінде елінің “өз басындағы
шоқты көрмей, өзгенің басындағы отты көрген” кері кеткен мінезі
мен ездігіне қайғырып, ел қамын ойлаған асыл азаматтың арман-
тілегі жатқан жоқ па?! Сол секілді Мəшһүр Жүсіпте қазақ елін
тұмшалаған бүкіл
қараңғылық қыспағынан шығып, болашақтың
жарық күніне ұмтылуға шақырады.
Мəшһүр Жүсіптің тəлім-тəрбиеге бағытталған мысал-өлеңінің
бірі – “Шайтанның саудасы”. Оқиға Ғайса пайғамбардың базарға
бара жатқан керуеннің басында бес есек пен он қашырға толы жүк
артқан шайтанды кездестіруінен өріс алады.
Оқиғаға негіз болған
образдардың бірі – Ғайса пайғамбар, екіншісі – құдайдың қарғысына
ұшыраған тылсым жауыздық пен зұлымдықтың бейнесі ретінде
таныс, діни кітаптардағы Ібіліс, Лағын деген аттарымен белгілі
– Шайтан. Ақын мұнда жақсылықты
жасаушы мен жамандықты
жақтаушы арасындағы сөз қақтығысы арқылы шығарманың ай-
тар ойы мен идеялық мақсатын айқындай түскен. Шайтан бейнесі
арқылы Мəшһүр Жүсіп Көпеев адамдар бойына үйір еткен қастық
пен жауыздық т.б. жамандықтарды таратушы тылсым күш иесін
көрсетеді. Сол арқылы адамдар арасындағы алауыздық, зұлымдық,
қызғаншақтық, өтірік, ғайбаттық өркен жайғандығын меңзеп жəне
ел ішінде соны таратушыларды, əзəзілдің
тіліне ергіштерді өткір
сынға алады. Онысы мысал жанрының табиғатына сай, орынды
шыққан. Ақын зұлымдықтың сипатын зұлым күш иесінің өзіне
айтқызады. Шайтан:
Достарыңызбен бөлісу: