Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет18/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
«Əйел жүзіндегі сезім толқынысының 
картинада тылсым күйінде сақталып қалуы суретшінің ең ұлы 
жеңісі еді; өз қолымен өмірге əкелген осынау ғажайып дүниені 
екінші қайтара сол қалпында қайтадан тудыру мүмкін емес 
екеніне суретшінің көңілі иланғалы қашан; суретші осы еңбегіне 
кіріскен кезі мен тəмамдап шыққан уақыт аралығын не сəл 
кешеуілдетіп, не сəл ертерек бастап жібергенде дəл «Жұмбақ 
келіншектей» кереметтің дүниеге келмеуі мүмкін екен ғой; сəл 
ерте немесе сəл кеш болғанда сол өлшеулі уақыт аралығында 
дүниеге келуге тиісті өнер туындысы қауызын жарар еді; ол 
бəлкім «Жұмбақ келіншектен» артық болар, мүмкін шаңына да 
ілесе алмас, бірақ бəрібір «Жұмбақ келіншек» емес! Сұлудың тіл 
жетпес көркі, яки тұрлаусыз сұлулығы ақ кенеп бетіне көшіп, 
өлмес, өшпес сұлулыққа айналуына ақ бас Алатаудың апай 
төсін аймалаған алқызыл арайдың да, тау басында ноқат боп 
нұрланып, терезенің əйнегіне шейін жақындап келетін Елес-
Сұлудың да шапағаты тиді; ендеше осынау өлшеулі уақыт 
аралығында суретші тыныстаған ауадан бастап бояуға 
дейінгі барша қоршаған ортаның картинаның тууына ықпалы 
болғаны ғой; осы өлшеулі уақыт аралығында суретшінің жаны 
тамшыдай еріп; қылқаламнан туған бояу боп ақ кенептің бетіне 
сіңе беріпті; иə-иə, суретшінің жаны өзі салған суретке ауысты... 
шалдың құр сүлдері жүргендей ештеңеге зауқы соқпайтыны 
да сондықтан болар. Ақиқатқа тереңнен үңілсе «Жұмбақ 
келіншекті» дүниеге əкелген тіпті де суретші емес екен, ол бар 
болғаны өзінің жанын суретке ғана берумен шектеліпті; ал 


53
осының бəрін бір жүйеге түсіріп, кереметті тудырып тұрған 
ұлы уақыт екен! «Жұмбақ келіншек» алғашқы нүктесі мен соңғы 
нүктесі қойылғанға дейінгі өлшеулі уақыттың перзенті; яғни 
тілмен айтқанда жиырмасыншы ғасырдың соңында дүниеге 
келген өнер туындысы!», - деген тебіренісінен автордың да өмір, 
уақыт туралы ойы анық сезіледі. 
Қандай шығарма болса да ондағы кейіпкерлердің болмысы 
қаншалықты дəрежеде бейнеленетіні көп жайды аңғартады. 
Кейіпкер шығармадағы басты тұлға екені даусыз. Сондықтан 
да оның бейнесін ашуда көптеген көркемдік тəсілдермен қатар 
уақыт пен кеңістік ұғымдары да айтарлықтай қызмет етеді. 
Яғни, жазушы кейіпкердің басынан кешегі өтіп кеткен жайларға 
бүгінгі күн тұрғысынан баға бергізе отырып, оның ойынан, 
санасынан хабардар етеді. Ал бұл көбіне өткенге шегініс жасау, 
кешегіні еске түсіру түрінде келетіндіктен, шығарманың да 
лирикалық сипатын арттыра түсетіні белгілі. Шығармаларды 
талдай отырып, лирикалық прозада уақыт пен кеңістік аясының 
шексіз болатынын, оның ешқандай заңдылыққа бағынбайтынын, 
шығарма сюжетінің де осыған сəйкес құрылатынын байқадық. 
Көркем уақыт пен кеңістіктің маңызды атрибуты сюжеттік-
композициялық құрылым ерекшеліктері сараланып, қаламгердің 
көркемдік-эстетикалық ізденістер жүйесі, стильдік даралығы 
оның сюжет құру, композицияны ұтымды қолдану саласынан да 
ерекше байқалатыны анықталды.
Сол сияқты поэтикалық синтаксис, яғни риторикалық сұ рау лар, 
көпшілікке арналған қаратпа сөздер, философиялық тұ жырымдар, 
сол сияқты анафора, қайталаулар, аллитереция, ло гикалық үзіліст, 
инверсия сияқты лирика жанрына тəн құ ралдардың қолданылуы 
пейзаждың мəнін түсінуге мүмкіндік береді.
Қайталау – поэтикалық тілдің элементі. Ол мəтінге ырғақ, 
ерекше эиоциональды бояу дарытады. Қаламгерде лексикалық 
қайталаулар анағұрлым күрделі тəсіл синтаксистік қайталаудың 
бір компоненті түрінде көрінеді. Жиі қайталанып, тұрақты 
түрде кездесетін сөздер шығарманың негізгі ойын ашуға, 
кейіпкердің көңіл-күйін білдіруге көмектеседі. Лирикалық 
стиль табиғатынан туындайтын ырғақ, поэтикалық инверсиялар 
мен қайталаулар жазушы шығармаларына айрықша реңк беріп


54
əсерлілігін күшейткен. Оның стиліндегі лирикалық, экспрессивті 
бастау автордың интонациясын, стилистикалық тəсілдерін де 
анықтайды. Бұл жазушының шығармаларына «лиро-эпикалық 
толғау жанрының саздылығын, əуезділігін» дарытады. 
Т. Ахметжанның шығармасында белгілі бір сөздер, сөйлемдер 
ғана емес, тұтастай бір ойлар қайталанып беріледі. Мысалы, 
шығармада: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет