Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет66/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Қанымызға тоймаған,
Қолымызды байлаған,
Ерімізді айдаған,
Жерімізді шимайлаған,
Өшті залым қарасы.
Жасасын, алаш жасасын!
Ақын патшаның тақтан құлауын шын қуанып қарсы алды. Енді 
бостандық келетініне имандай сенді. Бірақ ақын бостандық, теңдік, 
азаттықтың оңай келмесін сезінеді. Сондықтан да енді тек күреске 
ұмтылу керектігін, соның жолына бар күш-қайрат пен ерік-жігерді 
жұмылдыру қажеттігін атып, елді ұлы шайқасқа шақырады. Күрес 
жолында жүрген ел азаматтарының жүрегіне сенім ұялатады.
Алаш туы астында, 
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді ешкімнің алашты,
Қорлығына бермейміз!
Адамдықтың жолына,
Бастаған ерлер соңында,
Басқаға көңіл бөлмейміз,
Қандай шайтан келсе де,
Алдауына көнбейміз.
Өлер жерден кеттік біз!
Жасайды алаш, өлмейміз!
Жасасын алаш, жасасын!
Сөйтіп ақын ұлтының ар-ұжданына айналар ақындық бағытты 
тауып, “Қазақ үшін шам қылған жүрек майын” Ахмет, Əлихан сын-


200
ды көшбасшылардың соңынан еріп, солар салған ақ жолды дұрыс 
деп біліп, білекке-білек, тілекке-тілек қосады.
Əрине, замана өзгеріп, дүниенің астан-кестеңі шығып жатқан 
тұста ақын көңіл-күйінің үнемі бір қалыпта қалуы мүмкін емес. Та-
лай заңғарды адастырып, ойын онға, санасын санға бөлген уақыт 
үрдісі жүрегі сезімтал, көңілі күдікшіл ақынды сарсаңға саяғаны 
белгілі. 
Ақынның сол аумалы-төкпелі заман тұсындағы көңіл-күйін 
білдіретін өлеңнің бірі – “Жас жүрек”.
Жас жүрек қайда сенің ыстық қаның, 
Тап мұндай мұздауыңның айтшы мəнін, –
деп, ақынның өз жүрегіне сұрақ қоюынан басталатын өлең,
“Бұ күнде адасудан көз ашпадым,
Не нəрсені көздесем тап баспадым,
Дүниеден басқа рақат тілемеймін,
Кеш, арым, мен білместің адасқанын!” –
деген “жүректің” өксікті өкініш жауабымен аяқталады. Көп 
зерттеушілер бұл өлеңді ақынның “Алашордашыларға” еріп 
алданғанын мойындауы деп біледі. Біздіңше өлең мағынасы бұған 
мүлде келмейді. Мұны ең алдымен сезімшіл ақынның көңіл мұңы, 
соны жырлау арқылы жан-дүниесіндегі екі ұдай ойдан құтылуды 
көздеген ақынның бір сəттік сілкінісі деп бағалауымыз керек. Ақын өзі 
“Өткірсің наркескеннің алмасындай” деп бағалаған Ахметтердің жо-
лынан шошынбайды, “Тəтті үміттің қиялы сəуле берген” бостандық 
нұрына қол жетпей қалуына өкінеді. Азаттық, бостандық үшін күресте 
“бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарар” бірліктің, бар күш-жігерді 
біріктірер басшылықтың, тіпті қала берді азаттық үшін жанын қияр 
қайсарлықтың барлық жанның бойынан бірдей табыла бермегеніне 
күйінеді ақын. Аңсаған азаттықтың “тəтті қиял” күйінде қалуына ақын 
өзінде кінəлі санайды. Сол үшін ол адамдық арынан кешірім сұрайды.
Осыдан кейін, үміті ақталмаған ақын өзіне “Неге жасаймын?” де-
ген сұрақ қояды. Мұндағы түйінделген ой – ақынның енді өмір сүру 
керек пе, жоқ па деген тура сұраққа жауап іздеуі. Ақын өзі де, жұрты 
да аңсаған “бостандық туы жарқырап”, жақсы күннің келеріне деген 
сенімі азайғанын көреміз.


201 
Сусыз, шетсіз шөлдерден, 
Тұманды, түпсіз көлдерден,
Адамдық көші өткенше!..
…Іштен өсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып əбден кеткенше:
Талай шаштар ағарар,
Талай тəнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай өмір суалар.
Жасамаймын: “Еңбектің, 
Жемісін көзбен көрем” деп,
Жасаймын: “Бір қолғабыс 
Кейінгіге берем” деп.
Иə, ақын өз ұлтының азаттыққа жетер күнінің алыс екенін 
сезінеді. Оның талай ұрпақтың толассыз күресінің, ұлт қамын жеген 
ұлылардың азапты өмірінің нəтижесінде келерін жанымен түйсінген 
ақын, аз ғана өмірінде соның сəл де болса жақындауына “қолғабыс” 
тигізуді мақсат тұтады. Бұл – халқының азаттығын аңсаған ақынның 
азаматтық позициясының айқындығының көрінісі.
Ақын 1917 жылғы ақпан революциясын қолдап қуануын кейін 
адасқандық деп санады, ал қазан революциясын бостандық таңы 
деп бағалады деуіміз кейінгі коммунистік идеологияның санамызға 
сіңірген көп қисындарынан туындаған жасанды долбар.
Бұған бір ғана дəлел келтірейік. Ақын ақпан революциясын 
жаңбырға теңеп, “Сарыарқаның жаңбыры” деп өлең жазса, қазан 
революциясынан кейінгі уақытты “Дауылдағы əбігер” деп атайды. 
“Жаңбыр” – құт-береке, жер нəрі, жаңғыру, жаңару, өсіп-өнудің сим-
волы. Ол табиғаттың ажарын ашып, дүр сілкінуіне, жайнап, түлеуіне 
себепші. Табиғаттың осынау құбылысына балау арқылы ақын ақпан 
революциясы əкелген ұлы өзгерістің шапағатын көрсетуге ұмтылған.
Бұл мысалдың мəнісін ұға алсаң сен,
Келген заман – бостандық жаңбырмен тең…
Жаңбырдан соң көгерген Сарыарқадай;
Бостандықтың күшімен көгерсін ел!


202
Ақынның айтар ойы анық, жасаған образы бейнелі, сенімі нық. 
Осы нық сенімді бұзған не? Көңілге күдік ұялатқан қандай жағдай? 
Ол – əрине, “Дауыл”! Қиратушы, талқандаушы дүлей күштің сим-
волы.
Желге ұшқан жүндей болып барлық елдер,
Адал, арам, ішінде кемеңгерлер,
Дауылдан бұрын өртеп елдің үйін,
Енді “тігем” деп жүрме арамтерлер?
Дауыл ештеңені талғап, талдап жатпай жолындағының бəрін 
қиратып, ұшырып, əкетті. Ол жүріп өткен жерде өмірдің қайта жан-
дануы ұзақ мерзімді талап етеді.
Оған дейін бірталай күндер өтер,
Талайдың қыршын жанын алып кетер.
Бір мезгіл ақын:
Дауылдың түбі қайда, айдаған кім?
Халық үшін жауға қылыш қайраған кім?
Қанды балақ қорқауды күшпен жеңіп,
Адамзаттың дұшпанын жайлаған кім? –
деген өткір сұрақтар қойып, оның жауабын таба алмайды. Сондықтан 
да басқа арнаға ауытқып, “Шаруалы, мəдениетті ел гүлденер…” 
Демеңдер, “Бұл сандырақ келмей кетер” деген қияли ойды қаужап, 
болашақтан үміт күтеді, сабырға шақырады.
Сұлтанмахмұт өз поэзиясына негізгі өзек етіп халықтың бостандық 
сүйгіш ұлы мұратын алды. Оның ақын ретінде қалыптасуына əсер 
еткен жағдай өз кезеңіндегі халықтың əлеуметтік өмірі, ұлтының 
бостандық жолындағы күресі болса, үйренген мектебі, алған тəлімі 
ұлы Абайдың озық үлгідегі əдеби дəстүрі болды. Сұлтанмахмұт 
шығармашылығы ұлтымыздың санасын ояту мен ұлтжандылығын 
танытудағы өзгеше өріс.
Сұлтанмахмұттың ұлтжандылыққа ұмтылдырып, бостандық 
сүйгіштікке баулитын ерекше əсерлі өлең-жырларынан, коммунистік 
идеологияның белсенділері қатты сескеніп, ұлы ақын мұрасының 
жанды, пəрменді ықпалынан қауіптенді.


203 
Ел үшін жан береміз,
Жау қайратын көреміз.
Сүйген жарым теңдікті
Кімге тегін береміз?
Біз де ұлттың ұлымыз.
Жолында құрбан құлымыз.
Осынау азатшылдыққа, күреске шақырған шұғылалы шындықты 
ойды жазғаны үшін кезінде оны “буржуазияшыл ұлтшыл” деп 
ғайбаттап, азаматтық тұлғасын тұқыртпақ та болдық. Бірақ 
Сұлтанмахмұт қашанда да ақын ретінде де, ұлтжанды санаткер 
ретінде де ұлттық ой-сана көшбасшысының бірі болып қала бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет