Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет23/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
«Ай астында ағараңдап аппақ арлан ұшырасады. ...Сол екі 
арада қайдан тап болғаны белгісіз, қап-қара көкжал бөрі бұған 
тура ұмтылғаны. Сонда арлан атылып келіп, əлгі тажалмен 
тістесе кеткені. ... ақ пен қара айқасқан алапат шайқас басталды. 
...Əбден ...қансыраған шақта жандəрменнен ақ арланның азуы 
көкжалдың алқымына қадалып, сілкігенде созалаңдай барып, оның 
өлі денесі сылқ құлайды. Қаны судай аққан ақ арлан да шойнаңдай 
басып көзден ғайып болады. ...Сүзгенің үстіне сұп-суық əлдене 
құлап түскендей. Тажалдың жансыз денесі басып қалған екен деп 
...шошып оянғанда ... Сипалап еді хан иесінің бас жағында ілулі 
тұрған алтын сапты алмас қанжары төсінде жатыр». 
Əдеби шығармадағы жиі қолданылатын психологиялық 
тəсілдердің бір түрі – түс көру желісі. Біздің ауыз əдебиетімізде, 
дастан-жырларымызда, ертегілерімізде түстің сан алуан түрлері 
беріліп, прозамызда да өзіне сай ерекшелікпен көрініп келетініне 
бірсыпыра мысалдар да келтіріп өткенбіз. Жоғарыда келтірілген 
түс шығармадағы оқиға дамуын шиеленістіріп отыр. Алда 
болар оқиға Сүзгеге өзі ғана түйсігімен тұспалданып берілді. 
Ханым сондықтан да түсін ол қызметші əйелдерінің біріне де 
жорытпаған. Түсінде көрген ақ арлан мүмкін хан иесі болар. 
Жазушы олай деп айтпайды, біз оны
«Көзі тура адамның 
көзіндей. Бұрын бір жерден көрген елес сияқты. Сүзге қорқудың 
орнына жақындағысы келеді» деген сөйлемнен аңғарғандай 
боламыз. Қап-қара көкжал хан иесін қуғынға ұшыратқан Жармақ 
яки атаман Гроза шығар. Қалай болғанда да бұл екі көкжалдың 
біреуі Сүзгенің қорғаушысы мен қолдаушысы болса, екіншісі – қас 


63
дұшпаны, қара ниетті біреу. Бұл түстің нақты қалай жорыларын
ешкім де, тіпті Сүзгеге түс «көргізген» автордың өзі де білмеуі 
тиіс. Алайда осы түс арқылы кейіпкер санасының түбінде Сүз-
генің өзіне де байқала бермес, əлдебір қайраттың, əлдебір оқыс 
шешімнің пайда болғанын түйсінгендей боларымыз сөзсіз. 
Түсінен шошып оянғанда төсіне құлап түскен алмас қанжардың 
да тұспалдық мəні бар. Ол қанжардың неге құлап түскенінің өзі 
сауал туындатады. Психологиялық тұрғыда қанжардың құлауы 
кейіпкерді бір шешімге меңзегендей болады. Себебі оның өзінің 
əдеби шығарма үшін символикалық мəні бар. Мүмкін хан иесі 
сол қанжардың құлауы арқылы қылыш үстінде серт жүрмейтінін, 
өз басын басын қорғау керектігін айтпақ болған шығар. Сүзге 
ханымның төсіне құлаған қанжар əйтеуір қажетке жарауы керек: 
не жауға, не қорғануға. 
Жас ханым бұл түсті үлкен ордадан хабар алатын күні көрген. 
Оқиға желісі үзілместен сабақталып, түс көру арқылы кейіпкер 
алдағы қадамын қалай жасау керектігін шешеді.
Үлкен ордадан жайсыз хабар келген. Бұл хабардың жайсыз 
тигені соншалықты, Сүзге ханымның жанында тағы бір күмəнді 
ойдың бас көтеруіне себепші болған. Бұл күмəнді ой Сүзгені 
бағытынан тайдыруға əрекет жасағандай болады: 
«Көкірегіндегі сөне бастаған күндестік оты қайта тұ-
та нып, майсыз табаға салып қуырғандай жанын шыжғыра 
бастады. Хан ды қарайлатпаған үлкен ханымдардың ісі ме екен 
деп топшылайды».
Күмəн туындатқан əзəзіл ой мен кіршіксіз періште ниет 
арасындағы тайталас басталып, Сүзге санасын шырмаған түрлі 
ойдан біресе əзəзілді, біресе періштені қолдағандай болады. 
Күдікке толы ойға бір сəт бой алдырып алған кейіпкердің ішкі 
монологы да психологиялық ширығуға толы:
«Астафиралла! Мен нені ойлап кеттім. Хан иемнің өзінен бір 
дəйекті жауап болмай, мұнша неге түңілемін? ...Ханның құтты 
орданы орнынан қозғағанына қарағанда келген жаудың қаһары 
осал болмағаны ғой. Елге жау шауып, хандығына қауіп төнген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет