Оқулық Алматы, 012 удк


Х. Оралтай. “Елім-айлап өткен өмір” романы



Pdf көрінісі
бет54/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Х. Оралтай. “Елім-айлап өткен өмір” романы.  Еліміздің өз 
дер бестігін қолына алуы, рухани тəуелсіздікке де серпін берді. Ел 
еңсесін тіктеп, тарихын саралап, өзінің рухани құндылықтарының 
іздеушісіне айналды. Шет елде жүрген ағайындар да бір жағадан 
бас құрап, туған жері - киелі шаңырағына оралуға мүмкіндік 
алды. Олар əр қиырда жүріп-ақ, туған елін дəріптеп, тілекші 
болды. Сондай азаматтың бірі – жарты ғасырдан астам өмірін 
шетелде өткізіп келе жатқан, алайда жүрегі «елім-айлап соққан» 
қайраткер, журналист, зерттеуші Хасен Оралтай. Туған жерден 
жырақта жүрген Хасен Оралтайдың да бар арман-аңсары қазақ 
жұртын таныту, жоғын жоқтау болды. Жат елдің талай қиындығы 
ұлт жанды азаматтың сағын сындырмады. Жиырма жасқа енді 
келген өндірдей жас тіршілік қамымен Салихлыдан Ізмірге 
келіп, əр түрлі жұмыстар істейді. Оның ағылшынша-түрікше 
жетік сөйлеуі, жұмысқа ынтасы мен тындырымдылығы тез 
көзге түседі. Ол Түркияға келген кезде өзінен ”қытай, жапон 
иə кəріссің бе” деп сұрайтындығы қатты қынжылтатын. Сол 
кезден бастап, ұлттық намыс, мүдде сезімдері мазалайтын, өзінің 
қазақ жұртынан екенін таныту ойы туындайтын. Осы арманын 
10–1036


138
ол жазу ісінде жүзеге асыра бастайды. Бұл туралы Х. Оралтай: 
“...Түркия жұртшылығына қазақты таныстыру мақсатымен 
бір кітап жазу ісіне кірістім. 1961 жылы көктемде “Еркіндік 
жолында Шығыс Түркістан қазақ түріктері” деген тұңғыш 
кітабымды жарияладым”,-дейді. Жат жердің аласапыран күресі 
мен тартыс-таласын бала кезден басынан өткерген Хасен ес 
білгеннен бастап, туған ел-жерінің тілегін, ынтымағын тілеп 
өткен. Журналист, тарихшы, қоғам қайраткері ретінде алашшыл 
бағыттан жаңылмаған тұлға. 
Хасен Оралтайдың Түркия мен батыс елдеріне Қалибек 
Хакім атанған əкесі Қалибек Райымбекұлы шетқақпай тірлік 
кеш кен ағайынның басын қосып, тұрақтап қалатын мекен іздеу-
де көпшілікті бастай білген. Ұзақ сарсылған сапардан соң, 
Түркия жерімен қауышады. Салихлы қаласына орналасып, мал 
өсіріп, теріден киім тігіп кəсіп жасаған Қалибек ел-жерді ойлап, 
өздерінің қазақ жұрты екенін таныту мақсатында айналасынан 
хабар алып, бастарын біріктірудің əрекеттерін жасап бағады. 
Қалибек елді азаттық көтеріліске бастап, Қытай елінің қысымына 
қарсылық көрсете білген. “Қазақ үшін Алаш идеясынан, оның 
бес ұлы нысанынан артық мүдде болуы тиісті емес. Олар: жер; 
жер асты мен үстіндегі барлық игілік; толықтай экономикалық 
тəуелсіздік; ұлттық тіл, дін, діл үстемігі; ұлттық-демократиялық 
мемлекет құру. Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық күресі де 
осы бес мақсатты жүзеге асыруға ұмтылған халықтық қозғалыс. 
Қалибек Хакім де осы бес мақсат үшін күресті. “Етегімен су ішті, 
етігімен су кешті”. Азаттық аңсаған көштің атойшысы болды. 
Алаш идеясын бойтұмар ғып тағып, ар-иманымен қоса жүрегіне 
ұялатқан арыстарымен бірге қазақ халқының бостандығының 
рухы болып Еуразияны шарлап жүрді. Олардың бұл аңсары 
Дəлелхан Жаналтай, Халифа Алтай, Хасен Оралтай, Қамза Ұшар, 
Құсайын Тəйжі сияқты ұрпағы арқылы ауа толқындарымен туған 
еліне жетіп жатты. Солардың талып жеткен дауыстары біздің 
жүрегіміздегі алаш идеясының қоламтасын қоздатты”. 
Атамекенінен амалсыз қара үзген ұрпақ өкілі Х.Оралтайдың 
қоғамдық, қайраткерлік қызметі бірнеше салада өрбиді. Со 
ның 
бірі - өмірінің отызға жуық жылын арнаған “Азаттық” радио-
сындағы еңбегі. Германияның Мюнхен қаласындағы “Азат-


139
тық” радиосы 1953 жылы жұмысын бастайды. Бұл қызметке аса 
жауапкершілікпен кіріскен Х. Оралтай радио хабарларына кіріс-
тірілетін ақпараттардың мазмұн-мəнін зер сала сараптап, негізді 
материалдарды беруге мұқият қарайды. Қазақстанның тəуелсіздігі 
жарияланғанын естігенде, сүйінші хабар дайындап, бұл қуанышты 
хабарды жеткізу бақытына ие болғанын тебірене жазады. 
Х. Оралтай өз ұлтының тəуелсіздігіне шаттанып, əдебиеті мен 
тарихының шынайлылығының жақтаушысы қатарында, айғақты 
мəліметтерді толассыз, мақсатты түрде ұйымдастырып отырады. 
Соның бір дəлелі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты 
сараптауы мол, шынайы хабарларды жеткізіп отыруы еді. Осыған 
байланысты желтоқсан айында əр жылы “Азаттық” радиосының 
қазақ бөлімі арнайы хабарлар ұйымдастырып, сұхбаттар жүргізуді 
үрдіс етеді. “Түркістан Мұхтарияты” үкіметінің құрылған күнгі 
мүшелеріне арнап, М. Тынышбайұлын, М. Шоқайұлын еске алу 
хабарларын өткізеді. Өз қоғамының даму өресін басқадан бұрын 
байқап, халқының есесін түгендеп, ұлттық қасиетін тереңдетіп 
отыру ұлтжанды азаматтарға тəн болса, қайраткер Х. Оралтай 
сондай тұлға. 
Заман өзгерісін терең таныған зиялылар халқының ұлттық 
санасының оянуына қажетті мəселелерді дұрыс барлап, əрі 
қа райғы өрлеуіне ықпал етті. Ұлтының тəуелсіздігін аңсап, 
рухының биік болуын қолдаған қайраткерлердің бұл жолдағы 
мұрат-мақсаттары да ортақ еді. 
Ұлттың ұйытқысы болатын зиялы қауым, ел бағына туған 
тұлғалар қай жерде де өз туған ел жерінің тұрмыс-тынысын аңдап, 
ата жұрт, туған халқының жанашыры бола білген. Олар алдыңғы 
сапта жүріп, жол, жөн көрсетумен қатар, өздерінің тағылымды 
өмірлерін ұрпағына ұлағаттай білген. 
Хасен Оралтайдың “Елім-айлап өткен өмір” естелік-рома-
нының оқиға желісі ғұмырнамалық шығарма сипатына сай 
отбасы, əулет мəселесін баяндаудан басталады. Ата-тегі мен 
өскен ортасын тарату үстінде автор атасы Райымбек пен Қали-
бектің дүниеге келген өңірінен бастап, жаз жайлауы мен 
қыс қыстауы болған қоныстарын тəптіштей баяндайды. Есті 
ұрпаққа ой салатын естеліктің иесі Хасен Оралтай “Елім-айлап 
өткен өмір” еңбегінде сырт өмірдегі ғұмырды сипаттайды. 


140
Автордың өзі кітаптың жазылуы туралы былайша баяндайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет