Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Ақын поэмаларының көркемдік əлемі



Pdf көрінісі
бет71/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

7.4 Ақын поэмаларының көркемдік əлемі
Зерттеушілер Сұлтанмахмұттың алғашқы поэмасы ретінде “Та-
ныстыру” атты шығармасын атайды. Поэма 1917 жылдың аяғы мен 
1918 жылдың басында жазылып біткен. Сұлтанмахмұттың бұл ту-
ындыны жазудағы басты мақсаты – қазақ ұлтының күрескер ұлдары 
мен аяулы қыздарын еліне таныстыру. Мұнда кеңестік кезеңде 
тарихтан аты өшіріліп, “қара тақтаға” жазылған қазақ халқының 
тұлғалы азаматтарының аты аталып, елге еткен еңбектері жоғары 
бағаланады. Сондықтан да бұл поэма туралы соңғы кезде ғана сөз 
бола бастады.
Ақын поэманы қара қазақ пен оқыған зиялы адамның диа-
логына құрған. Екеуінің пікір алмасу арқылы сол тұстағы қазақ 
қайраткерлеріне сипаттама ретіндегі мінездеме берілген. «Та-
ныстыруда» Шəкəрім, Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов
Міржақып Дулатов, Əлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Нəзипа 
Құлжанова, Нұрғали Құлжанов жəне т.б. қазақ халқының бір туар 
ұл-қыздарының тарихтағы орны айқындалады. 
Поэма Қара қазақ пен Оқыған қазақ арасындағы сұрақ-жауап 
түрінде жазылған. Бірақ осынау сұрақ пен жауап тақпа-тұқ сөз 


216
сайысқа емес, келелі əңгіме, кең пікір алмасуға құрылған. Бұл 
– Сұлтанмахмұттың көлемді көркем жанрдағы тұңғыш туынды-
сына тақырыпқа сай түр іздеу тұрғысындағы ізденісінің жемісі. 
Қарапайым халық өкілі мен зиялы адам арасындағы сауалдан өрбіп, 
жауаптан өрілетін өмірмен өзектес өрелі ойлар арқылы ел басына 
күн туған қытымыр кезеңнің көркемдікпен əдіптелген шымырлаған 
шындығы ашылады. Поэма Қара қазақ сауалынан басталады: 
Туғанда құдай иіп мұндай заман,
 Сұрайтын бір сөзім бар сенен, балам.
 Тап біздің осы Семей облысының,
 Көш басшы адамдарын айтшы маған.
Бұл көшелі ойларға есік ашар кілт іспетті тармақтар. Замана 
дамудың өзгеше бір құбылысына бет алып, қазақ деген халықтың 
алдына сан тарау сұрақ тартып, енді не боладыға жауап таппай, 
неге сенерін, кімге ерерін білмей ел теңселіп тұрған уақытта, 
Сұлтанмахмұт өзін де, өзгені де толғандырған өзекті мəселелерді 
кең көлемдегі тұңғыш дүниесінің арқауы етеді. Жəне де оларды 
өлең-сөзге айналдыруда əңгіме құмар қазақтың болмысына тəн 
тəсілді өте ұтымды қолданады. Əрі қарапайым, əрі ұғынықты. 
«От ауызды, орақ тілді» Қара қазақтың өткір сұрақтары мен сы-
пайы оқығанның сипай қайтарған жауабынан қым-қуыт уақыттың 
қиындығын ғана емес, елім-жерім деп «түн қатқан» көптеген қазақ 
азаматтарының толыққанды тұлғасын да тани аламыз. Біздіңше, 
бұл тыңнан табылған жол. Қазақ жазба поэзиясында бұрын мұндай 
тəсіл қолданылмаған. Сұлтанмахмұт ақындығы жайлы жаза келіп, 
Б.Кенжебаев: «Сұлтанмахмұт поэмалары өз тұсындағы қазақ 
əдебиетінде мазмұн, идея жағынан болсын, түр, жанр жағынан бол-
сын зор жаңалық», – деген екен. Соның нақты бір көрінісі – осы 
поэма.
Поэмадағы сюжетті ширатып отырар екі кейіпкер арасындағы 
пікір алмасу барысында сол тұстағы жұрт сенімін ақтар, ел тізгінін 
ұстар қазақ қайреткерлеріне жеке-жеке сипаттама берілген. Си-
паттама жадағай баяндау түрінде емес, онда əр кейіпкердің, оның 
ішкі əлемімен үндескен мінез-құлқы ашылып, көркем бейнесі 
сомдалған. Сұлтанмахтұт өз туындысында Шəкəрім Құдайбердиев, 
Ахмет Байтұрсынов, Əлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, 
Əлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Нəзипа Құлжанова, Нұрғали 
Құлжанов т.б. қазақ халқының бір туар ұл-қыздарының тарихтағы 
орнын айқындап, олардың атына жылы лебіздер білдіріп, елге 


217 
белгілі ерлердің естен кетпес тұлғасын жасайды. Ақын мақсаты 
– құр мақтан, құрғақ мақтау емес, керісінше жұрт қамын жеген 
арыстардың еңбегін бағалап, елге таныту, солар жайлы өз білетінін 
ортаға салу, олардың ісін кейінгі ұрпаққа өнеге ету. 
Ақын ардақтап атын «хатқа» түсірген алаш азаматтарының еліне 
сіңірген еңбегін, ұлтына еткен қызметін сол тұстағы ел зиялылар 
ғана емес, қарапайым халық та біледі. Мұны біз қара қазақтың мына 
сөздерінен аңғарамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет