Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Роман жанрындағы ізденістер



Pdf көрінісі
бет67/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

7.3 Роман жанрындағы ізденістер
Сұлтанмахмұт Торайғыров – кемел өнерпаздық болмысымен 
қазақ əдебиетіндегі өзіндік орнын тек лирик ақын ретінде ғана емес, 
туған əдебиетін кең көлемді, күрделі жанрдағы туындылармен байы-
ту арқылы да ала білген дарын иесі. Оның іргелі жанрдағы алғашқы 
туындысы – 1914 жылы жазылған “Қамар сұлу” романы. Жалпы 
ақын шығармашылығының басты арқауы, үзілмес желісі əлеуметтік 
теңсіздік, əлеуметтік өмір шындығы дейтін болсақ, соның нақты 
көрінісі – осы “Қамар сұлу” романы болып табылады.
“Қамар сұлу” – реалистік шығарма. Романда ХХ ғасырдың 
басындағы қазақ ұлтының əлеуметік өмірі, тыныс-тіршілігі 
нақты көрініс тапқан. Өмірдегі қарама-қайшылық өмір ағысына 
тосқауыл болуға ұмтылған, өткен өмірдің кертартпа салт-санасын 
ұстанған ескілік пен ертеңінің өзгерісіне сенген жаңаның тар-
тысы арқылы көрсетіледі. Шығарманың негізгі тақырыбы Əйел 
теңсіздігі болғанымен, ол қоғамдағы жалпы əлеуметтік теңсіздік 
қайшылықтарын ашуға апарар жол ғана. Қайғылы халге ұшыраған 
екі жастың гүл ашпай жатып солған жауқазын махаббаты – 
қараңғылық пен надандыққа қарсы күрестің жаңа өскіні, жаңа 
күші. Бір-біріне қарама-қарсы екі топ, өмірге, қоғамға, адамға де-
ген екі түрлі көзқарас арқылы айқындалады. Бірінші топ өкілдері 
романда Оспан, Қалтан, Нұрым, Əбділдə ишан арқылы бейнеленсе, 
екінші топ жас ұрпақ Ахмет, Қамар, Қасендер арқылы көрсетіледі. 
Алғашқы ұрпақ өкілдерінің негізгі ерекшелігін автор ескілікті 


204
салттың етегіне жабысып, соны негізгі құралы етіп, алдау, арбау, 
айла тəсілдері арқылы көрсететін тоғышарлық, қанаушылық мінез-
құлқында деп таниды. Ал жаңа өскін ұрпақтың өкілдерінің бойы-
нан ақын өз заманының саналы да жаңаға жаны құмар жастарын 
көреді. Олардың жаңаша көзқарасы мен таным-түйсігін сезінеді. 
Сұлтанмахмұт бұл ұнамды кейіпкерлерінің əділдік жолындағы, ма-
хаббат бостандығы жолындағы күрестерін сүйсіне суреттейді. 
Романның негізгі кейіпкері – Қамар. Осынау өзінің адамдық 
құқын, жасқа тəн махаббат еркіндігін қорғауға ұмтылған қайсар 
қыздың төңірегіне заман туғызған ұнамды образдар жиынтығы 
топтасқан. Қазақ қоғамдық өмірін кеңінен суреттеуге тырысқан ав-
тор ізденісіне орай, бұларды қоғамдық ортадан ойып алынған типтік 
бейнелер деп айтуға əбден болады. 
Қамар – романдағы бүкіл оқиғаның желісін ұстап тұрған негізгі 
тұлға. Ақын өз тұсында қазақ қоғамында орын алып отырған түрлі 
қайшылықтар мен алға дамуды тежеп отырған кертартпалықты осы 
кейіпкердің көзімен көріп, соның түсінік ұғымы арқылы білдіреді. 
Қамар – əрекетшіл бейне. Өз бақыты жолында ол əлсіздеу болса да 
өмірінің соңына дейін күресіп, қарсылық жасауға əрекеттенеді. 
“Қамар сұлу” романының құрылымдық желісі де шымыр шыққан. 
Таңдаған тақырыбына орай автор шығарманың құрылымдық 
жүйесін оңтайлы да шебер құрып, тартымды өрбіте алған. 
Шығармадағы оқиға желісі бірінен-бірі туындап, бір-бірімен тығыз 
байланыста өріледі. Бұлардың оқырманды қызықтырып, тартып 
алып кетуі соншалықты оқиға өмірдің өзінен туғандай əсер береді. 
Роман Қамар мен Ахметтің хат жазысуынан бастап дамып, Қамарды 
Нұрымның айттыруынан бастап шиеленіседі. Оқиға өз арын аяққа 
таптатқызғысы келмеген ару қыздың мерт болуымен аяқталады. 
Автор шығарманың басында Қамарды еркін өскен, өмірдің 
ащы-тұщысын көрмеген балғын жас, жауқазынды жарып шыққан 
қызғалдақтай үлбіреген сұлу қыз күйінде суреттейді. Жазушының 
осынау балауса жанды тым елжірей, таңдай қағып, тамсана 
суреттеуінен жүрек секем алғандай…
Жіңішке сымға тартқан əні қандай,
Балауыз балбыраған тəні қандай.
Ақыл-ой, мінез-көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сəні қандай!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет