Елжіреп қардың көңілі өкпек желге,
Жер жібіп жəне тойып аққан селге.
Күн сайын күн күркіреп, көк дүркіреп,
“Қош!” – дейді қыстай сасып жатқан елге, –
деп басталатын “Көшу” атты 1914 жылы жазылған өлең – қазақ
поэзиясының озық үлгілерінің бірі. Қазақ халқы үшін ең бір
қуанышты да қызықты мезгіл жайлауға көшу сəті суреттелетін бұл
туынды – Сұлтанмахмұттың шабытты шағында туған сəтті дүние!
Суреткер көктемнің күні күлімдеген, көгі көтерілген, əсем шағын
туған табиғаттың сүйікті перзенті ретінде сүйсіне жырлай отырып,
болмысқа терең бойлай да біледі.
Өмірдің сыртқы сұлулығын, жалдыр-жұлдыр жылтырақ
көріністерін суреттей бермей, оның қайшылықтарын да дəл
аңғарады.
Қоймасын тастай салды көңмен жауып,
Жүк жеңіл болуының емін тауып.
Бел жіп, үзік, ашамай салқам-салқам,
Су құяр арбасына ауық-ауық.
Қыстағы мал тезегі қора сасық,
Қалпында тазартылмай қалды сасып.
Ілдебаймен “көш жүре түзелер” деп,
Қорадағы көшті қазақ жабырласып.
Сұлтанмахмұт осыларды нағыз халық ақыны көзімен көріп,
халық жүрегімен сезініп суреттейді.
Суреткер “Көшуде” ел өміріндегі көктемгі өзгерістерді ауылдағы
таптық жіктеушілікпен байланыстырады. Бұл туралы академик
Серік Қирабаев “Бұның бəрі де Сұлтанмахмұттың шығармашылық
жолында дəуірдің əлеуметтік жағдайларын суреттеуді бірінші
орынға қойғандығын танытады. Ол нені жырласа да əңгімені заман
196
мен оның адамына, оған əсер етіп жатқан жағдайларға бұрады”, –
деп түйеді.
Ал “Жапырақтар” деген өлеңіндегі ой мен суреттің айқындығы
оқушыны ерекше сүйсіндіреді.
Көңілдің қосып əніне,
Мəз болып жапырақ сəніне.
Тұр еді жаным балбырап,
Жылы жел тиіп тəніме,
Көзіме түсті қу жапырақ
Ойладым мұның мəні не?
Көгеріп гүлі ашылмай,
Сарғайған түсі басылмай.
Тұрған жалғыз сорлыны
Көк жапырақтар жасырмай.
Сарғайса да бұл сорлы
Өзгеге тұр бас ұрмай.
Бұл өлеңде өмірдің түрлі шағының шындығы астарлы берілген.
Мұны жазғанда ақынның көз алдына түрлі өмір белестері елестеп,
көңілін мың сан құбылтқанына кəміл сенеміз. Жас есейеді, кəрі өледі,
ескінің орнын жаңа басады. Бұл – өмір заңы. Кешегі бүгінге жетсе,
бүгінгі ертеңге жетеді. Ертеңгі дүниеге тағы да жаңаша келеді, көгере
келеді. Əркім өзіне мөлшерлене берілген өмірді өкінбестей етіп
өткізу ге тиіс. Артында өкінішін басар іс қалса одан артық не бар. Сұл
-
танмахмұт осы өлеңінде “көп көк жапырақ ішіндегі жалғыз сар ғай ған
жапырақ арқылы” өзінің бір сəттегі көңіл-күйін əсем бейнелеп береді.
“Кеш” өлеңінде Күн мен түн аралығындағы уақыт тұрғысынан
алғанда өте қысқа сəттің өзіндік құбылысын көркем суреттейді. Түн
қараңғылығын жол таба алмай қорқақтаған лирикалық кейіпкердің
жеке сезімімен ұштастырады. “Қараңғылықтың” символдық мəні
бар. Ол – қорқыныш, Ол – қауіп, Ол – қасірет. Одан жол тауып шығу
оңай емес. Ақын өлеңіндегі түйін осы.
Қойнына қараңғылық енген барып,
Жағалай айналаның бəрі қауіп.
Қарасаң қараңғы түн жан қорқарлық,
Бұл күнде бола алмайтын жолды тауып, –
дейді ақын.
197
Жалпы ақын табиғат жайлы жазғанда, оның тылсым сырын айна-
ла қоршаған ортамен бірлестіре отырып, қарапайым көріністерден
ғажап суреттер жасайды. Ол қашан да болсын жаратылыстың
көркемдігін
адам
тіршілігімен
байланыстыра
бейнелейді.
Айналадағы тіршілік тынысынсыз жансыз табиғат сүреңсіз
көрінеді. Тіршілік – жансыз суретке əр беретін, оның сан құбылуын
өрістететін, оған қимыл-қозғалыс беретін құбылыс. Ақынның
“Жазғы қайғы” өлеңі – осындай ойдан туған, сыр тұнған сұлу сурет:
Достарыңызбен бөлісу: |