Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет50/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80
«Алты алаштың айбыны мен айбары... Алда-жалда 
туы қисайып, шаңырағы шалқия қалар күн туса, бұл халыққа кім 
ие?.. Айдынынан, Абылайынан айрылған күні не болмақ?» деген 
сұрақ-жауаптармен берілетін диалогтар мен монологтар қазақтың 
кешегі мен бүгінгі тірлігінің жанды суретіндей көз алдыңнан 
елестеп тізбектеліп өте береді.
Ханның биік парасаты, өр мінезі «Қазақ хандығының есігін 
теуіп кіруге құқығымыз бар» деп екіленген орыс пен қытайдың 
елшілері əдеттен озып, тым еркінсіп кететін хабарды жеткізгендегі 
Абылайдың сөзі мен қимылы егеменді елдің басшысына тəн, 
оқырман қауымның бұл көріністі асқан ілтипатпен қабылдауы 
содан. 
«Мұнда орыстың əмірі де, қытайдың жарлығы да жүр-
мейді! Бұл – қазақтың жері. Ханы – Абылай!».
Бұл – елінің егемендігіне, қазағының бірлігіне, өзінің сара 
саясатына сүйенген Абылай сияқты кемеңгердің аузынан ғана 
шығатын қасиетті сөз. 
М. Байсеркеновтың “Абылайдың ақырғы күндері” драмасында 
сырқат Абылай аласапыран да тас түйін күйде, психологиялық 
тұрғыда ауыр жағдайды бастан кешеді. Пьесадағы Абылайдың 
өлімі туралы болжамдардың бірі сюжетке негіз ретінде алынады да, 
хан өмірінің соңғы үш күнін бейнелейді. Осы күндер ішінде хан өз 
өміріне жүргізген саясатының жетістік-кемшін тұстарын, қателігін, 
өкінішін, қол жеткізе алмай қалған арман-аңсарын зерделеп, көз 
алдынан өткізеді. Хан өмірі, оның саяси жолы, ондағы жақтастары 
мен қарсыластары, жорықтары “сана ағыны” тəсілімен де, Бұқар 


128
жыраумен диалогтарында айшықты бейнеленеді. Пьесадағы 
кейіпкерлер саны үшеу: Абылай, Бұқар жырау, Сейіс. Бұқар - 
ойшыл, ханның кеңесшісі, жырау; Сейіс - Абылайдың күзет 
басшысы, ханға көзсіз берілген адам. Сахнада өтетін оқиғалар 
бір-бірімен жалғас екі уақыттық өлшеммен беріледі. Алдымен 
ел-жұртының көз алдында Абылай мен халықтың тағдыры 
сығымдалып, жинақталып беріледі, екіншісі өткен тарих бүгінгі 
күнмен салыстырыла көрінеді. Абылай ұлы хан болғанымен, Уақыт 
пен Тарих алдында кəдімгі жан, пенде. Яғни, пьесаның соңында
барлығын таразылайтын, барлығына төрелік ететін - Уақыт 
деген түйін беріледі. Киносценарий мен драмалық дастандардың 
басынан соңына дейін үзілмеген желі – қазақ халқының бостандық 
тілеген тілеуі, соның бойында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген 
елді жаудан қорғаудың сан жағдайы, сол ұрпақтар ішінде Абылай 
ханның тұсындағы күрес, көреген қолбасшының өмір сүрген 
заманы, сол замандағы ақиқат пен шындық.
Ал негізі, кез-келген өнер туындысының мақсаты – өз кейіп-
керлерінің болмысын, жан дүниесін ашып көрсете білу, сол 
арқылы адамдардың сезіміне əсер ету болса керек. Бұл тұрғыдан 
қарағанда, Маман Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы 
күндері» – қазақ драматургиясында өзіндік орны бар пьеса. 
Жалпы, тарихи-өмірбаяндық пьесалардың ішінде Ə. Кекілбаевтің 
“Абылай хан” мен М. Байсеркеновтың “Абылайдың ақырғы 
күндері” драмалары Абылай ханның бейнесін жасауда жарыса 
қалам тартқан екі автордың да айтар ойларының айқындығын 
көрсетеді. Ұлы тұлғаның сахналық кескінін еске ұстай отырып, 
жалпы əдеби драматургиялық нұсқаның ішкі қақтығысқа толы 
күрескерлік, қаһармандық рухын сақтаған. Бұрын əдебиеттің қай 
жанрында да дəріптелмей келген Абылай сынды тұлғаның жеке 
өміріне, тағдырына байланысты деректердің тапшы болғанын 
ескерсек, бұл драмалардың ұрпақ үшін тарихи маңызы зор. 
Еділ мен Жайықтың аралығында еркіндік пен азаттық жо-
лында болған күрестерге тарихта ұлт-азаттық қозғалыстар деген 
сипаттама берілген. Сол қозғалыстардың ішінде Сырым батыр 
бастаған көтерілістің орны да мəні мен маңызы да ерекше. 
Өйткені, ол ұзақ жылдар бойы тек орыс отаршылдарымен ғана 
күресіп қоймай, башқұрттармен де, қалмақтармен де шайқасты.


129
Бұған қоса Сырым Датұлы сол кезде Нұралы ханмен де ұстасты. 
Батырдың осындай қым-қиғаш əрі шым-шытырық кезеңі 
өзек болып табылатын өмірінің соңғы он жылы Рахымжан 
Отарбаевтың «Сырым батыр» тарихи драмасынан көрініс тапқан.
Сырым Датұлын тарихта өзіндік сөйлеу мектебін қалып-
тастырған шешен, бір ауыз төрелігімен дүйім елді бітістірген би, 
алыс-жақын шет елдермен келісім жасасқан тұңғыш елші, он төрт 
жыл бойы орыс патшасының езгісіне қарсы күрескен алғашқы 
батыр, ардақты тұлға ретінде білеміз. 
Ал драматург өз шығармасында Сырымның орыс патшайы-
мының жарлығымен бас старшын болып сайланған сəтін 
бейнелейді. Пьесаның басты кейіпкері оған бұл атақ зымиян, 
арам оймен беріліп отырғандығын бірден аңғарып, одан əрі іштей 
серпіліп, ширыға түседі.
Ел, халық мүддесі, отаршыл саясат салдарынан орын алған 
озбырлықтар батырдың жанын жай таптырмайды. Сөйтіп, өзіне 
берілген шенді елдікті қорғап, ауызбіршілікті нығайтуда, ел 
намысын қорғауда ұтымды пайдалана біледі. Ең бастысы, қандай 
қиын жағдай болса да халық қамын ойлау – оның басты мұраты 
екендігі тарихи драмада нанымды суреттелген. Осылайша, туын-
дының авторы Сырымды тарихи дара тұлға ретінде бейнелейді.
Жалпы жазушы-драматургтер С. Жүнісов, Ə. Кекілбаев, 
М. Бай 
серкенов жəне Р. Отарбаев Абылай хан мен Сырым 
батырдың атынан заман шындығын, хан мен батырлардың 
айбарын, көрегенділіктері мен тапқырлықтарын көрсетіп сөйлете 
алған. Бұл шығармалар халық сүйсінетіндей, табынатындай 
көркем туынды болып, қазақ əдебиетінің алтын қорына қомақты 
үлес əкелді деп айта аламыз. 
Ш. Құсайыновтың “Томирис” пьесасы да тарихи тақырыпқа 
жазылған сəтті туынды. Біздің дəуірімізге дейінгі 530-шы 
жылдар шамасында өмір сүрген сақтар патшайымы Томирис өз 
жері, туған даласы үшін аянбай күрескен. Оның даңқы кейінгіге 
Геродот жазбалары арқылы жеткен. Бүкіл Азияны билеген 
парсы патшасы Кир сақ даласына да көз алартады. Өзі билік 
құрып тұрған жердегі байлыққа көңілі толмай, Томиристі жар 
етіп, сақ даласына үстемдік етсем деген ой мазасын алады. Осы 
ойын Томириске жеткізеді. Ол Кир патшаның қызыққаны сақ 
9–1036


130
даласының кеңдігі мен асып-тасқан байлығы екенін түсініп, 
парсы патшасының бұл ойы жүзеге аспайды деп жауап береді. 
Парсы əскерлеріне қарсы алғашқы айқаста Томиристің баласы 
Спаргапис қаза табады. Ұлынан айырылып ашынған ана бүкіл 
сақ жұртын атқа қондырады. Тарихшы Геродоттың айтуынша 
бұрын-соңды болмаған сұрапыл шайқас болады. Жеңіліс тауып 
көрмеген Кир патшасы сақтардың жауына қатал, жорыққа берік 
халық екенін білсе де, жеңуді мақсат етеді. Сырдарияның бер 
жағында өткен алапат шайқаста сақтар өздерінің жауынгер халық 
екенін дəлелдеп, парсыларды қырып салады. Міне, біздің бүгінгі 
жерімізді ұлы бабаларымыз осылай қорғап қалған. Пьесада биік 
отаншылдық рух танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет