«Аппақ жүзі қан-сөлсіз бозғылт, құп-қу. Қиығы түзу,
жəудірей қараған аялы үлкен қара көзінің тұңғиығына шүпілдеп
мұң тұна қалғандай тұнжыр, көз ады көгілжім тартқан».
Көріп отырғанымыздай, жазушы Сүзгенің сұлу қалпын
суреттеген кездің өзінде де сол сəттегі қайғы мен күмəннің,
қорқыныш пен күдіктің шарпысуы аясында көрсетеді. Ары қарай
оқиғаның дамуы лирикалық шегініс арқылы өткенге күнге қарай
шеру тартады. Тектілік пен парасатты жас та болса өз бойына
жинай білген Сүзгенің адал жар, сенімді дос ретіндегі тұлғасы
нанымды. Жас аруды биліктің тəтті, күндестіктің ащы дəмі
қатты ширықтырған. Ордаға келін болып түскен күнінен бастап,
күндестік пен пен арам ниеттілерді көргенде:
«О, Тəңірім, мені
абыройсыздықтан, бетіме шіркеу болар əлдебір өрескелдіктен,
əмсе, хан иемнің атына келтірер жаманаттан өзің сақтағайсың»,
59
- деп жар ретіндегі өзінің адал да таза ниетін танытса, автор осы
бір сөйлемдер арқылы шығарма шешімінің бір шетін алдын ала
аңғартып қояды. Сүзге осы уақыттан бастап, өзін сол трагедиялық
шешімге қарай бастап алып кетеді. Себебі оның жалпы өмірлік
ұстанымы да сенім мен адалдықты сақтау ғана болмақ. Екінші
жағынан алғанда Сүзге ордадағы үлкен ханымдардың, басқа да
сынаушылардың барлығымен «саяси күрес» жүргізе отырып,
шынығып, жетіліп алатынын да автор баяндап өтеді.
Жас ханым Сүзгенің үлкен өмірге бет алған сəті – хан иесінен
өзіне Ертіс бойынан жеке қорған салуға рұқсат алуы. Оның осы
сəттегі сезім халі мен толғанысы жазушы шеберлігімен кейіпкердің
өзіне тəн адалдығын, сезімталдығы мен байқампаздығын сақтай
отырып жеткізілген:
«...Ертіс бойлап жүрген күні көкірегіне түйіп қайтқан ойын
орайлы сəтінде хан иесіне білдірмекке көп толғанды. Қалай
айтпақ? Хан иесі қалай қабылдар екен? Ордадағылар айқай-
шу көтерері хақ. Оны тіпті ойламасқа бекінді. Хан оң қабақ
танытып жатса оны көрер. Қабыл алмаса, не шара?! Көңілге
алғанын қалайда айтуға бекінді. Даланың еркін өскен аруы түз
маралы секілді еркіндікті аңсайтынын сезінбесе, оның несі хан?..
Ханда қырық кісінің ақылы болады дегені қайда?..». Сүзгенің
күллі жан толқынысы сана ағымын беріліп, кейіпкер ойы үзіліп,
бірде анда, бірде мында тартқылайды. Күндес ханымдардың өзін
баққан көздері, күңкіл сөздері, ханның қаһары, өзінің болар не
болмас деген күмəні – барлығы да оның жанындағы арпалыс пен
қобалжуды байқатады .
Хикаят барысында Көшім хан оқиғаға көп араласпайды,
оның аузынан шыққаны да Сүзгеге қала салуға рұқсат бергенде
айтылатын:
«Қалауың болсын!». Алайда біздер Көшімнің ханға
лайық алып тұлғасын, азаматтық кескін-келбетін, сұңғыла
парасатын шығарманы оқу барысында танимыз. Жазушы Көшім
туралы бір-ақ ауыз хабарлама беріп өткен:
«Көшім хан дініне берік тақуа еді. Хан ордасы орныққан
Ескер қаласына Самарқан, Бұхарадан шеберлер алдырып мешіт
салдырып, мүфти шақыртыпты».
Осы екі сөйлем оқырманына мол ақпарат жеткізіп,, ханның
халық игілігіне еңбек еткенінен, оның рухани дүниесі бай,
60
парасатты тұлға екенін айғақтап тұр. Көшімнің бейнесін қа-
ламгер оның көзқарасымен жəне даусымен беріп өтеді. Жəне
оның барлығы да Сүзге ханымның ойы мен қабылдауы арқылы
бейнеленеді:
Көшім хан бейнесі оқырманға мынадай үзінділер арқылы
танытылған:
«Мерейлене көз тастар қос жанары», «Мейірлене
қарайтын шақтары», «Жанарында...қастерлі қимас сезім
жата тындай», «Қырағы көзі көрмей қалған жоқ», «Жып-жылы
Достарыңызбен бөлісу: |