Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет22/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80
үнмен», «Қатал жанның сұсты жүзінен ...мерейлі шуақ пен 
жұп-жұмсақ нұр төгіліп...». 
Бұл келтірілген жолдардың барлығы Көшімнің биік тұлғасын 
тіптен дараландыра түседі. Көшімнің Сүзге туралы ойын да 
жазушы былайша баяндап өтеді:
«Хан иесі Сүзгенің бар қалауын орындауында өзіндік құпиялау 
сыр да жоқ емес-ті. Ол Сүзгенің бойынан ажар-көріктен 
басқа нəзік қайрат барын да таныған. Намыс отын аңғарған. 
Намысшыл жанда опа бар». 
Көшім хан ойымен берілетін бұл мінездеу шығарманың 
қайғылы шешіміне қарай жақындай түскен Сүзге ханымның 
болмысын тереңірек танытады. Хан көзімен берілер Сүзге 
образының бізге таныс қыры – адалдығы, адамгершілігі мен 
тектілігі ашылып, ойымыздың орнығуына себепші болады. 
Жазушы ашықтан ашық айтпағанмен Сүзгенің санасында 
бұл дүниенің қызығы бір таусылар деген бақилық сапарға 
дайындықтың бір көріністері де аңғарылып қалады. Бұл 
психологиялық дайындық Сүзгенің Жаратушы алдында кешірім 
сұрауы түрінде көрініс береді: 
«Астағфиралла, астағфиралла, астағфиралла! Астамшы-
лығым болса, күнəһар пендеңді, Тəңірі, өзің кеше гөр! Өз ұлы-
лығыңа сыйындым». 
Келесі сəтте жазушы өз кейіпкерінің қорғушы-періштесіне 
айналып, Сүзге ісінің пенделіктен ада, күнəдан таза екенін 
оқырманына жеткізеді.
«Əуелде, елден ерек сəн-салтанатымды асырайын, үлкен 
ха нымдармен бақ таластырайын демеп еді ғой. Бұл түскен 
күннен-ақ оның жастығын, ханның бұған ықыласы ауғанын, 
ажар-көркін қызғанғандардың басқан ізін аңдыған тіміскі 


61
көздері мен сыпсың қаққан қаңқу сөздерінен шалғай отырсам 
деген ниеттен ғана туып еді ғой». 
Бұдан кейінгі оқиғаның даму барысында Сүзгенің рухани 
толысуының, фəнилік дүниелердің барлығының алдамшы екен-
дігін түсінгендігі жеткілікті дəлелдемелермен көрсетіледі. Жас 
ханым пенделіктен арылып, адамдық қасиеттің келесі бір биігіне 
қадам басқандай қалыпта көрінеді. Бұл биіктеу кейіпкердің ақтық 
шешімге барынша жақындай түсуінің бірегей көрінісі.
«...Құбылаға қарап тізерлей отыра қалып, жаратқанға 
жал барынуын бастады. ...Үлкен ханымдардың өзіне жасаған 
озбырлықтары көз жасымен жуылып-шайылып кеткендей 
көңілінде қазір ешбір зəбір жоқ. Жасаған иеден оларға рахым-
шылық сұрады. Өз көкірегіндегі күндестіктің отын өшіріп, 
тұңғыш рет ханның барша жамағат-жұрағаттарының, бала-
шағасының тілеуін тіледі. Кімнің ісі ақ, кімнің ісі қара, оның 
ақ-қарасын жасаған ие өзі ажырата жатар. Тəңірінің əркімге 
лайық бұйырған үкімі бар шығар». 
Бұл біздің санамызға сонау бағзы күндерден құдіреті күшті 
Алланың өзі сіңірген ислам дінінің сопылық ілімімен сабақтас 
көрініс. Осы сəттен бастап-ақ Сүзгенің жаны қарапайым өмірдің 
күпірліктерін артқа тастап адами арылуға аяқ басқанын көреміз. 
Фəрид-ед-дин Əттардың «Əулиелер шежіресі» атты еңбегінде 
мұсылман дүниесіндегі белгілі сопылардың бірі Ибраһим 
Əдһам Əбу Ысқақтың өзін қамшымен ұрған адамның: 
«- Сені 
мен қамшымен ұрған кезде не үшін маған дұға еттің?» - деген 
сұрағына: «- Сенен көрген қорлығыма пейіштен орын берілетін 
болды. Сенің зұлымдығыңнан менің несібеме пейіш болатынынан 
саған жаһаннамның бұйырғанын лайық деп есептедім. Сол 
себепті саған дұға етіп кешірім өтіндім», - деп жауап бергені 
туралы айтылады. Яғни, мұсылмандық, соның ішінде тазалыққа, 
адалдыққа барынша жақын сопылық ағым өзіңе жаманшылық 
жасаған адамға кешіріммен қарай білуді пендеге мұрат етеді. 
Мұндай дəрежеге жеткен адамның бойына сабыр, жүрегіне иман 
тұнып, жаны нұрлана түспек. 
Қаламгер өзінің кейіпкерін мына тірліктің барлық кедергілері 
мен кемшіліктерінен аулақ əкете алмайды. Хан ордасындағы 
үлкен ханымдар күндестік жасады, ондай сəтте алданыш етіп, 


62
бауырын жылытар баласы да болмады. Дегенмен де Сүзге 
ханым қапысыз барар жері бақиға қарай иманға толы түзу 
жолмен бастап алып жүреді. 
Сүзге ханымның ахуалын психологиялық талдау арқылы 
барынша терең танытқан жазушы оның күйзелістерін дəлелді 
түрде көрсете алады. Кейіпкердің жан-дүниесінің диалектикасын 
таныта түсу мақсатында психологиялық талдаудың тағы бір 
тəсілін іске қосады. Повесть оқиғасының барысында, Сүзгенің 
бойын күдік жайлаған кезде, жазушы енді түс көру желісін 
шығарма құрылымына енгізеді. Кейіпкердің көрген түсінің өзі 
соншалықты жұмбақ, астарлы, соншалықты ауыр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет