Оқулық Алматы, 012 удк


«Əй, Адам! Сен жəне жұбайың жаннатқа оралас. Екеуің қа-



Pdf көрінісі
бет41/82
Дата20.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#108906
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Байланысты:
Erdembekov-Kazirgi-kazak-adeb

«Əй, Адам! Сен жəне жұбайың жаннатқа оралас. Екеуің қа-
лағандарыңша жеңдер. Алайда осы ағашқа жоламаңдар. Онда 
залымдардан боласыңдар (19-аят)». 
Бұл ескертуді Адам ата мен 
Хауа ана Ібілістің азғыруымен естен шығарады. Тыйым салынған 
ағаштың жемісінен дəм татады. Сөйтіп жұмақтан қуылады. 
«(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. 
Егер Сен бізді жарылқап, мəрхамет етпесең, əлбетте зиян 
етушілерден боламыз» деді. (23-аят) (Алла): «(Жаннаттан) бір-
біріңе дұшпан боп түсіңдер. Сендерге бір мерзімге дейін тұрақ 
жəне пайдалану бар» деді»(24-аят). 
Адам ата мен Хауа ананың 
жұмақтан қуылу оқиғасы əлемдік діни мифологияда да кеңінен 
таралған. Оқиғаны дайын сюжет 
тің осы тұсынан – шарықтау 
шегінен бастаған ақын екі «мұңлықтың» халін өсіп тұрған алма 
ағашының дір етуімен, жүректерін мұңның тікендей осуымен 
аңдатып өтеді. Əзəзілдің азғыруымен тыйым салынған ағаштың 
жемісін татып қойған екеуінің жұмақтан қуылғаннан кейінгі халін 
баяндауда ақын оқиғаны басқа арнада дамытады. 
Қос мұңлық қайтып кері беттемеді,
Бүгінде ескі сөз ғой, жоқ дерегі.


105
Мезгіл күз, жеміс жидек піскен уақ.
– Жо-жо-жоқ, – дейді біреу, – көктем еді.
«Есте жоқ ескі заманда» немесе «бағзы бір заманда» болған 
уақиғаның уақыт белгісіздігі де айтылып өткен:
Жаз екен гүл жайнаған сала мынау,
Қыс екен дейді біреу дала қырау.
Жұмақтан шыққан кезде кімге болсын,
Ұнауы қай кездің де нəмəлім-ау.
Фольклорлық балладаға тəн сипаттың бірі – əңгімелеу 
болса, ақын да осы сипатты басты көркемдік тəсіл етіп алған. 
Яғни, бұл туынды жаңа сипатты баллада емес, фольклорлық 
сипаттағы балладаға жақын келеді. Баллада құрылымындағы үш 
бөлімнің де «əлқиссамен» басталуы осы пікірімізді бекіте түседі. 
Балладағы кейіпкерлер мен лирикалық қаһарманның арасындағы 
эмоциональды байланыс көрінбейді, яғни лирикалық қаһарман 
толыққанды əрекет етуші тұлға емес. Басты кейіпкерлер – Адам ата 
мен Хауа ананың халін, жұмақтан қуылған сəттегі көңіл күйлерін 
танытуда күллі табиғат құбылыстарымен қатар періштелердің 
де əрекетін айтып өтеді. Бұл жерде көп назар Адам атаға түседі. 
Жұмақтан қуылған сəттегі ай мен күннің бір көрініп, сөнуі, 
Ысрафил періштенің дауылды оңды-солды құтыртуы, Жебірейіл 
періштенің кенеттен тас саңырау бола қалуы, Мəкəйілдің, Əзір-
ейіл дің тым-тырыс қалуы – осының бəрі Адам атаны түңіл діре 
түседі. Əртүрлі ойдың қайшыласуында оңашада Хауа ананы 
іштей кінəлаған Адам ата амалсыз жұмақтағы мекеннен жəне 
достарынан күдер үзеді:
Шығарып асты-үстіне тұнық көкті,
Қара түн ішін тартты ұлып кекті.
− Ұрдым мен достығыңды бəріңнің де! −
Соны айтып Адам атаң жүріп кетті.
Көктегі мекеннен мүлде алыстаған Адам ата мен Хауа ананың 
бір-біріне деген жылылық сезімінен туындаған Мейірім туралы 
лирикалық толғаныс бұл балладаның мəнін аша түскен:
...Адамнан ең бірінші Мейірім туды,
Сондықтан оның бізге орны бөлек.
Ол деген ең бірінші өмір еді,
Білсеңіз өмір де одан жеңіледі.
Іздейді ел еміреніп қай кезде де,
Ең тұңғыш перзентіндей көріп оны.


106
Қорқа ма, Жер мен Аспан сескене ме,
Қарайды үркексоқтап қос денеге.
Ортада Мейірімі бар екеуінің,
Қауіп емес енді оларға ештеңе де.
Осылайша оқиғаны бір түйіндеген ақын ары қарайғы желіні 
басқаша бағытта өрбітеді.
Сонымен Адам ата мен Хауа ана өздеріне жат мекенде Мейі-
рімді пана етіп, жапанды кезеді. Аспаннан аласталып, жерден 
тұрақ тапқан бұл жұптың тағдырында алма ағашының алар 
ерекше орны бар. Бұл ағаш – мейірім мен зұлымдықты тану 
ағашы, яғни екінші сипатта айтсақ, білім ағашы. «Адам ата 
мен Хауа анаға мейірім мен зұлымдықты тану ағашынан жеміс 
татып көруге тыйым салынған. Əйтсе де олар бұл тыйымды 
бұзбай қоя алмайды, əйтпесе, адамзаттық жобада өмір болмас 
еді. Сондықтан да, олар тиым салынған жемісті жейді. Бұл 
жайт, əлбетте, нəтижесінде адам абсолютті дəлдікпен мейірімді 
зұлымдықтан айыруға қабілетті немесе ол жаңсақтықпен өзін 
өзі Құдай деп санай алады дегенді тіптен, білдірмесе керек. 
Десе де, біз берісі, тұңғыш рет көзімізді аштық, қандай қиын 
болмасын өмір жолына түстік» деп жазады Дороти Норман. Осы 
ой ақын балладасында тереңдей танылған. Ежелгі дəуірлерден 
жеткен мифтік əңгімелерде адамның санаға ие болуы, сөйтіп 
адамзаттық өткінші өмірдің жобасын салуы қалыптасқан құдай 
заңын бұзумен байланыстырады. 
Діни киелі кітаптарда, ескі замандардан жеткен əңгімелерде 
Адам ата мен Хауа ананың құдай заңын бұзуына себепкер ал ма 
ағашының өзіндік маңызды орны бар болса, біз сөз етіп отыр-
ған туындының мазмұнында ол орталық символға айналған. 
Жұмақтан қуылуға себеп болған ағаш екі мұңлыққа «күні қысқа, 
түні келте» мекенде тағы да кез болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет