38
шылдық керек. Демек, бiрiншiден, мемуар жазу – өзiңе, қала
бердi халыққа есеп беру. Өйткенi, мемуар ғұмырнамалық деректi
шығарма болғандықтан онда қоғамдық-саяси оқиғалар автордың
өз өмiрiмен байланыстыра отырып баяндалады. Демек, автордың
қоғамға, мемлекетке, ұлтқа қаншалық
еңбек сiңiргенi мен сiңiре
алмағаны өзiнен-өзi екшеледi. Екiншiден, мемуар жазу – ардың
iсi. Тарихи шындық пен мемуарда баяндалған шындықтың арасы
алшақ кетпеуi үшiн автордың ары таза болуы керек. Əйтпесе,
өзiнiң қатесi мен күнəсiн бүркемелеу үшiн ақиқаттан алыстап
кетуi бек мүмкiн. Үшiншiден, мемуар жазу – ұлттың, ұрпақтың
тағдырына қатысты iс. Автор өзi өмiр сүрген кезеңнiң тарихын
келер ұрпақ осы туындысы арқылы танитынын түсiнуi, мойнында
сондай жауапкершiлiк тұрғанын түйсiнуi тиiс.
Қазіргі қазақ прозасындағы табиғаты
жағынан алып қарағанда
таза мемуарлық шығармалар мен мемуарға жақын болып
келетін естелік туындылардың мазмұндық, идеялық-көркемдік
ерекшеліктерін ажырата білу қажет. Естелік очерк, күнделік, ой-
тоғаныстар, хат жəне эпистолярлық, ақпараттық-деректік сипатта
жазылған шығармалар қазіргі таңда өте көп. Олардың бəрінің де
ортақтастығы
- өмір дерегіне, нақты фактіге құрылуы. Қатардағы
деректі туындыдан мемуар несімен ерекшеленеді дегенге келетін
болсақ, алдымен олардың ұқсас жақтары бар ма, бар болса,
қандай деген сұраққа жауап іздеген дұрыс.
Елiмiз тəуелсiздiк алған соң да мемуарлар аз жазылған жоқ.
Айталық, Ə. Нұршайықовтың «Мен жəне менiң замандас-
тарым» деген дилогиялық мемуары, Х. Əдiбаевтың «Өмiрдария»,
Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» дилогиясы, Қ.Жұмадiловтiң
«Таң
ғажайып дүние», Қ. Ысқақтың «Келмес күндер елесi»
жəне М. Мағауиннiң «Мен» деген
романдары қазiргi қазақ
мемуарларының арасында ерекше орын алады.
Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары жазылып, оқырман на-
зарына ұсынылған көрнекті қаламгер Ш. Мұртазаның «Ай мен
Айша» роман-эссесі жанрлық тұрғыдан мемуарлық шығармалар
қатарына жатқызылады.
Шығармада оқиғалар желісі шағын тақырыптарға бөлініп
баяндалады. Бұл оқиғалардың барлығы жинақтала келіп тұтастай
бір заманның бейнесін танытады. Роман
Достарыңызбен бөлісу: