“Ес білгеннен бері көргенім – жазда əкем Қалибектің
сол Дөңжайлаудағы үйі..., менің өмірімнің алғашқы он төрт
жылы аталған жерлерде өтті”. Уақыт пен кеңістіктің рөлі
əдеби шығармада түрліше көрініс береді. Ол лирикада мотив,
лейтмотив түрінде символдық мəнге ие болса, прозалық
шығармада сюжеттің негізін құрайды.
Шындығында, “эпикалық жанрдың тектік, жанрлық ерек-
ше ліктері сөз жоқ, өзіндік ерек сипаттарымен қалыптасатын
эпикалық уақытты талап етеді. Эпикалық қарым тұтас дəуірде,
оның даму жолдарын зерттеуге əкеледі. Яғни, мазмұнның
эпикалық құрамы көп қабатты уақыт мезеттерін тоғыстыратын
эпикалық уақытты анықтайды. Оларды романның жанрлық
ерекшеліктеріне қарай екшеп орналастыру шығарманың поэти-
калық аса күрделі құрылымын жасайды”.
“Елім-айлап өткен өмір” романында ел басына зауал төнген
шақта, ел-жұртын азаттық күреске бастай білген азаматтардың
146
тұлғасы мен əрекеттері шығарманың өне бойында көрініс
беріп, сюжеттің сабақтаса өрбуіне жол ашады. Сөйтіп, шығарма
оқиғасындағы адастырмай отыратын желі – азаттықты аңсау,
халық тағдырына ара түсу идеясын тереңдетеді.
Романда нақты суреттелетін тарихи оқиғаларға көркемдік
астар беріліп, оның əсерлілігі күшейе түседі. Мəселен,
“Шолғыншылардың “жау келе жатыр!” деп аттан салуы
естілуімен, апам марқұм сыртқа тұра жүгірді. Біз балалар
да үрейлене қоса жүгірдік. Əкем үйде жоқ-ты. Біз сыртқа
шыққанда апам: “əне, қалың шаңды көрдіңдер ме? Келе жатқан
жаудың шаңы. Алла дін мұсылманды, Алаш азаматтарын сақта
деп тілек тілеңдер”,- деді бізге” деген қысыл-таяң шақта тілек
айтып ел қорғаны – батыр-азаматтардың амандығын тілеу сияқты
ырымды еске салады. Тарихи-деректік сипаты мен көркемдік
бояуы қатар өрбіп жатқан роман өзінің сюжеттік желісінің белгілі
бір реттілігімен, дəйектілігімен ерекшеленеді.
Халық басына қиыншылық туғанда, өзінің ақылдылығымен,
пəрменділігімен елге ұйытқы болып, ой салатын тұлғалар болған.
Тұлғаны алмастай етіп қырлап, заманы шыңдайды. Ал, алмас
қатты нəрсені жарады, жұмсақты тіледі (М. Əуезов). Сондай
азаматтар заманалар бойы елінің рухын төмендетпей, жігерін
жанып отырған.
Автордың қоғамдық-саяси саладағы əрекет-қадамдары алпы-
сыншы жылдары айқын көріне бастайды. “Еркіндік жолында
Шығыс Түркістан қазақ түріктері” деген тұңғыш кітабының
кіріспесінде автор: “Əр күн қорқу мен үрейлену жəне мың бір
түрлі қауіп-қатер ішінде өмір сүрудің қиыншылығын тек басынан
өткізгендер ғана біледі... Сол азап пен ауыртпашылықтарға
душарласып, оған шыдап-төзбеуіміздің себебін сұраудың қа-
жеті бар ма? Міне, кітабымның негізгі тақырыбы сол жө нін де.
Бұл сауалға бір-ақ ауыз сөзбен жауап беруге де болады: “түркі
тектес болуымыз, ерікті адам болып өмір сүруді көксеуіміз”.
Х. Оралтайдың бұл тырнақалды кітабы Түркияда қазақ атымен
шыққан, əрі қазақ жазған тұңғыш кітап болуымен де ерекшеленеді.
Бұл кітап толықтырылып, жаңа түсініктер кірістіріліп, Ыстамбұлда
екінші рет жарық көреді. Ғұмырбаяндық шығармалардың не гіз -
гі ерекшелігі өткенді еске түсіруден, өткенге жүгінуден тұрады.
147
Ғұмырнамалық сипаттағы бұл шығармада хроникалы сюжетпен
баяндау тəсіліне орын берілген. Х. Оралтайдың сөзі де мұны
дəлелдей түседі:
“1933 жылы дүниеге келген, 1945 жылдың
көктемінен кейінгі өмірі “əне, жау кеп қалды” деген ылғи
үрку-қашумен басталып, 1947 жылы кеңестік сұғанақтық
шабуылдардың салдарынан ата қоныс Қызыл өзеннен шығысқа
қарай қашқан, 1949 жылдың аяғында да Сталин мен Мао Зедұң
Достарыңызбен бөлісу: |