Оқулық Алматы, 012 удк



Pdf көрінісі
бет56/80
Дата22.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#95920
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
“... Шыңжаң тарихына көз жібергенде дəл осы кезде 
халық тағдырына жан-тəнімен күйініп, халықтың болашағын 
ойлап, өздерінің басын бəйгеге тігуге батылдық еткен қазақ 
жұртынан екі-ақ адам болды. Оның бірі əйгілі Оспан батыр, 
енді бірі Қалибек Райымбекұлы” немесе “1948 жылдың қыркүйек 
айында Шығыс Түркістанда Оспан батырға барып жолыққан 
американдық оқымысты проф. Др. Doak Barnett “China on the 
eve of communist takeover” деген кітабының 255 бетінде Оспан 
батыр мен Қалибекті де тілге тиек еткен, “ол кезде Оспанның 
жанында қазақ болды... Оспан, Қалибек, Дəлелхан Сүгірбай 
Шығыс Түркістан республикасы құрушыларынан саналады», - 
деген тарихи деректерді келтіріп, тарихи оқиға барысын бекіте 
түседі əрі сюжет барысына кең дəлел, толыққанды түсінік береді. 
“Елім-айлап өткен өмір” шығармасындағы тұтастық оның əр 
бөлім, тараушаларында баяндалатын ішкі тақырыптық бірліктен 
туындайды. Романға арқау болған оқиғалар автордың “көзбен 
көріп, есінде қалғандары”. Сондықтан да өмірлік, өмірбаяндық 
деректерді көркемдік, нақты талдаулармен дəйектей отырып, 
қазіргі күн тұрғысынан өткен тарихтың күрделі болмысын берген.
Екі жүз үйден астам ел малдарын жетелеп, Такламакан шөліне 
бет түзейді. Осы “Қалибектің елі” бет түзеп, жүріп өткен жолы 
кейіннен “Қалибек Өткен” деп аталып кетеді. Белгісіз бағдар, 
көңілдегі түйіткіл, бөтен жердің қаупі адамды əр түрі ойларға 
бастап, көптеген ырымдарды медеу етуге бастайды. Əрбір жол-
асудан асқан сайын алланы ауызға алып, тəубамен келе жатқан 
жұрт апталап көшеді. Сол тұста автор: “Лоп-Нор өзенін жағалап 
дəл қанша күн көшкеніміз белгісіз. Кейін Гималай тауында 
апам, Нұркамал деген баласы өлгенде, сол қарындасымның 
түйіншектерін шешіп отырып, соның бір кішкене дорбасынан 
жиырма сегіз тас шығарып: 
“Мыналарды Лоп-Норды жағалап 
көшкенде Нұркамалым “əр қонған жердің белгісі” деп алып, 


143
осы дорбасына салушы еді. Айналайынымның осы тастардың 
санындай да өмірі болмады ғой” деп егіле жылағаны есімде дейді.
Автор бұл жерде нақты айғақты, оның жиынын (жиырма сегіз 
тас) көрсете отырып, сол кезеңдегі көп ұшырасқан трагедиялық 
халді (жол азабы, адам шығыны, қайғы) ашады. Шығарма 
тіліндегі осындай жинақтай баяндау жеке бас тірлігінен қоғамдық 
сипаттағы оқиғаларға дейін жетіп отырады. Мəселен, “Қытай қол 
астындағы Шығыс Түркістан қазақтары жиі қоныстанып жəне 
1950 жылға дейін тұрғындарының көпшілігін қазақтар құрап 
келген Алтай, Тарбағатай, Іле-Құлжа жəне Баркөл-Құмыл мен 
Еренқабырға бөктерінде сол 1950 жылдарға дейін оқу-ағарту ісі 
дамымады. Тек Шығыс Түркістан жұмхүриетінен кейінгі кезеңде 
ғана оқу-ағарту ісі қолға алынды” деген мəлімет келтіріледі. 
Осы жалпы сипатты деректерден кейін өз өлкесіндегі жағдайдан 
хабар береді. Онда кейінгі қарулы көтерілістен соң ол мектептің 
жабылып қалғанын, одан кейін қытайларға шабуылдап олардың 
үйін өртегенде, мектептің де өртеніп кеткенін айтып, мəліметті 
тиянақтай көрсетеді. Жалпы шығармада автор оқиға, деректерді 
жалпылай жəне жинақтай, талдай жəне түйіндей беріп отырады. 
Осы тұста пікір, тұжырым айтуда өз көзқарасын кейде субъектілі 
түрде, кейде объективті тұрғыда ұсынады.
Х. Оралтай роман желісіне пайдаланған деректердің бастауын 
айқын көрсетеді. Мəселен, “Қытай деректері”, “Американ де-
рек 
тері” деген атаулармен беріліп, ондағы мəліметтердің оң- 
терісін саралайды. Қызылөзен көтерілісіне байланысты бұр-
малаушылықты көрсетіп, дұрыс мəліметтерді кейінгі тəуелсіз 
Қазақстанға қоныс аударған, қытайша жақсы білетін қазақ 
жазушыларының шынайы деректердің бетін ашқанын айтады. 
Яғни автор өзінің есінде қалған иə көзі көрген мəліметтерді 
салыстырып, жаңадан белгілі болғандарын жариялап, дəйектеп 
отырады. Мəселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет