353
ақиқатты тұлғаға айналады. Ол ажалмен сенімсіз, тылсым күштер
арқылы емес, ұлы өнер күшінің құдіреті, күңіренген күйдің сазы
арқылы кездеседі. Мұны ақын Қорқыттың ішкі əлемімен астасты-
ра бейнелеп, биік романтикалық рухтың табиғатын ашып, нанымды
суреттейді.
Мағжанды Қорқыт тақырыбы рух үндестігімен қызықтырған.
Өйткені Қорқыттың ажалмен күресі – ақынның бостандық сүйгіш,
азатшыл рухымен үндес. Мəңгілік өмір идеясы – мəңгілік еркіндік
идеясының əу бастағы шамшырағы іспетті. Қайда барса алдынан
“көр” шыққан Қорқыт тəрізді тəуелсіз өмірді аңсаған Мағжан əлемі
де үнемі қайшылыққа ұрынудан көз жазбайды. “Қолмен ұстап,
көзбен көріп” сендім дегені сағымға айналып шыға келсе амал бар
ма?! Аз уақыт ішінде тəуелсіздікке қол жетті деп, екі рет алданған
шерлі жүрек қалайша күңіренбесін. Ақын жаны қалай алас ұрмасын.
Достарыңызбен бөлісу: