111
солай алып отырмыз). Мифтік танымда көк – нұрдың бір тұлғасы,
символдық сипаты жағынан нұрдың бейнеленуі десек, ақын көк
ала үйректің «сəулесі» (нұрдың синонимі, немесе сол нұрды
сипаттайтын тезаурус) ақындардың зердесінде екендігін көркем
тілде өрнектейді. Жəне бұл киелі құсты «бұлбұлдай сайратады».
Елестің адам қалай түсін білсін,
Сусылдап, сағым болып ұшып жүрсің.
Өзіме өзім жұмбақ көрінгенде
Кім сенің тағдырыңды түсіндірсін?
Сен ашсаң, құпияңды мен де ашайын,
Сезімнің тұнығынан шөл басайын.
Аққудай бауыр төсеп жүзем десең,
Өлеңнен айдын шалқар көл жасайын, –
деген жолдардан бұл құстың тылсым сырлы киелі сипаты
барынша көрінеді. «Сағым болып сусылдап ұшу», «аққудай бауыр
төсеп жүзу» бейнелеулері көк ала үйректің поэтикалық ерекше
болмысын көз алдымызға əкеледі. Бұлбұлдай əнші, аққудай
көр
кем құстың сипатын көк ала үйрекке
тели отырып, ақын
өлеңнің күрделі поэтикалық бейнесін түзеді. Жоғарыда айтылып
кеткен су əлемімен байланыс өлеңнен көк ала үйректі аққудай
жүздіретін айдын шалқар көл жасау бейнелеуінен көрінеді.
Миф
тік танымнан бастау алып, көркемдік санада орныққан
су құстарын рухани болмыспен тығыз байланыстыру дəстүрі
Н. Айтұлының сюжетсіз лирикалық-психологиялық поэмасының
бір тініне айналған. Рухани болмыстың аспандық жəне жерлік
сипаты осылай нақтылана түседі.
Жерге қонбай шарқ ұрған бұл
құс үш əлемге (көк, жер, су) ортақ. Түркілік мифтерде жорыққа
су толтырылған күміс хауыздағы үйректер мен қаздарды алып
жүретін қағандар туралы сюжеттер кездеседі. Қаған солардың
сүңгуіне, жүзуіне қарап алдағы тағдырын, немесе соғыстың
жағдайын болжайды. Су толтырылған хауызды ғаламның микро-
поэтикалық бейнеленуі түрінде қабылдасақ, үйрек-қаздың жү-
зіп жүруінің символдық мəні үйлесімді де
бейбіт қалыпты аң-
ғартады. Н. Айтұлы поэмасында көк ала үйрек лирикалық
қаһар ман түйсігіндегі аспан кеңістігінде, белгісіз бір ғайыпта.
Яғни, жаратылыс үйлесімділігі бұзылған. Ақын пайымындағы
«əлемнің алты бірдей құрлығында жалғыз жаратылған» көк ала
112
үйрек өзіне тиесілі үш əлеммен (аспан əлемі, жер əлемі жəне
су əлемі) бірлікте емес, бəрімен бірдей жарасым таппаған. Сол
жарасымдылықты жаңғырту үшін де ақын өлеңнен көл жасап,
қондырғысы келеді.
Поэманың бірінші бөлімі ақынның көк ала үйрекпен, дəлірек
айтсақ, өлең рухымен сырласуы тəріздес.
Аспанға шығып кетсең, түсші бері,
Жанымның жарқылдасын күш-жігері.
Деуші еді алмағайып тылсым сырын
Адамнан бұрын, сірə, құс біледі.
Құстың ғарышпен тылсым байланысы мифтік таныммен
осы лайша берілсе, бұдан əрі көк ала үйрек туралы поэтикалық
толғаныс:
Сен бірақ құс емессің шындығында,
Түйінсің шешілмейтін бұл ғұмырда...
...Мүмкін, сен дəл қасымда күрсінесің,
Үкілі домбыраның кейпіне еніп, –
түрінде өрбіп,
жұмбақ сыры, киелі болмысы күрделене түседі.
Өлеңді кие тұтқан халықтық таным осылай бір бой көрсетіп өтіп,
ары қарай ақын :
Жайыңды, асыл құсым, мен түсінем,
Шықпайсың сағынғанның сен түсінен.
Маған да анда-санда аян беріп,
Алланың құр қалдырма еншісінен.
...Бар еді менің де бір
Достарыңызбен бөлісу: