Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет17/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
«...Осылай бүкіл жан дүниесі, 
санасындағы миллиардтаған түйіршіктерге дейін сұлуды аңсап
өртті сағынышқа күйгенде барып айқай дүниеге «Жұмбақ 
келіншек» келгенін шал кімге жария етсін! Қажеті қанша оның; 
шал соның бəрін сұлуға деген отты махаббаттың алауына 
оранып отырып жасаған, ендеше «Жұмбақ келіншектің» бүкіл 
болмысынан қараған жұрт сартап сағыныштың табын сезінсе 
болды емес пе; иə-иə, бар болғаны сол ғана... басқаның бəрі бос 
далбаса... Жо-жоқ дүниеге «Жұмбақ келіншек» келген жоқ, 
шал қателесіп отыр, суретшінің жан-дүниесі қорғасындай 
балқып, алтындай буланып қылқаламның құдіреті арқасында 
сол картинаның өзіне, «Жұмбақ келіншекке» айналып кетті 
емес пе; енді шал суретші боп емес, «Жұмбақ келіншек» боп 
өмір сүреді... олай болса картинаға қожайынның сырттай 
4–1036


50
иемденгенінен не өзгермек? Оның жалған атақ-даңқы сурет 
бетіндегі суретшінің жанын, жүрек лүпілін ысырып тастай 
алмайды ғой...». Осылайша шығарманың басынан аяғына дейін 
беріліп отыратын кейіпкердің толғаныстары мен тебіреністері 
оның шексіз сезімін білдіріп қана қоймай, басқа кейіпкерлердің 
бейнесін де ашуға көмегін тигізеді. Оқырманды да өзімен бірге 
ерекше бір сұлулық əлеміне жетелейді. Суретшінің лирикалық 
шегінісі арқылы берілетін келіншектің бейнесі мен туындыдағы 
келіншектің портреті бір-бірін толықтырып тұр. Келіншектің 
аты аталмай, «сұлу» деген аттың қойылуының өзі кейіпкердің 
портретін беруде ерекше қызмет атқарып тұр. 
Байқағанымыздай, портреттің кейіпкер бейнесін берудегі 
қызметі үлкен. Жалпы портрет жасаудағы жазушының амал-
тəсілі де əр түрлі болады. Кейіпкер портреті авторлық баяндауда 
да, кейіпкер тілінде де ұшырасады. Кейде бір адамның портреті 
екінші бір қаһарманның көзімен де беріліп жатады. Жазушы 
шеберлігі портрет арқылы адамның сыртқы сұлулығын жай 
баяндай салмайды, сол арқылы оның ішкі жан дүниесіне де 
үңілуінде жатыр. Адамның сырт келбетін, кейіпкердің кейбір 
ерекше белгілерін суреттеу арқылы қаһарманның мінез қырларын 
ашу да жазушылар қолданысындағы ұтымды тəсіл. Портрет əр 
адамның өзіндік сыр-сипатын, өзара бітімін танытуға да қызмет 
етеді. Сонымен қатар, портрет адам мінезінің негізгі өзгешелігін 
де білдіріп отыратын шығармадағы көркемдік компонент. Яғни, 
портрет кейіпкер жан дүниесіне талдау жасаудың, кейіпкердің 
мінез-құлқын ашудың бірден-бір негізгі құралы.
Лирикалық прозада уақыт пен кеңістік те ерекше рөл атқарады. 
Қазақ əдебиеттану ғылымында көркем туындыны зерттеудің 
бір түрі уақыт жəне кеңістік мəселесі болып табылады. Бұл 
мəселе туралы ертедегі Аристотельдің еңбегінен бастап ХҮІІ-
ХІХ ғасырлардағы бір топ зерттеушілердің еңбектері бар екені 
белгілі. Бұл мəселеге негізінен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан 
бастап ден қойыла бастады. Тұтастай жүйе бола қоймағанына 
қарамастан бұл кезеңдегі М. Бахтин, Л. Выготский, С. Эйзенштейн 
сияқты ғалымдардың еңбектері уақыт жəне кеңістік мəселесінің 
қалыптасуына негіз болды деуге болады. Əсіресе, 60-жылдардан 
бастап осы мəселеге көбірек назар аударыла бастады. Осы тұста 


51
зерттеушілер арасында екі түрлі көзқарас пайда болды. Олардың 
бір тобы уақыт категориясына, енді бірі кеңістік категориясына 
ерекше мəн берді. Осы орайда бұл екі категорияны біртұтас 
қарастыру қажет екенін атап көрсеткен М. Бахтиннің пікіріне 
ерекше тоқталуға болады. Ол уақыт пен кеңістікті бірлікте 
қарастыра отырып, оны «хронотоп» деп атады. Кейінгі көптеген 
зерттеушілер өз еңбектерінде осы тұжырымды басшылыққа алып 
келе жатыр деуге де болады. 
Ішкі монолог көркем шығармадағы кез келген деталь сияқты 
хронотопты болып келеді. Хронотоп дегеніміз – уақыт пен 
кеңістік ұғымдарының бірлігі. Уақыт кеңістікте ашылса, кеңістік 
уақытпен өлшенетіні белгілі. Ішкі монологтың хронотопында 
уақыт жетекші рөл атқарады. Бұл жағдайда көбіне уақыттың 
көрсетілуі ықпал етеді. Ішкі монологтарда көбіне: «ертеде», «бұл 
сол кезде болып еді», ал қазір», «ешқашан», «содан бері», есімде», 
«қазір», «сонда», «сол сəтте», «енді», «осы уақытта», «бірде», 
т.б. сөздер көп қолданылады. Бұлардың бəрі уақытты білдіретіні 
сөзсіз. Осылайша хронотоп сюжеттік те, бейнелеуіштік те қызмет 
атқарады. Мұнда сюжет нақтыланып, толыға түседі.
Уақыт жəне кеңістік сияқты философиялық ұғымдардың 
көркем əдебиеттегі көрінісі туралы айтқанда, басты назарды əр 
жазушының өз шығармасында жасаған образдар жүйесі, нақтырақ 
айтсақ, автордың адам концепциясына деген қарым-қатынасы. 
Лирикалық прозада сюжет мен автордың тебіреністері су-
реттеліп отырған оқиғалардың бір бөлігі болып табыла тындықтан 
оқиғалар мен автордың оларға қатысы арасындағы тартысқа 
қатысты болады.
Лирикалық прозаның негізінде əрқашанда автордың өзі тұра-
ды. Мұнда көбіне сезімге, сағынышқа мəн берілетін бол ғандықтан, 
кейіпкердің осындай тəтті сезімдеріне қатысты тебіреністері 
еске алу түрінде баяндалып отыратыны белгілі. Ол туған жерге, 
Отанға деген сағыныш па, өзінің сүйген адамына деген нəзік се-
зімі ме, болмаса өз өмірінің қымбат, ұмтылмастай қимас сəттері 
ме - бұлардың бəрі əр сəтте кейіпкердің есінде, қимастықпен 
ойына алып отыратын құбылыстар. Сондықтан да лирикалық 
прозада көбіне уақытқа шекқойылмайды. Кейіпкер кез келген 
сəтте осы оқиғаларды еске түсіріп, қазіргі кезеңмен салыстырып 


52
отыруы мүмкін. Шығарманың сюжеті мен композициясы да осы 
кейіпкердің көңіл-күйіне, сезіміне сəйкес құрылып отыратынын 
байқауға болады.
Мысалы, «Сұлу мен суретші» шығармасында суретші өзінің 
өмірінің ең тəтті де күйзелісті сəттерінің себепшісі болған 
оқиғаны бірнеше жыл уақыт өткен соң өзінің туындысына арқау 
етеді. Бүгінгідей өміріне себепкер болған қимас махаббат сезіміне 
өз уақытында қапаланып, өкінгенімен, жүрегіне мəңгілік жара 
салған сұлуға деген нəзік сезімінің нəтижесінде дүниеге керемет 
туынды келеді. Адамның, оның өмірінің уақытқа тəуелді екенін 
жазушы да өз шығармасында білдіргісі келетіндей. Мəселен, 
шығармадағы кейіпкердің: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет