Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет46/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
118
ІV т а р а у
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫ
Тəуелсіздік кезеңіндегі қазақ драмасының дамуы. Та-
қы рыптар жүйесі, тартыс табиғаты. Драмалық шы 
ғар-
малардағы тарихи тақырыптардың жаңғыра кө 
терілуі. 
Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі. 
Тəуелсіздік кезеңі тарихи тақырыптар сілеміне тыңнан жол 
ашқаны мəлім. Бұл кезеңде əдебиеттің барша жанрында тарихи 
тақырыптардың жаңғыра белсенді көтерілуі байқалды. Бұл драма 
жанрына да тəн болды. 
Көркем прозасымен қазақ əдебиетінің қорын байытқан 
Шерхан Мұртаза драматургия жанрының да дамуына үлкен үлес 
қосты. Қазақ театр сахнасының тұрақты репертуарына айналған 
«Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жалғыз үйлік зілзала», «Есек 
саудасы», «Домалақ ана», «Ноқтаға басы сыймаған» пьесалары 
драматургтің суреткерлік шеберлігін тағы бір қырынан танытты.
Белгілі драматург Қалтай Мұхамеджанов «Сталинге хат», «Бе-
с 
еу 
дің хаты» драмаларын «халықтық трагедияны екі тарихи 
тұлғаның өмірлік шындығы арқылы көрсетуге құрылған драма-
дилогия» деп бағалаған болатын. 
Өзінің сүйікті кейіпкері Тұрар Рысқұловты сахнаға əкеліп, 
тартысты заманның шындығын тереңдей таныту драматургтің 
жеткен жаңа жетістігі еді. Голощекин саясатының қазақ даласына 
апат əкелгенін Сталинге хат түрінде жазған Тұрар əрекеті, ұлттың 
үлкен қасіретін жанымен түйсініп, оған жүрегімен қиналғаны 
«Сталинге хат» драмасынан барынша көрініс тапқан. «Қыл 
көпір» романының соңғы тарауларындағы Сталин мен Рысқұлов 
арасындағы сөз қағысулар сахнаға əкелініп, романда тоқталмаған 
жайттарға қаламгер пьесада орын берген. Ашаршылық жыл-
дарындағы ел ішіндегі жағдайлар терең ашылған. Рысқұлов хатта 
жазғандарын Сталинге санамалап көрсетіп, Қазақстанға не керек 
екенін айтады. Соларды талап етеді. 
Сталин мен Тұрар арасындағы диалог астарлы ойлар қақ-


119
тығысына құрылған. Пьесаның соңғы шешіміндегі сахнаның екі 
бұрышындағы екі қара киінген адам Тұрарды 1937 жылғы зұл-
маттың құрбаны күтіп тұрғанын меңзейтін символдық кейіпкерлер.
Осы ашаршылық кезеңінің ащы шындығы «Бесеудің 
хаты» пьесасының да басты оқиғасы. Тарихтан белгілі, қазақ 
даласындағы қасіретті жағдайға ашынған бес қазақ жігіті 
Голощекин саясатының қателігін, «асыра сілтеу болмасын, аша 
тұяқ қалмасын» науқанын əшкерелеп, өлкелік комитетке хат 
жазған. Бұл өрімдей бес жігіттің халыққа араша сұрап, өз бастарын 
қатерге тіккені Х. Есенжановтың «Жүнісовтер трагедиясы» 
романының оқиғасына да енген. Ғатауллин, Қуанышев, Дəулет-
қалиев, Алтынбеков, Мүсірепов сияқты бес азамат қол қойған 
бұл хаттың халық тағдыры үшін мəні зор еді. Көрнекті қазақ 
қаламгері, қазақ əдебиетіндегі алыптар тобының өкілі, суреткер 
Ғабит Мүсіреповтің азаматтық тұлғасын толықтырар оқиға 
пьесадағы тартыстың өзегіне алынған.
Қаламгер Ш. Мұртаза қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың 
өмірін зерттеу барысында мынадай түйінді ой айтады: «Мен 
Тұрар Рысқұловтың өміріне, қайраткерлігіне арнап «Қызыл 
жебе» атты роман жазу барысына көп ізденіп, көп материалдар 
жинадым. Рысқұловтың партия алдында, мемлекет алдында 
атқарған еңбегі орасан. Ол талант иесі айтулы оратор, 
табиғатынан ерекше туған жан. Ұлан-ғайыр қызметінің бəрін 
жеткізіп айту да қиын. Ал соншалықты қайраткерлігінде ең 
ерекше, ерен қимылы неде? деген сұраққа мен: миллиондаған 
халықты апаттан аман алып қалу үшін жеке басын қатерге тігіп, 
ұлы қайрат көрсеткен екі кезеңі дер едім. 
Біріншісі – 1918-1919 жылдарда Орта Азияда, Қазақстанда 
үлкен аштық болды. Сонда Тұрар Рысқұлов аштықпен күрес 
комиссиясын басқарып, халықты жаппай қырылудан аман 
алып қалуға барын салды. Екіншісі – тағы да аштық. 1932-1933 
жылдары жаппай ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда өрескіл 
бұрмалаушылық орын алды. Осының салдарынан халық көпе-
көрнеу аштыққа ұшырап, өмірде сирек кездесетін нəубетке тап 
болды», - деп жазады (Ш. Мұртаза. Тұрар Рысқұлов, мақала, 
498 б. Алты томдық шығармалар жинағы. Төртінші том. Повестер, 
пьсалар, эсселер. Алматы, 2002).


120
«Сталинге хат» екі бөлімді тарихи диалогі Тұрар Рысқұловтың 
халықты аштық тырнағынан құтқару жолындағы қайраткерлігіне 
арналады. Бірінші бөлімнен-ақ Тұрардың Кремльдегі Сталин 
кабинетіне жасқанбай еніп, халықтың қал-ахуалын, елдің зобалаң 
тырнағына ілінген жағдайын жеткізе айтуынан басталады. 
Тұ р 
ар 
дың мемлекет басшысымен тіл қатысуында өткірлік, 
ойының нақтылығы аңғарылып тұрады. Сталин кабинетіне үнемі 
əлде
қайдан қаһарлы əрі зарлы əуен естіліп тұрады. Ол кейде 
Тұрармен ере кіргендей болады. Халықтың да əбден тығырыққа 
тірелгені ауылдан Тұрардың қарындасы Түйметайдың балаларын 
ертіп, Мəскеуге, Тұрарға келуінен байқалады. Молшылық пен 
дарқандықтың мекені - қазақ даласының да күйі кеткендігі көрі-
не ді. Елі мен жерінің тағдырын ойлап ширыққан Тұрар Сталинге 
жазған хатынан жауап күтеді. Ондағы жауап миллиондаған 
халықтың тағдырын шешпек. Рысқұлов пен Сталин арасындағы 
диалог тартысты жағдайда өтеді. Екеуінің сөзі де ұтқыр, дəл, бір-
бірін сынай, бағалай жасалатын тіл қатысулар. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет