205
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,
Жаутаңдап жан күйдірген кезі қандай.
Қызыл гүлдей
құлпырған, сұлулығымен сүйсінткен, ақылымен
ынтықтырған Қамарды қатерлі əлдене күтіп тұрғандай.
Тұла бойы ізгілікке толы, жұртқа сыйлы, бозбаланың көз құрты
болған Қамардың өз құрбыларынан озық өзге де қасиеттері жетерлік.
Автор Қамар болмысын өзгелерден оқ бойы оздырып тұрған басты
белгі оқығандығында деп біледі. Сондықтан да ол – өз заманының
озық ойлы қызы.
Қамар қыз оқымаса нетер еді,
Əуелі бұлтаң-сұлтаң етер еді.
Көзсіз болса, алды-артын болжау қайда,
Əркімнің жетегінде кетер еді, –
деген сөздердің автор аузынан айтылуы Қамардың ақылды да
жан ретінде көрінуі – білімділік жемісі екендігінің Сұлтанмахмұт
ұсынған бір дəлелі. Ақын Қамардың оқығандығын өз тағдырына өзі
араша түсуге мүмкіндігінің молдығы ретінде көрсетеді. Оқымаған
қазақ қыздары өз бостандықтары үшін күреспек түгіл, ол
тура-
лы ойлай да алмайды деген ойды меңзейді автор. Оқыған Қамар
бейнесін оларға бағдаршам іспетті ұсынады. Білімді, парасатты
қыз ғана теңдік жолында батыл қимылға бара алатынына сендіреді.
Қамар образын сомдаудағы автор айтпақ болған ой мен тəрбиелік
мəн, міне, осында жатыр.
Сұлтанмахмұт Қамардың еркіндікке қол созған саналылығын
өзіндік түсінігі, өзгелермен қарым-қатынасы арқылы да нақтылай,
аша түседі. Бұл Қамар образының
өзгеше сипатын айқын
байқатумен қатар, жазушының өз дəуірінің өзекті мəселелерін
көтеру тарапындағы ұстанған бағдары мен шеберлік тəсілдерін
айыруға мүмкіндік береді.
Қамардың Ахметке жазған хаттарынан оның өмір, қоғам жайлы
түсініктері айқын аңғарылады.
– Біреуге мал мен бақты үйіп беріп,
Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның.
Біреуге Аплатондай білім беріп,
206
Мінер ат, ішер асқа зар қылғаның.
Қыздарын теңге бермей, малға беріп,
Қазақты қара көңіл аң қылғаның.
Қамардың осы сөздері арқылы сол тұстағы қазақ қоғамының
надандық сыры, кертартпалық сипаты айқындалып, құқық теңсіздігі,
бедел мен биліктің малға бағаланған қияпаты ашық айтылған. Ол өз
кезіндегі шектен асқан əділетсіздікті, озбырлықты тап басып танып,
жиіркенішпен қарайды. Қамардың бұл сөздерінде тек қоғамды та-
нып қою ғана емес, оған деген күдік те, сескену де бар. Өйткені өз
басына əлі туа қоймағанмен қазақ қызының басындағы халді ол жа-
нымен сезінеді. Бұл сезік кейін шынға айналады. Қамар Ахметті өз
теңі екенін біле тұра, “Сүйсем де сол сөзіне жарамаймын”, “Сілтей
бер маған жетер қолың болса, даңы жоқ даңғыл жатқан жолың
болса”, – дейді. Білім,
парасат байлығы мол болғанымен, дүние
байлығы жоқ Ахметтің өзіне қолы жетуінің қиындығын ескертіп,
емексітпеуді жөн санайды. “Ашық жол, асулы қол болар еді-ау, бірақ
жоқ, əттең, дүние соның болса”, – деп, Ахметтей білімді жастың
малы мен мал жал бітіретін құдірет жоғына күйзеле толғанып, мал-
дыны адам етіп, малсызды кері кетіріп
отырған заманға қынжыла
лағынет айтады. Ол:
Ақыл-ой, сын-сымбатта маған теңсің,
Шыбыным, шын сүйгенім – жалғыз сенсің.
Ту бие, қара саба болмаған соң,
Икемге менің елім қайдан көнсін, –
дей келіп, теңіне қосыла алмауының бас айыпкері қоғамдық өмірдегі
ескірген ескі салт, əлеуметтік теңсіздік деп біледі. Бірақ, оған тікелей
қарсылық білдіруге шамасы келмейді, өзінің дəрменсіздігін сезінеді,
таяныш боларлық берік сүйеніш, рухани қолдау таба алмайды. Жан-
жағын қоршаған əлсіздік “Арманды арылтатын дəрменім жоқ”, – де-
ген түңілуге алып келеді.
Қамар ақылды қыз ретінде Ахмет екеуінің ара салмағын байып-
тай, өлшей келе, ақырында: “Бес-он күндік ойын үшін əрі өзімді,
əрі оны қаралап, жұртыма, құдайға да ұятты болмайын, жанған жа-
ным жана берсін; обалымыз қиюы жоқ, қисыны қашқан дүниеге,
оңға баспай солға басқан қазақтың қара ғұрпына болсын”, – де-
ген тұжырымға тоқтайды. Оның жүрек қарсылығын үнсіз басып,
207
өзін-өзі тоқтатқан осы бір сөзінің өзінен біраз нəрсені аңғарамыз.
Көкірек көзі ояу Қамар Ахметке
қосыла алмасын іштей мойын-
дап, оған кінəлі ескі салт-сана үстемдік құрған заман деп біледі.
Сондықтан да ол адамдық арын таза сақтауды өзінің басты борышы
деп түсінеді, аз күндік алдамшы қызыққа елікпейді. Мұнда қазақ
қызына тəн инабаттылықпен бірге, Қамарға ғана тəн адамгершілік,
адалдық, пəктік көзге ұрып тұр.
Романның басында Қамар өмір сүрген ортасы туралы өзіндік
пікірлер қалыптастырған, оған ақылы мен адамгершілігі, білімі мен
парасаты арқылы қол жеткізген адал жастың бейнесінде көрінеді.
Шығарманың орта тұсында “Даңқы жер жарған,
шешендігі ел
жарған, күліп кісі бетіне қарап көрмеген, ибалы, атақты, асыл
Қамарымыз жоқ жерден жалаға ұшырап, бүлік шығып кеткеніне
қайғыра-қайғыра сүзектен
тұрған кісідей, құр шыбыны ғана бар”,
–адам бейнесінде елестейді. Бұл оның сол тұста қазақ тұрмысында
үстемдік құрып тұрған қатал да қара ниет, дүлей күштің уысына
алғаш түсуі еді.
Бұдан кейінгі көріністерде Қамардың жағдайы мүлде ауырлай
түседі. Құлқынының құлдары оны Нұрымға зорлап қоспақ болады.
Бұл қатігездік қызды əділетсіздікке қарсы қал-қадірінше күресуге
итермелейді. Шығарманың соңына қарай Қамар үстемдік
етуші
билік иелері мен дінге телінген ескі салтты жақтаушы, сол арқылы
озбырлықты өршітуші дүмше дін иелеріне қарсылық көрсетуге
əрекеттенеді. Бірақ бұл - өте əлсіз, нəзік қарсылық еді.
Қамардың Нұрымға, молдаға айтқан сөздерінен көп шындықтың
сыры ашылады. Замананың жас өскіні Қамар тамырын тереңге
жіберген ескілік тікенімен бетпе-бет келген жерде өзінің сезімін
тежемей, еркіндік
жайлы ойларын батыл айтып, кісіліктен кеткен
азғын топтың бет пердесін сыпырады.
Достарыңызбен бөлісу: